Қазақстан Республикасы мемлекеттiк наградалары белгiлерiнiң сипаттамасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 23 қаңтар N 2794. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1999.11.08. N 261 жарлығымен. ~U990261

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заң күшi бар N 2676 Z952676_ Жарлығының күшiне енуiне байланысты қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк наградалары белгiлерiнiң

Сипаттамасы бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк наградаларды
қажеттi мөлшерде жасап шығаруға арнап қаражат бөлсiн.
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 


                               Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                                 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 2794
                                      Жарлығымен бекiтiлген 

               Қазақстан Республикасы мемлекеттiк наградалары
                         белгiлерiнiң сипаттамасы


          Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi - айрықша үлгiдегi
                        "Алтын Қыран" орденi



      Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi - "Алтын Қыран" орденi ақ, қызғылт және сары түстi 585-шi және 750-шi сынамалы алтын қорытпаларынан жасалған алқа iспеттi, ол орден тағанымен байланыстырушы буын арқылы бекiтiлген, сыртқы бетiнде күрделi құлыпты түйреуiш тәрiздi бекiткiшi бар.
      Орден тұйықталған жұлдыз нысанында жасалған (585-шi сынамалы алтынның бетiнде қызғылт түстi эмаль қолданылған), одан желпуiш тәрiздi жапырақшалар тарайды (ақ түстi 585-шi сынамалы алтын қорытпаларынан жасалған), олардың орталық бөлiктерiнде (қызғылт түстi 585-шi сынамалы алтын жапсырмаларынан) жалпы саны 20 дана болатын 4 бриллианттан бекiтiлген, Орденнiң ортасында ақ алтын түйiршiктерiмен жиектелген шеңбер iшiнде, арайлана көтерiлiп келе жақтан күннiң аясында қанаттары желпуiш тәрiздi сары түстi алтын қыран (750-шi сынамалы алтын қорытпасы) бедерi бейнеленген (тұсы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы түстес ыстық эмальмен қапталған). Қыранның төменгi жағында шеңбер бойында "Алтын Қыран" деген жазу бар (тұсы жасыл түстi ыстық эмальмен қапталған). Қыранның үстiңгi жағына 3 лағыл тас орнатылған.
      Тағанның бетiнде бекiткiш пластина арқылы (қызғылт түстi 585-шi сынамалы алтын қорытпасы) қызыл түстi қатқыл жiбек лента, орта тұсында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы түстес лента тартылған.

               Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi -
                       "Алтын Қыран" орденi

      Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi - "Алтын Қыран" орденi ақ, қызғылт және сары түстi 585-шi және 750-шi сынамалы алтын қорытпаларынан жасалған алқа iспеттi, ол орден тағанымен байланыстырушы буын арқылы бекiтiлген, сыртқы бетiнде күрделi құлыпты түйреуiш тәрiздi бекiткiшi бар.
      Орден тұйықталған жұлдыз нысанында жасалған (585-шi сынамалы алтынның бетiне көгiлдiр түстi эмаль қолданылған), одан желпуiш тәрiздi жапырақшалар тарайды (ақ түстi 585-шi сынамалы алтын қорытпаларынан жасалған), олардың орталық бөлiктерiнде (қызғылт түстi 585-шi сынамалы алтын жапсырмаларынан) жалпы саны 20 дана болатын 4 бриллианттан бекiтiлген. Орденнiң ортасында ақ алтын түйiршiктерiмен жиектелген шеңбер iшiнде қанатын жайған сары түстi алтын қыран (750-шi сынамалы алтын қорытпасы) бейнеленген (тұсы көк түстi эмальмен қапталған). Қыранның төменгi жағында шеңбер бойында "Алтын Қыран" деген жазу бар (тұсы қызғылт түстi ыстық эмальмен қапталған). Қыранның үстiңгi жағына 3 лағыл тас орнатылған.
      Тағанның бетiне бекiткiш пластина арқылы (қызғылт түстi 585-шi сынамалы алтын қорытпасы) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы түстес қатқыл жiбек лента, орта тұсында қызғылт түстi лента тартылған.

                           "Айбын" орденi

      "Айбын" орден күмiстен жасалады, нысаны - шеңбер негiзiндегi сегiз бұрышты жұлдыз пiшiндес, жұлдыздың қарама-қарсы ұштарының ара қашықтығы - 45 мм.
      Орденнiң ортасында қару-жарақ нышандары бар қалқан орналасқан. Төменгi бөлiгiндегi күреңқызыл тұсқа "Айбын" деп орденнiң аты жазылған.
      Орденнiң екi дәрежесi бар: бiрiншi дәрежесiнiң жалпы тұсына қаракөк түстi ыстық эмаль жалатылып, алтынмен апталады, ал екiншiсi - бет жағынан өңi қарайтылған күмiстен және жалпы тұсы көгiлдiр түстi ыстық эмальдан жасалған.
      "Айбын" орденi құлақша мен шығыршық арқылы жезден жасалған бесбұрыш нысанындағы тағанмен ұштасады. Жоғарғы және төменгi жақтарында жиектерi бар тағанның биiктiгi - 36,5 мм. енi - 38 мм. Таған сары жолақтары бар қызғылт түстi қатқыл жiбек лентамен қапталған.

                            "Достық" орденi

      "Достық" орденi - шашыраңқы үшбұрышты сәулелер түрiндегi көп сатылы шеңбер тәрiздес. Орденнiң ортасында жер шары орналасқан, оның бетiнде ыстық эмаль жалатылған күңгiрт-жасыл тұста айшықты ақ шаңқан өмiр гүлiн аялап тұрған екi ашық алақан бейнеленген. Шардың төменгi бөлiгiндегi қызылкүрең тұсқа "Достық" деп орденнiң аты жазылған.
      Орден күмiстен жасалады, алтынмен апталады, орденнiң диаметрi - 48 мм.
      "Достық" орденi құлақша мен шығыршық арқылы жезден жасалған бесбұрыш нысанындағы тағанмен ұштасады. Жоғарғы және төменгi жақтарында жиектерi бар тағанның биiктiгi - 36,5 мм, енi - 38 мм. Таған қатқыл жiбек лентамен қапталған. Лентаның ортасында ұзына бойлай жiңiшке сары жолақ көктеп өтетiн қызыл жолақ орналасқан. Қызыл жолақтың сол жағында көк, ал оң жағында - жасыл жолақ бар.

                 "Жауынгерлiк ерлiгi үшiн" медалi

      "Жауынгерлiк ерлiгi үшiн" медалi - диаметрi 34 мм болатын шеңбер пiшiндес.
      Шеңбердiң ортасына сегiз бұрышты жұлдыз орналасқан, жұлдыздың iшкi бөлiгiнде қалқан, онда қару-жарақ нышандары бейнеленген. Медальдiң аты шеңбердi бойлай жазылған, әрiптерiнiң мөлшерi - 3,5х3мм.
      Жұлдыздың сәулелерi, қалқан мен қару-жарақ нышандары жалпы шеңберден 1,5 мм жоғары орналасқан.
      Медаль жезден жасалады. "Жауынгерлiк ерлiгi үшiн" медалi құлақша мен шығыршық арқылы жезден жасалған бесбұрыш нысанындағы тағанмен ұштасады. Жоғарғы және төменгi жақтарында жиектерi бар тағанның биiктiгi - 30,5 мм, енi - 34 мм. Таған қызыл түстi қатқыл жiбек лентамен қапталған, ортасында жасыл түстi жолақ орналасқан.

Об утверждении Описания знаков государственных наград Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 23 января 1996 г. N 2794. Утратил силу - Указом Президента РК от 8 ноября 1999 г. N 261 ~U990261.

      В связи со вступлением в силу Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 12 декабря 1995 года N 2676 "О государственных наградах Республики Казахстан" постановляю:
      1. Утвердить Описание знаков государственных наград Республики Казахстан (прилагается).
      2. Правительству Республики Казахстан выделить ассигнования для изготовления государственных наград в необходимом количестве.
      3. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.
     Президент
Республики Казахстан


                                           Утверждено

Указом Президента Республики Казахстан от 23 января 1996 г. N 2794


                                Описание
            знаков государственных наград Республики Казахстан

                        Знак высшей степени отличия
                    орден "Алтын Кыран" особого образца

      Знак высшей степени отличия орден "Алтын Кыран" представляет собой подвес, выполненный из сплавов золота 585 и 750 пробы белого, красного и желтого цветов, скрепленный соединительным звеном с орденской колодкой, на оборотной стороне которой имеется крепление в виде булавки со сложным замком.
      Орден выполнен в форме усеченной звезды (использование эмали красного цвета на золоте 585 пробы) с расходящимися от нее веерообразными лепестками (выполнены из сплавов золота 585 пробы белого цвета), в центральных частях которых (из накладок золота 585 пробы красного цвета) закреплены по 4 бриллианта, общим количеством 20 штук. В центре ордена, в круге, обрамленном зернью из белого золота, изображен стилизованный золотой орел желтого цвета (сплав золота 750 пробы) с веерообразными крыльями на фоне восходящего солнца (фон покрыт горячей эмалью цвета Государственного флага Республики Казахстан). Внизу под орлом, по кругу надпись (фон покрыт горячей эмалью зеленого цвета) "Алтын Кыран". Над орлом три рубиновых камня.
      На колодке с помощью крепежной пластины (сплав золота 585 пробы красного цвета) натянута шелковая муаровая лента красного цвета, по центру - лента цвета Государственного флага Республики Казахстан.

                      Знак высшей степени отличия
                         орден "Алтын Кыран"

      Знак высшей степени отличия орден "Алтын Кыран" представляет собой подвес, выполненный из сплавов золота 585 и 750 пробы белого, красного и желтого цветов, скрепленный соединительным звеном с орденской колодкой, на оборотной стороне которой имеется крепление в виде булавки со сложным замком.
      Орден выполнен в форме усеченной звезды (использование эмали бирюзового цвета на золоте 585 пробы) с расходящимися от нее веерообразными лепестками (выполненные из сплавов золота 585 пробы белого цвета), в центральных частях которых (из накладок золота 585 пробы красного цвета) закреплены по 4 бриллианта, общим количеством 20 штук. В центре ордена, в круге, обрамленном зернью из белого золота, изображен золотой орел желтого цвета (сплав золота 750 пробы) с распростертыми крыльями (фон покрыт горячей эмалью синего цвета). Внизу, под орлом, по кругу надпись (фон покрыт горячей эмалью красного цвета) "Алтын Кыран". Над орлом три рубиновых камня.
      На колодке с помощью крепежной пластины (сплав золота 585 пробы красного цвета) натянута шелковая муаровая лента цвета Государственного флага Республики Казахстан, по центру - лента красного цвета.

                           Орден "Айбын"

      Орден "Айбын" изготовляется из серебра, форма - восьмиконечная звезда на основе круга, расстояние между противоположными вершинами звезд - 45 мм.
      В центре ордена расположен щит с символами оружия. В нижней части на вишневом фоне название ордена "Айбын".
      Орден имеет две степени: первая степень покрывается золотом с общим фоном из горячей эмали темно-синего цвета, а вторая - с лицевой стороны из тонированного серебра и общим фоном из горячей эмали бирюзового цвета.
      Орден "Айбын" при помощи ушка и кольца соединяется с колодкой пятиугольной формы из латуни. Высота колодки - 36,5 мм, ширина - 38 мм с рамкой в верхней и нижней частях. Колодка обтягивается муаровой лентой красного цвета с желтыми полосками.

                            Орден "Достык"

      Орден "Достык" представляет собой многоступенчатый круг в виде вытянутых треугольных лучей. В центре ордена расположен земной шар, на нем на тускло-зеленом фоне из горячей эмали две раскрытые ладони, поддерживающие стилизованный белый цветок жизни. В нижней части шара на вишневом фоне написано название ордена "Достык".
      Изготовляется орден из серебра, покрывается золотом, диаметр ордена - 48 мм.
      Орден "Достык" при помощи ушка и кольца соединяется с колодкой пятиугольной формы из латуни. Высота колодки - 36,5 мм, ширина 38 мм с рамкой в верхней и нижней частях. Колодка обтягивается муаровой лентой. Посередине ленты красная полоса с двумя узкими продольными желтыми полосами. Слева от красной полосы находится синяя, а справа - зеленая полоса.

                   Медаль "Жауынгерлик ерлеге ушин"

      Медаль "Жауынгерлик ерлеге ушин" имеет форму круга, диаметром 34 мм.
      В центре круга расположена восьмигранная звезда, внутри звезды изображен щит, на нем символы оружия. Название медали написано по кругу, размер букв - 3,5х3 мм.
      Лучи звезд, щит и символы оружия располагаются на 1,5 мм выше над общим кругом.
      Медаль изготавливается из латуни. Медаль "Жауынгерлик ерлеге ушин" при помощи ушка и кольца соединяется с колодкой пятиугольной формы из латуни. Высота колодки - 30,5 мм, ширина - 34 мм с рамкой в верхней и нижней частях. Колодка обтягивается муаровой лентой красного цвета, в центре расположена полоса зеленого цвета.

                             _______________