"Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 U952694_ Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 15-бабының 1 тармағына, 10-бабының 1 тармағына сәйкес және Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы кейбiр өзгерiстерге байланысты қаулы етемiн: 1. Мыналар таратылсын: Талдықорған және Торғай облыстық соттары; Қарағанды қаласының Железнодорожный аудандық соты; Солтүстiк Қазақстан облысының Москва және Соколов аудандық соттары; Оңтүстiк Қазақстан облысының Асықата, Жетiсай, Келес, Мақтаарал, Сарыағаш және Түркiстан аудандық соттары. 2. Мыналар құрылсын: Оңтүстiк Қазақстан облысының Мақтаарал және Сарыағаш аудандық соттары. 3. Мыналар: Солтүстiк Қазақстан облысының Баскөл аудандық соты Солтүстiк Қазақстан облысының Қызылжар аудандық соты; Солтүстiк Қазақстан облысының Ленин аудандық соты Солтүстiк Қазақстан облысының Есiл аудандық соты болып қайта аталсын. 4. Ақмола, Алматы және Қостанай облыстары шекарасының өзгеруiне байланысты: Ақмола облысына; таратылған Торғай облысының Державин, Жақсы, Жаңадала, Есiл және Қима аудандық соттары; Алматы облысына: таратылған Талдықорған облысының аудандық және қалалық соттары; Қостанай облысына: таратылған Торғай облысының Арқалық қалалық соты, Арқалық, Амантоғай, Амангелдi, Жангелдин және Октябрь аудандық соттары жатқызылсын. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi