Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мәртебесi және ғалымдарды мемлекеттiк қолдау шаралары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 9 ақпан 1994 ж. N 1556. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.03.11. N 2895 жарлығымен.

      Ғылыми-техникалық прогрестi дамытудағы академиялық ғылымның рөлiн арттыру және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ғылыми қызметкерлерiн мемлекеттiк қолдауды күшейту мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясына қызметiн өзiн-өзi басқару принциптерi негiзiнде жүзеге асыратын жоғары мемлекеттiк ғылыми мекеме мәртебесi берiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы өз қатарына ғылымның барлық бағыттарындағы бiлiктiлiктi жоғары ғалымдарды бiрiктiрiп отырған әрi елiмiзде мемлекет атынан академиялық атақтар беруге құқығы бар бiрден-бiр мекеме болып табылады деп белгiленсiн.
      2. Ұлттық ғылым академиясының мүшелерiне академик ғылыми атағы үшiн ай сайын ғылыми-зерттеу институтының директоры, ғылым докторының лауазымдық жалақысының 75 процентi мөлшерiнде және корреспондент-мүше ғылыми атағы үшiн 50 процентi мөлшерiнде төлемақы белгiлесiн.
      Ұлттық ғылым академиясының мүшелерi 70 жасқа толған кезде тиiстi академиялық атақ үшiн берiлетiн ай сайынғы төлемақы осы Жарлықпен белгiленген ай сайынғы төлемақы көлемiнiң 70 процентiне дейiн қысқартылады.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының шешiмi бойынша 3 жылға дейiнгi мерзiмге аса көрнектi зерттеушiлер үшiн әрқайсысы 10 ең төменгi жалақы мөлшерiнде 50 мемлекеттiк ғылыми стипендия және дарынды жас ғалымдар үшiн 7 ең төменгi жалақы мөлшерiнде 50 мемлекеттiк ғылыми стипендия тағайындалсын.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң ұсынуы бойынша мемлекеттiк ғылыми стипендиялар туралы Ереженi бекiтетiн болсын;
      екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының

мүшелерi ай сайынғы төлемақыларын, сондай-ақ мемлекеттiк ғылыми 
стипендияларды тағайындау мен төлеу тәртiбiн және қаржыландыру
көздерiн белгiлейтiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi
     Алматы қаласы. 1994 жылғы 9 ақпан
                 N 1556
 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады