2017 жылғы 1 желтоқсандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 380 Жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған 2017 жылғы 1 желтоқсандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың (бұдан әрі - Хаттама) жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы Смайылов Хаттамаға Қазақстан Республикасының атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 19 қазандағы
№ 380 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба

2017 жылғы 1 желтоқсандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер

      2017 жылғы 1 желтоқсандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 3 және 11-баптарын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге қосымшаның мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

"ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСТІК ЖАРНАЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРЛЕРІ

      Үндістан Республикасы - 5,9%

      Иран Ислам Республикасы - 5,8%

      Қазақстан Республикасы - 16,4%

      Қытай Халық Республикасы - 19,1%

      Қырғыз Республикасы - 8,2%

      Пәкістан Ислам Республикасы - 5,9%

      Ресей Федерациясы - 19,1%

      Тәжікстан Республикасы - 6%

      Өзбекстан Республикасы - 13,6%".

2-бап

      Осы Хаттама 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы олардың төртінші жазбаша хабарламасын депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.

      Мемлекетішілік рәсімдерді кейінірек орындаған мемлекеттер үшін осы Хаттама мұндай рәсімдердің орындалғаны туралы хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.

3-бап

      Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы осы Хаттаманың депозитарийі болып табылады, ол Тараптарға оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      2023 жылғы_____ _________ Бішкек қаласында орыс және қытай тілдерінде бір данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

      Үндістан Республикасы үшін
Иран Ислам Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы үшін
Қытай Халық Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін
Пәкістан Ислам Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін
Тәжікстан Республикасы үшін
Өзбекстан Республикасы үшін

О подписании Протокола о внесении изменения в Соглашение о порядке формирования и исполнения бюджета Шанхайской организации сотрудничества от 1 декабря 2017 года

Указ Президента Республики Казахстан от 19 октября 2023 года № 380

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 8 Закона Республики Казахстан "О международных договорах Республики Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Одобрить прилагаемый проект Протокола о внесении изменения в Соглашение о порядке формирования и исполнения бюджета Шанхайской организации сотрудничества от 1 декабря 2017 года (далее - Протокол).

      2. Премьер-Министру Республики Казахстан Смаилову Алихану Асхановичу подписать от имени Республики Казахстан Протокол, разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев

  ОДОБРЕН
Указом Президента
Республики Казахстан
от 19 октября 2023 года № 380
  Проект

ПРОТОКОЛ
о внесении изменения в Соглашение о порядке формирования и исполнения бюджета Шанхайской организации сотрудничества от 1 декабря 2017 года

      Государства - члены Шанхайской организации сотрудничества, далее именуемые Сторонами,

      руководствуясь статьями 3 и 11 Соглашения о порядке формирования и исполнения бюджета Шанхайской организации сотрудничества от 1 декабря 2017 года (далее - Соглашение),

      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Текст приложения к Соглашению изложить в следующей редакции:

"РАЗМЕРЫ
ДОЛЕВЫХ ВЗНОСОВ ГОСУДАРСТВ-ЧЛЕНОВ ШАНХАЙСКОЙ ОРГАНИЗАЦИИ СОТРУДНИЧЕСТВА

      Республика Индия - 5,9%

      Исламская Республика Иран - 5,8%

      Республика Казахстан - 16,4%

      Китайская Народная Республика - 19,1%

      Кыргызская Республика - 8,2%

      Исламская Республика Пакистан - 5,9%

      Российская Федерация -19,1%

      Республика Таджикистан - 6%

      Республика Узбекистан - 13,6%".

Статья 2

      Настоящий Протокол временно применяется с 1 января 2024 года и вступает в силу с даты получения депозитарием четвертого письменного уведомления Сторон о выполнении ими внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.

      Для государств, выполнивших внутригосударственные процедуры позднее, настоящий Протокол вступает в силу с даты получения депозитарием уведомления о выполнении таких процедур.

Статья 3

      Депозитарием настоящего Протокола является Секретариат Шанхайской организации сотрудничества, который направит Сторонам его заверенную копию.

      Совершено в городе Бишкеке _________ ________ 2023 года в одном экземпляре на русском и китайском языках, причем оба текста имеют одинаковую силу.

      За Республику Индия
      За Исламскую Республику Иран
      За Республику Казахстан
      За Китайскую Народную Республику
      За Кыргызскую Республику
      За Исламскую Республику Пакистан
      За Российскую Федерацию
      За Республику Таджикистан
      За Республику Узбекистан