Қызылорда облысы жұртшылығының тiлектерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк ономастикалық комиссияның қорытындысы негiзiнде қаулы етемiн: 1. Қызылорда облысындағы Ленинск қаласының аты Байқоңыр қаласы болып өзгертiлсiн. 2. Былай деп белгiленсiн: Осы Жарлықтың қабылдануы Ленинск қаласы жөнiнде Ресей Федерациясымен жасалған шарттар мен келiсiмдердiң ережелерiн өзгертпейдi. Қазақстан Республикасының Президентi