Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын U952730_ жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы төлеу үшiн мемлекеттiк қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған ереже бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3014 Жарлығымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы төлеу үшiн мемлекеттiк қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы төлеу үшiн мемлекеттiк қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Мемлекет қызметшiлердiң лауазымдық жалақыларына еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстеме ақы мемлекеттiк қызмет стажына қарай төленедi.
I. Еңбек сiңiрген жылдарына үстеме ақы алуға құқық беретiн
стажды есептеу
1. Еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы алуға құқық беретiн стажға мемлекеттiк қызметте болған барлық уақыт кiредi.
2. Лауазымдық жалақыға үстеме ақы алуға құқық беретiн стажға, сондай-ақ:
1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, мерзiмсiз қызметтегi әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштерде, iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғанысты басқару органдары мен бөлiмдерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында мiндеттi әскери қызмет өткерген;
2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер органдары жүйесiнде қызмет өткерген, прокуратура органдарында қызмет өткерген, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО Одағының сот аппараттарында судья болып iстеген және жауапты лауазымдар атқарған, басшы құрамдағы адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiнде қызмет өткерген;
3) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының сот, прокуратура, iшкi iстер органдарында, КСРО мемлекеттiк қауiпсiздiк, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары мен Мемлекеттiк тергеу комитетiнде еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстеме ақы алуға құқық беретiн лауазымдар атқарған;
4) мемлекеттiк қызметтегi адамдарға сәби бiр жарым жасқа жеткенге дейiнгi сәбидi күту жөнiндегi iшiнара ақы төленетiн демалыс пен сәби үш жасқа жеткенге дейiнгi сәбидi күту жөнiндегi жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс;
5) КСРО Мемлекеттiк банкi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi жүйесiнде жұмыс iстеген;
6) шетелге жiберiлер алдында қызметшi мемлекеттiк қызметте болған болса және көшiп келу уақытын қоспағанда, шетелден қайтып келген күннен бастап екi айдың iшiнде мемлекеттiк қызметке кiрсе, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың жолдамасымен шетелде жұмыс iстеген;
7) 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiн Қазақстан Республикасының партия, кәсiподақ және комсомол органдарында сайланбалы және басқа да жауапты лауазымдар атқарған;
8) мемлекеттiк кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде басшы лауазымдар, мемлекеттiк қызмет мамандықтарымен бара-бар мамандықтар бойынша лауазымдар атқарған соңғы жұмыс орнындағы;
9) қызметшi, кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн көтеру курсына түскенге дейiн мемлекеттiк қызметте болып, оны бiтiрген соң мемлекеттiк қызметке оралған жағдайда, оның мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың жолдамасымен курста жұмыстан қол үзiп оқыған;
10) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты өкiлеттiгiн жүзеге асырған уақыт кiредi. <*>
ЕСКЕРТУ. 10)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Президентiнiң
1998.04.23. N 3919 Жарлығымен. U983919_
II. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстеме ақыны есептеу
мен төлеу тәртiбi
3. Осы Ережеге сәйкес еңбек сiңiрген жылдарға есептелетiн мемлекеттiк қызметтегi жұмыс стажы күнтiзбелiк есептеу бойынша ескерiледi.
4. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстеме ақы мемлекеттiк қызметшiлерге ай сайын лауазымдық жалақының жиынтық мөлшерiне процентпен, сыныбы үшiн қосымша ақы қосыла отырып және мемлекеттiк қызмет стажына қарай мынадай мөлшерде төленедi: үш жыл еңбек сiңiрген ретте - он бес, бес жылда - жиырма, он жылда - отыз, он бес жылда - қырық, жиырма жылда - елу процент.
5. Күнтiзбелiк ай iшiнде еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстеме ақының мөлшерiн көтеру құқығы пайда болған қызметкерлерге бiр айлық үстеме ақының жалпы сомасы айдың кезеңдерi бойынша тиiстi мөлшерде есептелген үстеме ақыларды қосу арқылы айқындалады. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстеме ақы сомасы күнтiзбелiк ай iшiнде лауазымдық жалақысы өзгерген жағдайда да осындай тәртiппен есептеледi.
6. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстеме ақы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қызметшiге қалдырылатын (демалыс уақыты, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындаған уақыт үшiн, еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңi үшiн, мемлекеттiк зейнетақы тағайындалған және басқа ретте) орташа жалақыны есептеп шығарғанда да ескерiледi.
7. Еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақылар төлеу үшiн жұмыс стажын Еңбек стажын белгiлеу комиссиясы айқындайды, оның құрамын тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтедi.
Комиссияның жұмыс стажын белгiлеу жөнiндегi шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Шешiмнен үзiндiлер екi дана болып жасалып, бiр данасы кадр бөлiмiне, екiншiсi бухгалтерияға берiледi.
8. Жұмыс стажын белгiлеу үшiн негiзгi құжат еңбек кiтапшасы немесе қызметтiк тiзiм болып табылады. Еңбек кiтапшасы немесе қызметтiк тiзiм болмағанда, сондай-ақ жұмыс кезеңдерi туралы қажеттi жазба жоқ болса не қате немесе жаңсақ жазылған жағдайда, еңбек стажын растау үшiн жұмыс кезеңдерi туралы мәлiметтерi бар анықтамалар, бұйрықтардың үзiндiлерi, жеке шоттар мен еңбекақы беру ведомостары және өзге де құжаттар қабылданады. Еңбек сiңiрген жылдарына үстеме ақы алуға құқық беретiн стажды куәлардың айғақтауымен растау заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
III. Мемлекеттiк қызметшiлерге зейнетақы тағайындау үшiн еңбек
сiңiрген жылдарын есептеудiң тәртiбi
9. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы тағайындауға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдарға мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк қызмет лауазымдарында болған уақыт кiредi.
10. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы тағайындауға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдарға осы Ереженiң 2-тармағында белгiленген тәртiп бойынша лауазымдық жалақыға проценттiк үстеме ақы есептеу үшiн ескерiлетiн уақыт кiредi.