Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 21 қарашадағы № 709 Жарлығы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық мемлекеттік органдардың басшылары осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 21 қарашадағы
№ 709 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІС ПЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 427 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік органдардың штат санының лимитін ұлғайту:

      Қазақстан Республикасының Президенті енгізетін төтенше жағдайға ден қою қажет болған;

      орталық мемлекеттік органдар немесе олардың ведомстволары құрылған;

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімшілік-аумақтық құрылыс өзгерген;

      Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша өзге жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бос штат бірліктерін мемлекеттік органдар арасында қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ штат санының лимиті 100 бірліктен аз мемлекеттік органдардың бос штат бірліктері мемлекеттік органдар арасында қайта бөлуге жатпайды.".

      2. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік саяси қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы түрде, кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары негізінде және (немесе) тапсырмаларын орындау мақсатындағы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзуы, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны (бұдан әрі – тәртіптік теріс қылық) үшін мемлекеттік саяси қызметшіге тәртіптік жаза қолданылады.".

      3. "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығында:

      мынадай мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, "Бірыңғай кадр жүйесі" ақпараттық жүйесінің базасында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың кадр процестерін автоматтандыруды қамтамасыз етсін.".

О внесении изменения и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 21 ноября 2024 года № 709

  Подлежит опубликованию
в Собрании актов Президента и
Правительства Республики Казахстан

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Утвердить прилагаемые изменение и дополнения, которые вносятся в некоторые указы Президента Республики Казахстан.

      2. Правительству Республики Казахстан, руководителям центральных государственных органов принять иные меры по реализации настоящего Указа.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 21 ноября 2024 года № 709

ИЗМЕНЕНИЕ И ДОПОЛНЕНИЯ,
которые вносятся в некоторые указы Президента Республики Казахстан

      1. В Указе Президента Республики Казахстан от 31 июля 2000 года № 427 "О мерах по улучшению работы государственного аппарата, борьбе с бюрократизмом и сокращению документооборота":

      пункт 1-1 дополнить частями второй и третьей следующего содержания:

      "Увеличение лимитов штатной численности производится путем перераспределения вакантных штатных единиц между государственными органами в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан, за исключением следующих случаев:

      необходимость реагирования на чрезвычайное положение, вводимое Президентом Республики Казахстан;

      создание центральных государственных органов или их ведомств;

      изменение административно-территориального устройства в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан";

      в иных случаях – по поручению Президента Республики Казахстан.

      Не подлежат перераспределению между государственными органами вакантные штатные единицы Администрации Президента Республики Казахстан, Аппарата Правительства Республики Казахстан, аппаратов палат Парламента Республики Казахстан, Судебной администрации Республики Казахстан, правоохранительных, специальных государственных органов, органов гражданской защиты, Министерства обороны Республики Казахстан, а также государственных органов, лимит штатной численности которых составляет менее 100 единиц.".

      2. В Указе Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 152 "О некоторых вопросах прохождения государственной службы":

      в Правилах наложения дисциплинарного взыскания на государственных служащих, утвержденных вышеназванным Указом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. За противоправное, виновное неисполнение или ненадлежащее исполнение политическим государственным служащим возложенных на него обязанностей, а также за неисполнение или ненадлежащее исполнение поручений Президента Республики Казахстан, руководства Администрации Президента Республики Казахстан на основе и (или) во исполнение поручений Президента Республики Казахстан, превышение должностных полномочий, нарушение служебной дисциплины и служебной этики, а равно несоблюдение установленных законами Республики Казахстан ограничений, связанных с пребыванием на государственной службе (далее – дисциплинарный проступок), на политического государственного служащего налагается дисциплинарное взыскание.".

      3. В Указе Президента Республики Казахстан от 13 апреля 2022 года № 872 "О мерах по дебюрократизации деятельности государственного аппарата":

      дополнить пунктом 10-1 следующего содержания:

      "10-1. Центральным и местным государственным органам совместно с уполномоченным органом по делам государственной службы до 31 декабря 2025 года обеспечить автоматизацию кадровых процессов организаций, финансируемых из государственного бюджета, на базе информационной системы "Единая кадровая система".".