1. Қазiргi Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң Аппаратын бөлу жолымен ол Қазақстан Республикасы Президентiнiң Аппараты және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасы болып қайта құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi, Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының басшысына екi апталық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Аппараты мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Iс басқармасының құрылымы мен штатын бекiтуге табыс етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетi Аппаратының жұмыстан босатылатын қызметкерлерiне еңбек заңдарына сәйкес кепiлдiктер берiледi және өтем жасалады деп белгiленсiн. 4. Осы Жарлық Заң күшiне ие және қазiргi заңдарға тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн қолданылады. 5. Осы Жарлық қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Алматы. 1994 жылғы 13 сәуiр N 1656