1. Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер 1996 жылдың қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының қатарынан запасқа шығарылсын.
2. 1996 жылдың қазан-желтоқсанында шақыру күнiне дейiн 18 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейiнге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақырылуын кейiнге қалдыру құқығынан айырылған жасы үлкен азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларына мерзiмдi әскери қызметке шақырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, жергiлiктi атқару органдары облыстық, қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз етсiн, шақыруды ұйымдасқан түрде өткiзу және мерзiмдi әскери қызметiн өткеру үшiн шақырылған азаматтарды әскерге жөнелту жөнiнде қажеттi шараларды қолданатын болсын.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Мемлекеттiк тергеу комитетi Бас прокуратурамен бiрлесiп мерзiмдi әскери қызметке шақырылудан жалтарған адамдарды iздестiру және оларды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту шараларын қолдансын.
5. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi