Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасының арасындағы Достық пен ынтымақтастық туралы шартты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1995 жылғы 19 маусым N 2343

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасының арасындағы 1994 жылғы 17 қазанда Анкарада қол қойылған Достық пен Ынтымақтастық туралы шарт бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
 
        Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы мен
Түркия Республикасы арасындағы
достық пен ынтымақтастық туралы ШАРТ

(1998 жылғы 30 қарашада күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi қарай "Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы
      олардың халықтары тарихының мәдениетiнiң және тiлiнiң ортақтастығына сүйенген жан-жақты қатынастар мен ынтымақтастықты тереңдетудi қанағаттанушылықпен атап өте отырып,
      Қазақ КСР-i мен Түркия Республикасы арасындағы 1991 жылғы 15-наурыздағы Достық пен ынтымақтастық туралы келiсім ережелерiне сүйене отырып,
      екi халықтың достық пен ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға деген өзара саяси ерiктерiн мақұлдай отырып,
      достық қатынастар мен ынтымақтастықты нығайту аймақтағы ғана емес, сондай-ақ бүкiл дүние жүзiндегi тұрақтылыққа, бейбiтшiлiкке және қауiпсіздiкке жәрдемдесетiнiн атай отырып,
      өздерiнiң халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ жарғысының мақсаттары мен ұстанымдарына адалдығын мақұлдай, Хельсинки Қорытынды актiсi мен Европадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi басқа да құжаттар шеңберiнде қабылданған мiндеттемелерiн орындай отырып,
      жалпыға бiрдей бейбiтшiлiктi, қауiпсiздiктi нығайту мен сақтау, барлық туындаған мәселелердi бейбiт жолмен шешу ұстанымдарына негiзделген ынтымақтастыққа ұмтыла отырып,
      төмендегiлер жөнiнде уағдаласты:

1-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өзара қарым-қатынастарын тәуелсiздiк, егемендiлiк, аумақтық тұтастық, бiрi бiрiнiң ішкi iстерiне қол сұқпаушылық, теңдiк, өзара сыйласу және өзара тиiмдiлiк ұстанымдарының негiзiнде дамытады.

2-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар саясат, дипломатия, экономика, сауда, бiлiм, мәдениет және ғылым, көлiк, байланыс және коммуникация, ауыл шаруашылығы, энергетика, денсаулық сақтау, экология, туризм, спорт және басқа да салаларындағы екi жақты ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге келiстi.

3-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар экономика және сауда саласындағы ынтымақтастықты елдер арасындағы қарым-қатынастың маңызды буыны деп санайды, ынтымақтастықты екi елдiң потенциалына сәйкес келетiн қазiргiден де жоғары деңгейге көтеру қажет деп есептейдi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өнеркәсiп, көлiк, байланыс және коммуникация, ауыл шаруашылығы, энергетика саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен инвестициялар мен басқа да жобаларды дамытатын және жүзеге асыратын, өзара инвестициялар мен ынтымақтастықтың басқа да нысандарын жан-жақты қолдауға, қорғауға және сауда көлемiн ұлғайтуға күш салады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екi ел арасындағы товарлардың, қызмет көрсету мен капиталдың кең және тиiмдi айналымын жеңiлдету үшiн қажеттi құқықтық, экономикалық, қаржылық және сауда жағдайларын жасайтын болады.

4-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар экономика, сауда, өнеркәсiп, банк iсi және басқа да салаларда ақпарат пен тәжiрибе алмасуға жәрдемдесетiн, екi елдiң осы салалардағы потенциалы мен мүмкiншiлiктерiнiң барынша танытылуы үшін әр деңгейдегi байланыстардың дамуын және мамандардың алмасуын қолдайтын болады.

5-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар олардың халықтарының тарихи, мәдени және тiл ортақтастығын ескере отырып, бiлiм беру және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға айрықша маңыз бередi.

6-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бiлiм беру саласында бiр-бiрiнде мектептер ашуды, бiрлескен университеттер мен басқа да бiлiм беру мекемелерiнiң құрылуын, бiлiм беру мекемелерi арасындағы оқу бағдарламалары, ақпарат және тәжiрибе алмасуды маңызды iс деп таниды және тиiстi шараларды қабылдайды.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы салада бiлiм министрлiктерi, университеттер мен басқа да тиiстi ұйымдар арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ең алдымен оқушылардың сондай-ақ бiлiм беру мекемелерiнiң оқытушы-профессорлар, әкiмшiлiк құрамы өкiлдерiнiң және стажерлардың алмасуын дамытады.

7-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ортақ маңыздылығын, әдебиеттi және өнердi дамыту мен таратудың маңыздылығын мақұлдайды, бұдан әрi қарай да мәдениет министрлiктерi мен басқа да тиiстi мекемелер арасындағы ынтымақтастыққа бағытталған қызметке қолдау көрсететiн болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өнер мен мәдениет саласындағы тiкелей ынтымақтастыққа жәрдемдеседi және екi елдiң мәдениет орталықтарын ашу мәселесі жөнiнде бiр-бiрiне қажеттi көмек көрсететiн болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ортақ тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтау, қайта қалпына келтiру және көрсету iстерiндегi ынтымақтастықты бұдан әрi қарай нығайтып дамытатын болады.

8-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар халықтар арасындағы қарым-қатынастарды бұдан әрi карай да дамыту және тереңдету үшiн ресми және жеке ұйымдар мен мекемелер, университеттер, жергiлiктi басқару органдары, бұқаралық ақпарат құралдары, әдебиет және өнер ұйымдары арасындағы байланыстарды дамытатын, қалаларды бауырластыру жолымен аймақтар мен қалалар арасындағы тiкелей байланыстарды көтермелеп отыратын, сондай-ақ тұрақты түрде кездесулер өткiзуге жәрдемдесетiн болады.

9-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар парламентаралық байланыстар мен ынтымақтастыққа жәрдемдеседi.

10-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар әскери бiлiм, ғылым мен техника салаларындағы ынтымақтастықты дамытады.

11-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар туризм, жастар мен спорт ұйымдары, ақпарат пен тәжiрибе алмасу, жастар мен спорттық ұйымдардың мамандары және өкiлдерiмен алмасу салаларындағы қарым-қатынастар мен байланыстарға қатысты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды.

12-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар құқықтық және консулдық қатынастар саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.

13-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар көлiк, байланыс пен коммуникация салаларындағы байланыстар мен ынтымақтастықтың дамуына ерекше маңыз бере отырып, осы орайда көлiк коммуникациясы мен қызметiн жақсарту және нығайту бойынша жұмыс атқарады, баспасөз, радио мен телекөрiнiс хабарларын тарату саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, әр түрлi ақпарат, мәлiмет және хабар алмасу мен таратуына жәрдемдеседi, сондай-ақ коммуникация және байланыс жүйелерiн, жер серiгі жүйелерiн қоса отырып, дамыту бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады.

14-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ғылым мен технологиялар саласында ынтымақтастықты жүзеге асыра отырып, ғылыми зерттеу мекемелерi арасында тiкелей байланыстардың орнатылуына, озық технологиялар саласындағы бiрлескен бағдарламалар мен зерттеулердiң жүргiзiлуiне мүмкiндiк туғызады.

15-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар энергетикалық қорларды дамытуда, өндiруде және тасымалдауда ынтымақтасатын болады.

16-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтасады.

17-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар, олардың арасындағы ынтымақтастық пен байланыстарды әрi қарай дамыту мен нығайту мақсатында, екi жақты ынтымақтастық, аймақтық және халықаралық мәселелер жөнiнде үнемi консультациялар өткiзiп тұратын болады.

18-бап

      Осы Шарт бойынша жүргізiлген ынтымақтастық пен достық байланыстар басқа бiр мемлекетке қарсы бағытталмаған және Мәртебелi Уағдаласушы тараптардың басқа мемлекеттермен қол қойған екi жақты және көп жақты шарттардан туындайтын мiндеттемелерiне қайшы келмейдi.

19-бап

      Осы Шарт күшiне енген сәттен бастап, 1991 жылғы 15 наурыздағы қол қойылған Қазақ КСР мен Түркия Республикасы арасындағы Достық пен ынтымақтастық туралы келiсiм өз күшiн жоғалтады.

20-бап

      Осы Шартқа Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың өзара келiсiмдерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

21-бап

      Осы Шарт бекiтiлуге жатады және бекiтiлген қағаздар алмасқан күннен бастап күшiне енедi.
      1994 жылғы 17 қазанда Анкарада екi дана болып, әрқайсысы қазақ және түрiк тiлдерiнде жасалынды, сондай-ақ екi текстiң де күштерi бiрдей.

      Қазақстан Республикасы         Түркия Республикасы
           үшін                           үшін

О ратификации Договора о дружбе и сотрудничестве между Республикой Казахстан и Турецкой Республикой

Указ Президента Республики Казахстан от 19 июня 1995 г. N 2343

      В соответствии со статьей 2 Закона Республики Казахстан от 10 декабря 1993 года "О временном делегировании Президенту Республики Казахстан и главам местных администраций дополнительных полномочий" постановляю:
      1. Договор о дружбе и сотрудничестве между Республикой Казахстан и Турецкой Республикой, подписанный в Анкаре 17 октября 1994 года, ратифицировать.
      2. Настоящий Указ вступает в силу со дня опубликования.
        Президент
   Республики Казахстан