Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратын қайта құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 13 сәуiр 1994 ж. N 1656

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Z933600_ сәйкес және Қазақстан Республикасының Президентi мен Республика үкiметiнiң конституциялық өкiлеттiгiн неғұрлым толық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының функциясын ажырату мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазiргi Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң Аппаратын бөлу жолымен ол Қазақстан Республикасы Президентiнiң Аппараты және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасы болып қайта құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi, Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының басшысына екi апталық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Аппараты мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Iс басқармасының құрылымы мен штатын бекiтуге табыс етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан

Республикасы Министрлер Кабинетi Аппаратының жұмыстан босатылатын
қызметкерлерiне еңбек заңдарына сәйкес кепiлдiктер берiледi
және өтем жасалады деп белгiленсiн.
     4. Осы Жарлық Заң күшiне ие және қазiргi заңдарға тиiстi
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн қолданылады.
     5. Осы Жарлық қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi.
            Қазақстан Республикасының
                 Президентi
            Алматы. 1994 жылғы 13 сәуiр
                   N 1656
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады