ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Көлік министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі және Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Комиссия қазақстандық тараптан алты өкілден және шетелдік тараптан алты өкілден тұрады.
Қазақстандық тараптан лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Әділет, Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік министрліктері бірінші басшыларының орынбасарлары, Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы (Комиссия хатшысы) Комиссияның мүшелері болып табылады.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Кеңестің пленарлық отырысы екі сессиядан тұрады:
1) ашық сессия бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткізіледі, оның барысында Кеңестің алдыңғы пленарлық отырысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы есеп, отырыстың негізгі тақырыбы талқыланады, салалық министр мен Кеңестің бірнеше мүшесінің сөйлеген сөздері, сондай-ақ Кеңестің жұмыс топтарының жыл бойы тұжырымдалған ұсынымдары туралы қорытынды баяндама тыңдалады;
2) пікірталас сессиясы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуынсыз өткізіледі және Кеңес мүшелерінің пікір алмасуы мен түсініктемелерін қоса алғанда, түрлі мәселелерді еркін талқылауды көздейді.".
3) Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |