Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 21-тармақшасына және "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, өзiнiң тарихи отанына оралуға тiлек бiлдiрген оралмандардың (репатрианттардың) отбасыларының қоныс аударуын және жайластырылуын ұйымдастыру мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсынған 1998 жылға арналған көшiп келу квотасы қосымшаға сәйкес 3000 отбасы болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстар мен Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерi осы Жарлықты iске асыру жөнiнде практикалық шаралар қолдансын.
Осы мақсатта:
Шет мемлекеттерден оралмандардың ұйымдасқан түрде қоныс аударуына арналған шығыстарды республикалық бюджет есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
оралмандардың отбасыларын қабылдау мен жайластыруға арналған шығыстарды (бiр жолғы жәрдемақылар, көлiк шығыстарын өтеу, тұрғын үй сатып алу, бейiмделу пункттерiн ұстау және ұйымдастыру шығыстары) жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
оралмандардың отбасыларын олардың туыстық және өндiрiстiк-шаруашылық байланыстарын ескере отырып, жинақы орналастыру аудандарын айқындасын;
оралмандардың отбасыларын қабылдап, орналастыруды және олар үшiн қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасауды қамтамасыз етсiн;
белгiленген тәртiппен оралмандарға тұрғын үй салу және шаруашылық қызметi үшiн жер учаскелерiн бөлу туралы мәселенi шешетiн болсын;
оралмандардың жұмысқа орналасуына, бiлiм және мамандық алуына, балаларын оқытуына көмек көрсетсiн;
оралмандарға кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыруға, ұлттық қол өнер кәсiбiн жаңғыртуға, фермерлiк және шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға жәрдемдессiн.
3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1998 жылғы 3 сәуiрдегi
N 3894 Жарлығына
қосымша
1998 жылға арналған алыс шетелден және ТМД
елдерiнен көшiп келу
КВОТАСЫ
___________________________________________________________________
Көшiп келушiлер |Пәкiстан|Иран Ислам| ҚХР |Моң. |Сауд |Түрiк
орналастырылатын|мемле. |Респуб. | |ғолия|Арабиясы |Респуб.
облыстар |кетi |ликасы | | |Корольдiгi|ликасы
________________|________|__________|_____|_____|__________|_______
Ақмола | - | - | - | 30 | - | -
________________|________|__________|_____|_____|__________|_______
Ақтөбе | - | 30 | - | - | - | -
________________|________|__________|_____|_____|__________|_______
Алматы | - | - | 30 | 35 | - | -
________________|________|__________|_____|_____|__________|_______
Атырау | - | 10 | - | - | - | 20
________________|________|__________|_____|_____|__________|_______
Шығыс Қазақстан | 20 | - | - | 60 | - | -
________________|________|__________|_____|_____|__________|_______
Жамбыл | 30 | 30 | 20 | - | - | 20 ________________|________|__________|_____|_____|__________|_______
Батыс Қазақстан | - | - | - | - | - | 20 ________________|________|__________|_____|_____|__________|_______
Қарағанды | - | - | - | 40 | - | 10 ________________|________|__________|_____|_____|__________|_______
Қызылорда | - | - | - | - | - | -
________________|________|__________|_____|_____|__________|_______
Қостанай | - | - | 10 | 20 | - | - ________________|________|__________|_____|_____|__________|_______
Маңғыстау | - | 100 | - | - | - | - ________________|________|__________|_____|_____|__________|_______
Павлодар | - | - | 20 | 30 | - | - ________________|________|__________|_____|_____|__________|_______
Солтүстiк | - | - | 10 | 25 | - | -
Қазақстан | | | | | | ________________|________|__________|_____|_____|__________|_______
Оңтүстiк | - | 30 | 10 | - | 30 | -
Қазақстан | | | | | | ________________|________|__________|_____|_____|__________|_______
Алматы қаласы | - | - | - | 10 | - | - ________________|________|__________|_____|_____|__________|_______
Ақмола қаласы | - | - | - | - | - | - ________________|________|__________|_____|_____|__________|_______
Барлығы | 50 | 200 | 100 | 250 | 30 | 70 ________________|________|__________|_____|_____|__________|_______
___________________________________________________________________
Көшiп келушi.|Ресей |Тәжiк. |Түркмен.|Өзбек. |Қырғыз.|ТМД |Бар.
лер орналас. |Федера.|стан |стан |стан |стан |басқа |лы.
тырылатын |циясы |Респуб.|Респуб. |Респуб.|Респуб.|мемле. |ғы
облыстар | |ликасы |ликасы |ликасы |ликасы |кеттерi|
_____________|_______|_______|________|_______|_______|_______|____
Ақмола | 125 | - | - | - | 5 | - |160
_____________|_______|_______|________|_______|_______|_______|____
Ақтөбе | 80 | - | - | 20 | 20 | 30 |180
_____________|_______|_______|________|_______|_______|_______|____
Алматы | 110 | 40 | 30 | 40 | - | - | 285
_____________|_______|_______|________|_______|_______|_______|____
Атырау | 50 | - | - | 15 | 15 | 20 |130 _____________|_______|_______|________|_______|_______|_______|___
Шығыс | 150 | - | 10 | 30 | - | - |270
Қазақстан | | | | | | |
_____________|_______|_______|________|_______|_______|_______|____
Жамбыл | 30 | - | - | 60 | 20 | 20 |230 _____________|_______|_______|________|_______|_______|_______|___
Батыс | 80 | 40 | - | 20 | - | - |160
Қазақстан | | | | | | | _____________|_______|_______|________|_______|_______|_______|____
Қарағанды | 150 | - | 10 | 20 | - | - |230
_____________|_______|_______|________|_______|_______|_______|____
Қызылорда | - | - | - | 60 | - | - | 60
_____________|_______|_______|________|_______|_______|_______|____
Қостанай | 150 | - | - | - | - | - |180
_____________|_______|_______|________|_______|_______|_______|____
Маңғыстау | - | 20 | 300 | 100 | - | - |520
_____________|_______|_______|________|_______|_______|_______|____
Павлодар | 130 | - | - | - | 20 | - |200 _____________|_______|_______|________|_______|_______|_______|____
Солтүстiк | 40 | - | - | 30 | 15 | 30 |150
Қазақстан | | | | | | |
_____________|_______|_______|________|_______|_______|_______|____
Оңтүстiк | - | - | 50 | 100 | - | - |220
Қазақстан | | | | | | |
_____________|_______|_______|________|_______|_______|_______|____
Алматы қаласы| - | - | - | 5 | - | - | 15
_____________|_______|_______|________|_______|_______|_______|____
Ақмола қаласы| 5 | - | - | - | 5 | - | 10
_____________|_______|_______|________|_______|_______|_______|____
Барлығы | 1100 | 100 | 400 | 500 | 100 | 100 |3000
_____________|_______|_______|________|_______|_______|_______|____