"Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі
туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20
желтоқсандағы конституциялық заң күші бар N 2694
Жарлығының
10-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес және Қазақстан Республикасының
әкімшілік-аумақтық құрылысындағы кейбір өзгерістерге байланысты қаулы
етемін:
1. Павлодар қаласының Ильич және Индустриальный аудандық соттары
таратылсын.
2. Павлодар облысының Павлодар қалалық соты құрылсын.
3. Мыналар:
Алматы облысының Қаскелең аудандық соты Алматы облысының Қарасай
аудандық соты болып;
Жамбыл облысының Луговой аудандық соты Жамбыл облысының Тұрар
Рысқұлов аудандық соты болып;
Солтүстік Қазақстан облысының Совет аудандық соты Солтүстік
Қазақстан облысының Аққайың аудандық соты болып;
Ақтөбе облысының Актюбинск қалалық соты Ақтөбе қалалық соты болып
қайта аталсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
(Қасымбеков Б.А.)
(Үмбетова А.М.)