Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы 1996 жылғы 11 наурыз N 2895.

      Ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру, елдi әлеуметтiк-экономикалық қайта құрудағы оның ролiн және ғалымдарды мемлекеттiк қорғауды күшейту мақсатында қаулы етемiн:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының басшылығы мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясын, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы мен Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамында Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы етiп орталық атқарушы органға бiрiктiру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы:

      ғылым мен техника саласында мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыратын мемлекеттiк басқарудың бiртұтас органы болып табылады;

      мемлекеттiк тәуелсiз ғылыми сараптаманы жүргiзе отырып, конкурстық негiзде iргелi және қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулердiң нысаналы бағдарламаларын қаржыландыруды жүзеге асырады;

      оған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының осы Жарлық жарияланған сәттегi толық мүшелерiнiң көпшiлiгiнiң келiсiмiмен Республика Президентi тағайындайтын Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi басшылық етедi, ұсынылған кандидатура екi мәрте өтпей қалған жағдайда Қазақстан Республикасының Ғылым министрiн - Ғылым академиясының президентiн Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды, деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы алқасының үштен бiрi аталған Ғылым академияларының осы Жарлық жарияланған сәттегi толық мүшелерiнiң iшiнен жасақталады деп белгiленсiн.

      4.<*>

      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.
      5. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Президентінің 1997.05.26 N 3531 Жарлығымен.

      6. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мәртебесi және ғалымдарды мемлекеттiк қолдау шаралары туралы" 1994 жылғы 9 ақпандағы N 1556 және "Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясын ұйымдастыру туралы" 1990 жылғы 14 желтоқсандағы N 139 Жарлықтары.

      7. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      осы Жарлықтың күшiне енген сәтiнде сайланған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының толық мүшелерiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң ғұмыр бойғы стипендиясын белгiлесiн;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрылуының 50 жылдығын мерекелеу туралы шешiм қабылдасын;

      ғылыми жұртшылықтың пiкiрiн ескере отырып, бiлiмнiң түрлi салаларындағы жетекшi ғалымдар мен мамандардың iшiнен Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жанынан Жоғары ғылыми-техникалық кеңес құратын болсын;

      осы мақсаттарға бағытталатын бюджет қаражатының тиiмдi жұмсалуына мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ететiн iргелi зерттеулер бағдарламаларын қаржыландырудың тәртiбiн анықтасын;

      Қазақстан Республикасының Парламентiне "Қазақстан Республикасының ғылымы және мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясының жобасын енгiзсiн;

      ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарды, сондай-ақ дарынды жас ғалымдарды қолдау жөнiнде ұсыныстар табыс етсiн;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы туралы құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және азаматтық заңдарына сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясын қайта құру жөнiнде өзге де шараларды жүзеге асырсын.

      8. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Президентi



О мерах по совершенствованию системы государственного управления наукой в Республике Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 11 марта 1996 года N 2895.

      В целях совершенствования системы государственного управления наукой, усиления ее роли в социально-экономических преобразованиях страны и государственной поддержки ученых постановляю:

      1. Принять предложения руководства Национальной академии наук Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан об объединении Национальной академии наук, Казахской академии сельскохозяйственных наук и Министерства науки и новых технологий Республики Казахстан в центральный исполнительный орган в составе Правительства Республики Казахстан - Министерство науки - Академия наук Республики Казахстан.

      2. Установить, что Министерство науки - Академия наук Республики Казахстан:

      является единым органом государственного управления в сфере науки и техники, реализующим государственную научно-техническую политику;

      осуществляет финансирование целевых программ фундаментальных и прикладных научно-технических исследований на конкурсной основе с проведением государственной независимой научной экспертизы;

      возглавляется Министром науки - президентом Академии наук, назначенным с согласия большинства действительных на момент издания настоящего Указа членов Национальной академии наук и Казахской академии сельскохозяйственных наук Республики Казахстан Президентом Республики по представлению Премьер-Министра Республики Казахстан; при двукратном отклонении представленной кандидатуры Президент Республики Казахстан назначает Министра науки - президента Академии наук Республики Казахстан.

      3. Установить, что одна треть коллегии Министерства науки - Академии наук Республики Казахстан формируется из числа действительных на момент издания настоящего Указа членов названных академий наук.

      4. (Утратил силу Указом Президента РК от 9 января 2006 года N 1696 (вводится в действие со дня подписания).
      5. (Пункт 5 утратил силу - Указом Президента РК от 26 мая 1997 г. N 3531)

      6. Признать утратившими силу:

      Указы Президента Республики Казахстан от 9 февраля 1994 г. N 1556 "О статусе Национальной академии наук Республики Казахстан и мерах государственной поддержки ученых" и от 14 декабря 1990 г. N 139 "Об организации Казахской академии сельскохозяйственных наук".

      7. Правительству Республики Казахстан:

      установить пожизненные стипендии Президента Республики Казахстан действительным членам Национальной академии наук и Казахской академии сельскохозяйственных наук Республики Казахстан, избранным на момент вступления в силу настоящего Указа;

      принять решение о праздновании 50-летия со дня образования Национальной академии наук Республики Казахстан;

      образовать с учетом мнения научной общественности из числа ведущих ученых и специалистов различных отраслей знаний Высший научно-технический совет при Министерстве науки - Академии наук Республики Казахстан;

      определить порядок финансирования программ фундаментальных исследований, обеспечивающий государственный контроль за рациональным расходованием бюджетных средств, направляемых на эти цели;

      внести в Парламент Республики Казахстан проект новой редакции Закона Республики Казахстан "О науке и государственной научно-технической политике Республики Казахстан";

      представить предложения по поддержке ученых и специалистов, внесших выдающийся вклад в развитие науки и техники, а также талантливых молодых ученых;

      обеспечить приведение правовых актов о Национальной академии наук Республики Казахстан и Казахской академии сельскохозяйственных наук в соответствие с Конституцией и гражданским законодательством Республики Казахстан, осуществить иные мероприятия по реорганизации Национальной академии наук и Казахской академии сельскохозяйственных наук Республики Казахстан.

      8. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

      Президент

      Республики Казахстан