II. Қазақ ССР Қылмыстық кодексiне тұрақты сомаларда көзделген айыппұлдарды қайта есептеудiң мынадай тәртiбi бекiтiлсiн:
егер айыппұлдың жоғарғы шегi:
екi жүз сомнан аспаса, ол он айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн;
үш жүз сомнан аспаса, ол он айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн;
төрт жүз сомнан аспаса, ол он үш айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн;
бес жүз сомнан аспаса, ол он төрт айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн;
сегiз жүз сомнан аспаса, ол он бес айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн;
бiр мың сомнан аспаса, ол он алты айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн;
екi мың сомнан аспаса, ол он жетi айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн;
үш мың сомнан аспаса, ол он сегiз айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн;
бес мың сомнан аспаса, ол жиырма бес айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн;
он мың сомнан аспаса ол отыз айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн;
он бес мың сомнан аспаса, ол қырық айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн;
жиырма мың сомнан аспаса, ол қырық бес айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн;
жиырма бес мың сомнан аспаса, ол елу айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне тең деп есептелсiн.
ЕСКЕРТУ. II-бөлiмдегi сөздер ескертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.06.13. N 124 заңымен. Z970124_
III. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi