Қазақстан Республикасының 2023 - 2024 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымында төрағалық етуінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 394 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасының 2023-2024 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымында (бұдан әрі - ШЫҰ) төрағалық етуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстан Республикасының 2023 - 2024 жылдары ШЫҰ-да төрағалық етуін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін;

      2) 2024 жылы ШЫҰ саммитін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне екі ай мерзімде бекітуге енгізсін.

      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады