Қаулы етемін:
"Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін органдардың құрылымы, штат саны және лауазымды адамдардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 16 қазандағы N 3691
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 47, 427-құжат) қосымшаға мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымынан Тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңес хатшылығы алынып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымына Әлеуметтік-экономикалық реформалар мәселелері жөніндегі бөлім енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті