1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3014 U963014_ Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы төлеу үшiн мемлекеттiк қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң тәртiбi туралы ереженiң 1 тарауының 2-тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты өкiлеттiгiн жүзеге асырған уақыт кiредi";
9) тармақшадағы "уақыт кiредi" сөздерi алынып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi