1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының қызметiн қамтамасыз ету және Республика қабылдаған халықаралық шарттық мiндеттемелердi орындау жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 6 қыркүйектегі N 2453

      Конституцияда көзделген мемлекеттiк органдардың тиiсiнше жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және Республика қабылдаған халықаралық шарттық мiндеттемелердi орындау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi бiрiншi сайланған Республика Парламентiнiң алғашқы сессиясының жұмысы басталғанға дейiн:
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Бас Прокуроры, Ұлттық Банкiнiң Төрағасы және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы қызметiне тағайындау;
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын, Жоғарғы Соты алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
      Республиканың Конституциялық Сотының Төрағасы мен судьяларын, Республиканың Жоғары Төрелiк Сотының Төрағасы мен судьяларын қызметтен босату;
      Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының

Төрағасын, Төрағаның орынбасарын, хатшысы мен мүшелерiн қызметке
тағайындау және қызметтен босату;
     Қазақстан Республикасының бас Прокуроры мен соттарының
судьяларын ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан айыру;
     Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын бекiту және
олардың күшiн жою жөнiндегi өкiлеттiктi жүзеге асырады деп
белгiленсiн.
     2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
           Президентi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады