1. Қазақстан Республикасының Президентi бiрiншi сайланған Республика Парламентiнiң алғашқы сессиясының жұмысы басталғанға дейiн:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Бас Прокуроры, Ұлттық Банкiнiң Төрағасы және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы қызметiне тағайындау;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын, Жоғарғы Соты алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
Республиканың Конституциялық Сотының Төрағасы мен судьяларын, Республиканың Жоғары Төрелiк Сотының Төрағасы мен судьяларын қызметтен босату;
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасын, Төрағаның орынбасарын, хатшысы мен мүшелерiн қызметке тағайындау және қызметтен босату; Қазақстан Республикасының бас Прокуроры мен соттарының судьяларын ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан айыру; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын бекiту және олардың күшiн жою жөнiндегi өкiлеттiктi жүзеге асырады деп белгiленсiн. 2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi