1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты, Жоғары төрелiк соты төрағаларының лауазымдық жалақысы Қазақстан Республикасы Премьер-министрi орынбасарының лауазымдық жалақысы деңгейiнде белгiленсiн.
Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот, Жоғары төрелiк сот, төменгi және әскери соттар судьяларының лауазымдық жалақысы проценттiк қатынаста тиiсiнше Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты және Жоғарғы төрелiк соты төрағаларының лауазымдық жалақысына қосымшаға сәйкес белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасы соттарының судьяларына жыл сайын демалыс орнына бару және қайту жолының құны төленiп ұзақтығы 30 күнтiзбелiк күн ақылы демалыс берiледi.
3. Республиканың бiр аймағынан қызмет бабымен басқа аймағына ауыстырылған судьялар мен олардың отбасы мүшелерiне қоныс аудару жөнiндегi шығыны жұмсалған шығын көлемiнде толығымен төленедi;
судьялар қызмет куәлiгiн көрсеткен соң таксиден басқа қоғамдық көлiктiң барлық түрiнде - қалалық және жергiлiктi қатынас көлiктерiнде тегiн жүруге құқығы бар;
қызмет бабымен iссапарға жiберiлгенде олар жол жүру билеттерiн кезектен тыс сатып алуға және қонақ үйлерде орналасуға құқығы бар.
4. Судья тағайындалған соң 6 айдан кешiктiрмей немесе оның тұрғын үй жағдайын жақсарту қажет болған ретте атқарушы мемлекеттiк өкiмет органдары оған кезектен тыс тәртiп бойынша жайлы тұрғын үй-жай беруге мiндеттi.
Судьялық лауазымда 10 жыл жұмыс iстегеннен кейiн тұрғын алаң судьяның меншiгiне өтемсiз берiледi.
Судьяның келiсуiмен тұрғын алаң орнына оған тұрғын үй сатып алуына немесе салуына арналып процентсiз несие берiледi, егер әлгi адам кемiнде 10 күнтiзбелiк жыл судья болып жұмыс атқарған жағдайда, бұл несие республикалық бюджеттiң қаржысы есебiнен өтеледi.
5. Судьялардың өмiрi мен денсаулығы республикалық бюджет қаржысы есебiнен мiндеттi мемлекеттiк сақтандыруға жатады.
Мемлекеттiк сақтандыру органдары:
а) судья қызмет iстеп жүргенде немесе ол қызметiнен босағаннан кейiн қаза тапса (қайтыс болса), мұның өзi судьяның қызметтiк мiндетiн немесе қоғамдық парызын орындауға байланысты болса, қайтыс болған кiсiнiң мұрагерлерiне бес жылдық лауазымдық жалақыға тең мөлшерде:
ә) қызметтiк мiндетiн немесе қоғамдық парызын өтеуге байланысты судьяға бұдан былай оның кәсiби қызметпен шұғылдануына мүмкiндiк бермейтiндей зақым немесе зиян келтiрiлген жағдайда судьяға үш жылдық лауазымдық жалақыға тең мөлшерде сақтандыру сомасын төлейдi.
Судьяның қызметтiк мiндетiн немесе қоғамдық парызын өтеуге байланысты оның мүлкiне келтiрiлген залал республикалық бюджет қаржысы есебiнен толық көлемде өтеледi.
Егер зақымдануы немесе денсаулығына келтiрiлген басқа да зиянның салдарынан судья кәсiби қызметпен айналысу мүмкiндiгiнен айырылатын болса, оған халықты әлеуметтiк қорғау органдары ай сайын оның айлықақысы мен мемлекеттiк сақтандыру бойынша алынған төлемдердi есептемей тағайындалған зейнетақының арасындағы айырмаға тең мөлшерде өтемақы төлейдi.
6. Әрбiр судьяның жасына қарамай өз қалауы бойына орнынан түсуге құқығы бар немесе оның судьялық мiндетiн атқаруға бөгет боларлықтай денсаулық жайына байланысты орнынан түсiрiлуi мүмкiн.
Ол өзi жөнiндегi айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуiне байланысты немесе бұдан былай өзiнiң мiндеттерiн орындауына кедергi болатын терiс қылық жасаған жағдайда қызметтен босатылуы мүмкiн.
Судьялық лауазымда кемiнде 20 жыл жұмыс iстеп орнынан түскен судьяға соңғы судьялық қызметтегi айлық ақшалай үлесiнiң 70 процентi мөлшерiнде зейнетақы төленедi.
Судьялық лауазымда 10 жылдан 20 жылға дейiн жұмыс iстеп орнынан түскен судьяға 60 процент мөлшерiнде зейнетақы төленедi.
Судья айыптау үкiмi заңды күшiне енуiне немесе бұдан былай өзiнiң мiндеттерiн орындауына кедергi келтiретiн терiс қылық жасауына байланысты босатылған жағдайда зейнетақы жалпы негiздерде төленедi.
7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы Жарлықтың
ережелерiн жүзеге асыру жөнiнде бiр ай мерзiм iшiнде шаралар қолданатын болсын. 8. Осы Жарлық Заң күшiне ие және Қазақстан Республикасы сот органдары судьяларының қызметiн реттейтiн заңдарға тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар қабылданғанға дейiн қолданылады. 9. Жарлық жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 18 сәуiр N 1670 Жарлығына Қосымша Қазақстан Республикасының соттары судьяларының лауазымдық жалақыларының Мөлшерi -------------------------------------------------------------------- Судьялардың лауазымдық атауы ! Конституциялық Сот, ! Жоғарғы Сот, Жоғары төре ! лiк сот төрағаларының ! лауазымдық жалақысына ! процент есебiмен алғанда ! ғы лауазымдық жалақы ! мөлшерi -------------------------------------------------------------------- Жоғарғы Сот, Жоғары төрелiк сот Төрағасының бiрiншi орынбасары; Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары 95 Жоғары Сот, Жоғары төрелiк сот төрағасының орынбасары, Жоғарғы Сот Әскери алқасының төрағасы 90 Конституциялық Сот хатшысы, Пленум хатшысы 87 Сот мүшесi 85 Облыстық, Алматы қалалық соттарының және Қазақстан Республикасының аумағындағы әскерлердiң Әскери сотының төрағасы 85 Облыстық, Алматы қалалық соттары мен әскерлердiң Әскери соты төрағасының орынбасары 80 Облыстық, Алматы қалалық соттары мен әскерлердiң Әскери сотының мүшесi 75 Ленинск қалалық сотының төрағасы 80 Ленинск қалалық сотының мүшесi 75 Аудандық (қалалық) және гарнизондардың әскери соттарының судьялары: Төраға 70-75 Төраға орынбасары 65-70 Судьялар 60-65 Әкiмшiлiк және атқару iсi жөнiндегi судья 55