ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №798 Жарлығына ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына 4-ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі, хатшы
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының басқарма президенті
Ақшолақов Серік Қуандықұлы | - медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі, "Ұлттық нейрохирургия орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Батырбеков Эрлан Ғаділетұлы | - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі, "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (келісім бойынша) |
Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы | - заң ғылымдарының докторы, профессор, "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы - ректоры (келісім бойынша) |
Оңғар Ақан | - тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |
Қамзабекұлы Дихан | - филология ғылымдарының докторы, "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша) |
Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы | - техника ғылымдарының докторы, "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы - ректоры (келісім бойынша) |
Сарбасов Дос Жұрмаханбетұлы | - философия докторы (PhD), "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы "National Laboratory Astana" жекеше мекемесінің бас директоры |
Сембаева Әлия Мұратқызы | - химия ғылымдарының докторы, "Ғылым қоры" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Сыдықов Ерлан Батташұлы | - тарих ғылымдарының докторы, "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы - ректоры (келісім бойынша) |
Сәбитов Жақсылық Мұратұлы | - философия докторы (PhD), Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Жошы Ұлысын зерделеу ғылыми институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры |