Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы
1 сәуірдегі N 357-I
Заңының 14-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. 2000 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу
мақсатында 2000 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын түзу
жөніндегі Бюджет комиссиясы мына құрамда құрылсын:
Жандосов Ораз - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әлиұлы Министрінің орынбасары - Қазақстан
Республикасының Қаржы министрі,
төраға
Өтембаев Ержан - Қазақстан Республикасының Стратегиялық
Әбілқайырұлы жоспарлау және реформалар жөніндегі
агенттігінің төрағасы, төрағаның
орынбасары
Жәмішев Болат - Қазақстан Республикасы Қаржы
Бидахметұлы министрінің орынбасары, хатшы
Комиссия мүшелері:
Әблязов Мұхтар - Қазақстан Республикасының Энергетика,
Қабылұлы индустрия және сауда министрі
Аманбаев Мұрат - Қазақстан Республикасының Премьер-
Ермұханұлы Министрі Кеңсесінің жауапты қызметкері
Дәмитов Қадыржан - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Қабдошұлы Банкінің төрағасы
Ертілесова Жаннат - Қазақстан Республикасының Қаржы
Жүрғалиқызы бірінші вице-министрі
Кәкімжанов Зейнолла - Қазақстан Республикасының
Халидоллаұлы Мемлекеттік кіріс министрі
Қарағұсова Гүлжана - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жанпейісқызы Сенаты Экономика, қаржы және бюджет
жөніндегі комитетінің төрайымы
(келісім бойынша)
Мыңбаев Сауат - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мұхаметбайұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Павлов Александр - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сергеевич Министрінің орынбасары
Солодченко Роман - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Владимирович жоспарлау жөніндегі агенттігінің
төрағасы
Тұрысов Қаратай - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Тұрысұлы Мәжілісі Экономика, қаржы және бюджет
жөніндегі комитетінің төрағасы
(келісім бойынша)
2. 2000 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын түзу жөніндегі Бюджет комиссиясы туралы ереже бекітілсін (қоса беріліп отыр).
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2000 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын түзу жөніндегі Бюджет комиссиясы жұмысының жоспар-кестесін бекітсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 1999 жылғы 15 мамырға дейін 2000 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын түзу жөніндегі Бюджет комиссиясының қарауына 2000 жылға арналған негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштер болжамын енгізетін болсын.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1999 жылғы 15 шілдеге дейін
2000 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын түзу жөніндегі
Бюджет комиссиясы ұсынған 2000 жылға арналған бюджеттік көрсеткіштерді
бекітсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 20 сәуірдегі
N 116 Жарлығымен
бекітілген
2000 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын түзу
жөніндегі Бюджет комиссиясы туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. 2000 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын түзу
жөніндегі Бюджет комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) консультативтік-
кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының
Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан
Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
II. Комиссияның негізгі міндеттері
3. Комиссия:
1) 2000 жылға арналған мынадай негізгі бюджеттік көрсеткіштерді:
- республикалық бюджетке, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне түсетін түсімдердің көлемін;
- республикалық бюджет тапшылығының мөлшерін;
- облыстар тұрғысында жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу лимиттерін;
- қаржыландыру нысандарын көрсете отырып бюджеттік бағдарламалардың функционалдық топтары мен әкімшілері бойынша республикалық бюджет шығыстарының лимиттерін;
- республикалық бюджеттен кредит беру лимиттерін;
- ерекше маңызды жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың лимиттерін түзу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;
2) мемлекеттік ресурстарды басқару тетігін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
3) 2000 жылға арналған республикалық бюджетті түзу процесінде туындаған пікір қайшылықтарын шешу мақсатында құрылады.
III. Комиссияның жұмыс тәртібі
4. Комиссия отырыстары оның Төрағасы айқындаған мерзімде өткізіледі.
5. Комиссия отырыстарына оның құрамына кірмейтін компаниялар мен ұйымдардың өкілдері шақырылуы мүмкін.
6. Комиссия ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысқан Комиссия
мүшелері жалпы санының жай көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.
Шешімдер хаттамамен ресімделеді.
7. Комиссия министрліктерден, мемлекеттік комитеттерден, Үкімет
құрамына кірмейтін өзге де орталық органдардан, жергілікті басқару
органдарынан, басқа мемлекеттік органдардан өзінің құзыретіне енетін
мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға өкілетті.
8. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі болып табылады.
Оқығандар:
(Қасымбеков Б.А.)
(Үмбетова А.М.)