Қазақстан Республикасы Павлодар қаласының Ильич және Индустриальный аудандық соттарын тарату, Павлодар қалалық сотын құру және кейбір аудандық және қалалық соттарын қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 8 сәуір N 115

 


     "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі

туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20

желтоқсандағы конституциялық заң күші бар N 2694 


U952694_


  Жарлығының

10-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес және Қазақстан Республикасының

әкімшілік-аумақтық құрылысындағы кейбір өзгерістерге байланысты қаулы

етемін:


     1. Павлодар қаласының Ильич және Индустриальный аудандық соттары

таратылсын.


     2. Павлодар облысының Павлодар қалалық соты құрылсын.


     3. Мыналар:

     Алматы облысының Қаскелең аудандық соты Алматы облысының Қарасай

аудандық соты болып;

     Жамбыл облысының Луговой аудандық соты Жамбыл облысының Тұрар

Рысқұлов аудандық соты болып;

     Солтүстік Қазақстан облысының Совет аудандық соты Солтүстік

Қазақстан облысының Аққайың аудандық соты болып;

     Ақтөбе облысының Актюбинск қалалық соты Ақтөбе қалалық соты болып

қайта аталсын.


     4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті


     Оқығандар:

          (Қасымбеков Б.А.)

          (Үмбетова А.М.)






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады