Республикалық ұланның ұйымдық-штат құрылымын оңтайландыру мақсатында қаулы етемін:
1. Республикалық ұлан Қолбасшысының басқармасы таратылсын.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақ күшін жойды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2004.08.28. N 1428 жарлығымен .
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде "Республикалық ұлан туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 желтоқсандағы N 2671 Заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне енгізетін болсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті