1. 1994 жылғы 21 қазанда Мәскеуде қол қойылған Әзiрбайжан
Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдава Республикасы, Ресей Федерациясы, Түркменстан, Украина Мемлекеттерiнiң Басшылары жасасқан Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық Комитетiн құру туралы келiсiм бекiтiлсiн. 2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi