Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 160 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикаcының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 637 Жарлығына ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 160 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
"Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасының Президенті, Кеңес төрағасы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Кеңес төрағасының орынбасары
Кеңес мүшелері:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі
"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (бұдан әрі - АХҚО)
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Директорлар кеңесінің төрағасы
АХҚО биржасы (Astana International Exchange) Директорлар кеңесінің төрағасы
Жули Монако (Julie Monaco) (келісім бойынша)
Абдулхамид Мохаммед Саид Алахмади (Abdulhamid Mohammed Saeed Alahmadi) (келісім бойынша)