Мемлекеттiк басқару жүйесiнiң пәрмендiлiгiн арттыру, Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк органдарының функцияларын нақтылау мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi оның функциялары, мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментiне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен жекешелендiру жөнiндегi департаментiне берiле отырып;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сақтандыруды қадағалау департаментi, оның функциялары, мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне берiле отырып таратылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi оны Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк орган етiп өзгерту және оның құрамынан Статистика және талдау жөнiндегi комитеттi бөлiп шығару жолымен;
2) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi оны Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитет құрамынан бөлiп шығару жолымен;
3) Статистика және талдау жөнiндегi комитет оны Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган ретiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық агенттiгi етiп өзгерту жолымен;
4) Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитет оны Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган ретiнде Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi етiп өзгерту жолымен қайта құрылсын.
3. Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiн Төраға - Қазақстан Республикасының Министрi басқарады деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi туралы ереженiң жобасын Мемлекет басшысының қарауына табыс ететiн болсын.
5. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ұлттық Банкi:
1) Үкiметтiң бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолданатын болсын.
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi