"Қазақстан Республикасының Еуропаның Жаңғырту және Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 25 мамырдағы N 1212 U931212_ Жарлығына сәйкес қаулы етемiн:
1. Өмiрзақ Естайұлы Шүкеев Қазақстан Республикасынан Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң Басқарушысы қызметiнен босатылсын.
Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденов Қазақстан Республикасынан Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкi Басқарушысының орынбасары қызметiнен босатылсын.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Атқарушы директоры Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденов Қазақстан Республикасынан Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң Басқарушысы болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Серiк Ахметжанұлы Аханов Қазақстан Республикасынан Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкi Басқарушысының орынбасары болып тағайындалсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi