Тұрақты даму жөнiндегi ұлттық кеңес мәселелерi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 3 қараша N 3723. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655  Жарлығын  орындау үшiн қаулы етемiн:

      1. Мыналар бекiтiлсiн:
      1) Тұрақты даму жөнiндегi Ұлттық кеңес туралы ереже (қоса берiлiп отыр); 
      2) Тұрақты даму жөнiндегi ұлттық кеңестiң құрамы (қоса берiлiп отыр). 

      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 

      1) "Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Жоғары экономикалық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 сәуiрдегi N 2946 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж, N 15, 117-құжат); 

      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 7 ақпандағы N 3350 Жарлығы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жоғары экономикалық кеңестiң мәселелерi" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 51, 34-құжат).

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы    
Президентiнiң       
1997 жылғы 3 қарашадағы   
N 3723 Жарлығымен     
бекiтiлген        

  Тұрақты даму жөнiндегi ұлттық кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

  I. Жалпы ережелер

      1. Тұрақты даму жөнiндегi ұлттық кеңес (бұдан былай - Кеңес) "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 

      2. Кеңес қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды. 

  II. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi

      3. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 
      1) Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясының iске асырылуын бақылау; 
      2) үш жақты мақсатқа: елдiң экономикалық өсiп-өркендеуiне, тиiмдi табиғат пайдалану мен әлеуметтiк әдiлеттiкке қол жеткiзуге бағытталған елдiң тұрақты дамуының ауқымды проблемаларын талқылау; 
      3) халық шаруашылығы тармақтарының, аймақтарының және аяларының даму тұжырымдамаларын, елдiң экономикалық қауiпсiздiгi проблемаларын қарау; 
      4) экономика реформалау мен стратегиялық ресурстарды тиiмдi пайдаланудың өзектi проблемаларын талқылау, Қазақстан Республикасының Президентi үшiн инновациялық экономикалық және экологиялық ұсынымдардың ықтимал бағыттары бойынша ұсыныстар даярлау. 

  III. Кеңес құрамы

      4. Кеңес құрамына Кеңестiң Төрағасы, Төрағаның орынбасары мен мүшелерi кiредi. 

      5. Қазақстан Республикасының Президентi Кеңестiң Төрағасы болып табылады. Кеңес Төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды. Кеңес отырыстарының күн тәртiбiн бекiтедi және оларды төрағалық етедi. 

      6. Кеңес Төрағасының орынбасары Кеңес қызметiнiң ұйымдастырылуы үшiн жауап бередi және Кеңес Хатшылығына жалпы басшылықты жүзеге асырады.

      7. Кеңес Төрағасының орынбасары Мемлекет басшысының тiкелей басшылығымен жұмыс iстейдi.

      8. Материалдық және әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етiлу жағдайы жөнiнен Кеңес Төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасы премьер-Министрiнiң орынбасарына теңестiрiледi.

      9. Кеңестiң дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

      10. Кеңес мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.

      11. Егер Кеңес отырысына оның мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан астамы қатысып отырса ол құқылы болып табылады. Кеңестiң отырыстары қажеттiлiгiне қарай, әдетте, үш айда кемiнде бiр рет өткiзiледi.

  IV. Кеңестiң өкiлеттiгi

      12. Кеңестiң өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау үшiн: 
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға, министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарға, лауазымды адамдар мен ұйымдарға өз құзыретiне жататын мәселелер жөнiнде қажеттi материалдарға сұрау салуға және алуға; 
      2) жетекшi ғалымдар мен мамандардың, соның iшiнде шетелдiк ғалымдар мен мамандардың қатысуымен мемлекеттiң тұрақты экономикалық дамуы проблемаларын шешу жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдарды даярлау үшiн ведомстволық комиссиялар, жұмыс топтары мен өзге де ұйымдық нысандарды құруға құқығы бар. 

      13. Кеңестiк Мемлекеттiк елтаңба бейнесi мен қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған жеке бланкi болады. 

      14. Кеңес шешiмдерi хаттамамен ресiмделiп, оған Төраға немесе оның тапсыруы бойынша Төрағаның орынбасары қол қояды. Қажет болған жағдайда Кеңестiң шешiмдерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен iске асырылуы мүмкiн. 

  V. Кеңес қызметiн қамтамасыз ету

      15. Кеңес қызметiн Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын оның Хатшылығы қамтамасыз етедi. 

      16. Кеңес Хатшылығының штат кестесiн Кеңес Төрағасы орынбасарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президентi
Әкiмшiлiгiнiң Басшысы бекiтедi.

      17. Кеңес хатшылығын Кеңес Төрағасы орынбасарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын әрi Кеңес қызметiне тiкелей басшылықты жүзеге асыратын меңгерушi басқарады. Кеңес Хатшылығының меңгерушiсi Хатшылық жұмысының ұйымдастырылуы мен өзiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жеке-дара жауап бередi.

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
1997 жылғы 3 қарашадағы 
N 3723 Жарлығымен   
бекiтiлген      

  Тұрақты даму жөнiндегi ұлттық кеңестiң
ҚҰРАМЫ

Назарбаев Н.Ә.             - Қазақстан Республикасының
                             Президентi, Кеңес Төрағасы

Кәкiмжанов З.Х.            - Кеңес Төрағасының орынбасары -
                             Қазақстан Республикасы
                             Президентiнiң экономика
                             жөнiндегi көмекшiсi

  Кеңес мүшелерi

Әблязов М.К.               - "KEGOC" АҚ Президентi

Балғымбаев Н.Ө.            - Қазақстан Республикасының
                             Премьер-Министрi

Бектасов Ә.А.              - Қазақстан Республикасының
                             Құнды қағаздар жөнiндегi
                             ұлттық комиссиясының
                             төрағасы

Жандосов О.Ә.              - Қазақстан Республикасы Ұлттық
                             Банкiнiң Төрағасы

Ертiлесова Ж.Ж.            - Қазақстан Республикасы Қаржы
                             министрiнiң орынбасары -
                             (Вице-Министр)

Есiмов А.С.                - Қазақстан Республикасы
                             Премьер-Министрiнiң бiрiншi
                             орынбасары - Инвестициялар
                             жөнiндегi мемлекеттiк
                             комитет төрағасы

Коржова Н.А.               - Қазақстан Республикасының
                             Еңбек және халықты әлеуметтiк
                             қорғау министрi

Марченко Г.А.              - Қазақстан Республикасы
                             Президентiнiң кеңесшiсi

Мұқашев С.О.               - Қазақстан Кәсiподақтар
                             Федерациясы Кеңесiнiң төрағасы

Нысанбаев Ә.Н.             - Қазақстан Республикасы
                             Ғылым министрлiгi - Ғылым
                             Академиясы Философия институ.
                             тының директоры, Қазақ
                             энциклопедиясының бас редакторы

Оспанов М.Т.               - Қазақстан Республикасы Парламентi
                             Мәжiлiсiнiң Төрағасы

Павлов А.С.                - Қазақстан Республикасы Премьер-
                             Министрiнiң орынбасары -
                             Қазақстан Республикасының
                             Қаржы министрi

Өтембаев Е.Ә.              - Қазақстан Республикасының
                             Стратегиялық жоспарлау және
                             реформалар жөнiндегi
                             агенттiгiнiң төрағасы

Шәйкенов Н.А.              - Қазақ Мемлекеттiк Әдiлет
                             университетiнiң ректоры

Шүкеев Ө.Е.                - "Туран-Әлем банк" ААҚ
                             Басқармасының төрағасы 

 

Вопросы Национального совета по устойчивому развитию

УКАЗ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН от 3 ноября 1997 г. N 3723. Утратил силу - Указом Президента РК от 9 января 2006 года N 1696 (U061696)(вводится в действие со дня подписания)


 

 
     Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 10 октября 1997 г. N 3655 "О мерах по дальнейшему повышению эффективности государственного управления в Республике Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Утвердить:
      1) Положение о Национальном совете по устойчивому развитию (прилагается);
      2) состав Национального совета по устойчивому развитию (прилагается).
      2. Признать утратившими силу:
      1) Указ Президента Республики Казахстан от 11 апреля 1996 г. N 2946 "Об образовании Высшего экономического совета при Президенте Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., N 15, ст. 117);
      2) Указ Президента Республики Казахстан от 7 февраля 1997 г. N 3350 "Вопросы Высшего экономического совета при Президенте Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., N 5, ст.34).
      3. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан
 

 
                                            Утверждено
 
                                         Указом Президента
 
                                        Республики Казахстан
 
                                    от 3 ноября 1997 года N 3723
 

 
                             ПОЛОЖЕНИЕ
 
           О Национальном совете по устойчивому развитию
 

 
                         I. Общие положения
 

 

      1. Национальный совет по устойчивому развитию (далее - Совет) является консультативно-совещательным органом при Президенте Республики Казахстан, образованным в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 10 октября 1997 г. N 3655 "О мерах по дальнейшему повышению эффективности государственного управления в Республике Казахстан".
      2. Правовую основу деятельности Совета составляют Конституция и законы Республики Казахстан, акты Президента Республики Казахстан, иные нормативные правовые акты Республики Казахстан, а также настоящее Положение.
 

                      II. Основные задачи Совета
 

      3. Основными задачами Совета являются:
      1) контроль за реализацией Стратегии развития Республики Казахстан до 2030 года;
      2) обсуждение глобальных проблем устойчивого развития страны, направленное на достижение тройственной цели: экономического процветания страны, эффективного природопользования и социальной справедливости;
      3) рассмотрение концепций развития отраслей, регионов, сфер народного хозяйства, проблем экономической безопасности государства;
      4) обсуждение ключевых проблем реформирования экономики и эффективного использования стратегических ресурсов, а также подготовка предложений по возможным направлениям инновационных экономических и экологических рекомендаций для Президента Республики Казахстан.
 

                          III. Состав Совета
 

      4. В состав Совета входят Председатель, заместитель председателя и члены Совета.
      5. Председателем Совета является Президент Республики Казахстан. Председатель Совета руководит его деятельностью, утверждает повестку и председательствует на заседаниях Совета.
      6. Заместитель Председателя Совета отвечает за организацию
 

 
деятельности Совета и осуществляет общее руководство Секретариатом
 
Совета.
 
     7. Заместитель Председателя Совета работает под
 
непосредственным руководством Главы государства.
 
     8. По условиям материального и социально-бытового обеспечения
 
заместитель Председателя Совета приравнен к Заместителю
 
Премьер-Министра Республики Казахстан.
 
     9. Персональный состав Совета утверждается Президентом
 
Республики Казахстан.
 
     10. Члены Совета участвуют в его заседаниях без права замены.
 
     11. Заседание Совета правомочно, если на нем присутствует более
 
половины от общего числа его членов. Заседания Совета проводятся по
 
мере необходимости, как правило, не менее одного раза в три месяца.
 

 
                       IV. Полномочия Совета
 

 
     12. Совет для выполнения возложенных на него задач и функций
 
имеет право:
 

      1) запрашивать и получать от Правительства Республики Казахстан, Национального Банка Республики Казахстан, государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан, министерств, государственных комитетов, центральных исполнительных органов, не входящих в состав Правительства Республики Казахстан, должностных лиц и организаций необходимые материалы по вопросам, относящимся к его компетенции;
      2) создавать межведомственные комиссии, рабочие группы и иные организационные формы с участием ведущих ученых и специалистов, в том числе и зарубежных, для подготовки предложений и рекомендаций по решению проблем устойчивого экономического развития государства.
      13. Совет имеет собственный бланк с изображением Государственного герба и своим наименованием на казахском и русском языках.
      14. Решения Совета оформляются протоколом и подписываются Председателем или по его поручению заместителем Председателя Совета. В случае необходимости решения Совета могут быть реализованы актами Президента Республики Казахстан.
 

                  V. Обеспечение деятельности Совета
 

      15. Деятельность Совета обеспечивается его Секретариатом, являющимся структурным подразделением Администрации Президента Республики Казахстан.
      16. Штатное расписание Секретариата Совета утверждается
 

 
Руководителем Администрации Президента Республики Казахстан по
 
представлению заместителя Председателя Совета.
 
     17. Секретариат Совета возглавляет заведующий, назначаемый на
 
должность и освобождаемый от должности Президентом Республики
 
Казахстан по представлению заместителя Председателя Совета и
 
осуществляющий непосредственное руководство деятельностью
 
Секретариата. Заведующий Секретариатом Совета несет персональную
 
ответственность за организацию работы Секретариата и выполнение
 
возложенных на него задач.
 

 
                                            Утвержден
 
                                        Указом Президента
 
                                       Республики Казахстан
 
                                   от 3 ноября 1997 года N 3723
 

 
                               СОСТАВ
 
            Национального совета по устойчивому развитию
 

 
Назарбаев Н.А.              - Президент  Республики  Казахстан,
 
                              Председатель Совета
 

 
Какимжанов 3.Х.             - заместитель Председателя Совета
 
                            - помощник  Президента  Республики
 
                              Казахстан по экономике
 

 
                            Члены Совета
 

 
Аблязов М.К.                - Президент АО "КЕGОС"
 

 
Балгимбаев Н.У.             - Премьер-Министр Республики
 
                              Казахстан
 

 
Бектасов А.А.               - Председатель Национальной комиссии
 
                              по ценным бумагам Республики
 
                              Казахстан
 

 
Джандосов У.А.              - Председатель Национального Банка
 
                              Республики Казахстан
 

 
Ертлесова Ж.Ж.              - заместитель Министра финансов -
 
                              (вице - Министр) Республики
 
                              Казахстан
 
Есимов А.С.                 - Первый заместитель Премьер-Министра
 
                              Республики Казахстан - Председатель
 
                              Государственного комитета по
 
                              инвестициям
 

 
Коржова Н.А.                - Министр труда и социальной защиты
 
                              населения Республики Казахстан
 

 
Марченко Г.А.               - советник Президента Республики
 
                              Казахстан
 

 
Мукашев С.О.                - Председатель Совета федерации
 
                              профсоюзов Казахстана
 

 
Нысанбаев А.Н.              - директор Института философии
 
                              Министерства науки - Академии наук
 
                              Республики Казахстан, главный
 
                              редактор Казахской энциклопедии
 

 
Оспанов М.Т.                - Председатель Мажилиса Парламента
 
                              Республики Казахстан
 

 
Павлов А.С.                 - Заместитель Премьер-Министра
 
                              Республики Казахстан - Министр
 
                              финансов Республики Казахстан
 

 
Утембаев Е.А.               - Председатель Агентства по
 
                              стратегическому планированию и
 
                              реформам Республики Казахстан -
 
                              Министр Республики Казахстан
 

 
Шайкенов Н.А.               - ректор Казахского Государственного
 
                              юридического университета
 

 
Шукеев У.Е.                 - председатель Правления ОАО "Туран-
 
                              Алем банк"