1. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесiн құру туралы"
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2894 U962894_ Жарлығының 1-тармағына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) мына сөздер алынып тасталсын: "Малахов Михаил Федорович - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы; Нәрiкбаев Мақсұт Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры; Нұрпейiсов Еркеш Қалиұлы - Қазақ Мемлекеттiк заң институтының ректоры"; 2) мына сөздермен толықтырылсын: "Нәрiкбаев Мақсұт Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы; Сапарғалиев Ғайрат - Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының директоры; Шуткин Степан Иванович - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры". 2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi