Қазақстан Республикасының Корей Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатуына байланысты қаулы етемiн: 1. Сеул қаласында Қазақстан Республикасының елшiлiгi ашылсын. 2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан Республикасының Корей Республикасындағы Елшiлiгiнiң штат кестесi мен шығыс сметасын анықтайтын болсын. Қазақстан Республикасының Президентi