1. Қазақстан Республикасының егемендiгiн қамтамасыз ету, азаматтарының конституциялық хұқтары мен бостандықтарын, сондай-ақ басқа да өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы жеке әскери құрама және Қарулы Күштердiң резервi болып табылады деп белгiленсiн. Республикалық ұлан Қазақстан Республикасының Президентiне бағынады, тiкелей басшылық жасау Республикалық ұланның Қолбасшысына жүктеледi.
3. Республикалық ұланды жасақтау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ерiктiлiк негiзiнде Қазақстан Республикасының азаматтарынан жүргiзiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы ереженi, оның құрылымы мен штаттары жөнiндегi ұсыныстарды 1992 жылғы 15 сәуiрге дейiн әзiрлеп, бекiтуге табыс етсiн;
қаржыландыруды, арнаулы және әскери техникамен, қару-жарақпен, байланыс құралдарымен және басқа мүлiкпен жабдықтауды қамтамасыз етсiн;
Республикалық ұланның жеке құрамына тұрғын үй беру және өзге де әлеуметтiк-тұрмыстық жағдай жасау тәртiбiн анықтайтын болсын.
Қазақстан Республикасының Президентi