Қазақстан Республикасының 2023-2024 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымында (бұдан әрі - ШЫҰ) төрағалық етуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасының 2023 - 2024 жылдары ШЫҰ-да төрағалық етуін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін;
2) 2024 жылы ШЫҰ саммитін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне екі ай мерзімде бекітуге енгізсін.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |