Талдықорған және Торғай облыстық соттарын тарату, кейбiр аудандық соттарды тарату, құру және қайта атауы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 4 мамыр N 3484


     "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20
желтоқсандағы N 2694  

U952694_

  Конституциялық заң күшi бар Жарлығының
15-бабының 1 тармағына, 10-бабының 1 тармағына сәйкес және
Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы кейбiр өзгерiстерге
байланысты қаулы етемiн:
     1. Мыналар таратылсын:
     Талдықорған және Торғай облыстық соттары;
     Қарағанды қаласының Железнодорожный аудандық соты;
     Солтүстiк Қазақстан облысының Москва және Соколов аудандық
соттары;
     Оңтүстiк Қазақстан облысының Асықата, Жетiсай, Келес, Мақтаарал,
Сарыағаш және Түркiстан аудандық соттары.
     2. Мыналар құрылсын:
     Оңтүстiк Қазақстан облысының Мақтаарал және Сарыағаш аудандық
соттары.
     3. Мыналар:
     Солтүстiк Қазақстан облысының Баскөл аудандық соты Солтүстiк
Қазақстан облысының Қызылжар аудандық соты;
     Солтүстiк Қазақстан облысының Ленин аудандық соты Солтүстiк
Қазақстан облысының Есiл аудандық соты болып қайта аталсын.
     4. Ақмола, Алматы және Қостанай облыстары шекарасының өзгеруiне
байланысты:
     Ақмола облысына;
     таратылған Торғай облысының Державин, Жақсы, Жаңадала, Есiл және
Қима аудандық соттары;
     Алматы облысына:
     таратылған Талдықорған облысының аудандық және қалалық соттары;
     Қостанай облысына:
     таратылған Торғай облысының Арқалық қалалық соты, Арқалық,
Амантоғай, Амангелдi, Жангелдин және Октябрь аудандық соттары
жатқызылсын.
     5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады