Күзет бөлімшелерінің қызметтік жұмысын жетілдіру, қызмет атқару сапасын көтеру, нарықты кеңейту және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның бөлімшелері көрсететін күзет қызметтерін арзандату мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК құрылымында арнайы әскериленген күзет қызметтері құрылсын.
2. "Арнайы әскериленген күзет қызметтерінің қызметін ұйымдастыру ережелері" (N 1 қосымша) бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК (К.Б.Өскембаев) бір ай мерзім ішінде:
1) бөлімшелердің рентабельділігін ескере отырып, арнайы әскериленген күзет қызметтері қызметкерлерінің еңбекақылары мен сыйақыларының көлемін белгілесін;
2) арнайы әскериленген күзет қызметтерінің қызметкерлері үшін бірыңғай нысандық киім үлгісін әзірлесін және бекітсін;
3) Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары мен олардың филиалдарының арнайы әскериленген күзет қызметтерінің штатын бекітсін.
4. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның арнайы әскериленген күзет қызметтерін құру туралы" 1999 жылғы 10 қыркүйектегі N 452 бұйрығының күші жойылды деп есептелсін.
5. Бұйрық Қазақстан республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК мен оның еншілес кәсіпорындарының басшы құрамына жариялансын.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Ішкі әскерлер қолбасшысы
генерал-лейтенант
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2000 жылғы 4 қаңтардағы
N 2 бұйрығына N 1 қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның
арнайы әскериленген күзет қызметтерінің қызметін ұйымдастыру
ЕРЕЖЕЛЕРІ
I. Жалпы ережелер
1. Арнайы әскериленген күзет қызметтері Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның құрылымдық бөлімшелері болып табылады, оның еншілес кәсіпорындары мен филиалдары меншіктің барлық түріндегі объектілерде тауарлық-материалдық құндылықтарды және ақша қаражаттарын күзетуге, сондай-ақ өзге де күзет қызметтерін көрсетуге арналған.
2. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның арнайы әскериленген күзет қызметтері өз қызметін шарттық негізде жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-на, оның еншілес кәсіпорындары мен олардың филиалдарына тікелей бағынады.
3. Арнайы әскериленген күзет қызметтеріне, кадр іріктеуге, қаруландыруға, оқыту мен біліктілігін көтеруге бақылау жасауды Қазақстан республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК, оның еншілес кәсіпорындары мен олардың филиалдары жүзеге асырады.
4. Арнайы әскериленген күзет қызметінің бөлімшелері жеке құрамының санына байланысты отрядтар мен бөлімшелер болып ұйымдастырылады.
5. Арнайы әскериленген күзет қызметтерінің бөлімшелері жеке құрамы атқаратын лауазымдарына қарай аға, орта, кіші басшы және қатардағы құрамға бөлінеді, олар қызметтік міндеттерін орындау кезінде белгіленген нысанды киім киіп жүруге тиіс.
6. Арнайы әскериленген күзет қызметтері өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің, Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның бұйрықтары мен нұсқаулықтарын, сондай-ақ осы Нұсқаулықты басшылыққа алады.
7. Арнайы күзет қызметтерінің өз құзыреті шегіндегі негізгі міндеттері мен функциялары:
1) меншіктің барлық түріндегі объектілерді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды, шарттық негізде күзет салаларында өзге де қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
2) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына (әкімшілік ұстау, қарау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама толтыру) сәйкес күзетілетін объектілерде қылмыстық қолсұғушылықтарға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу;
3) күзетілетін объектілерді өрт пен тұтанудың алдын алу;
4) ішкі істер органдарының басқа бөлімшелеріне көмек көрсету;
5) құқыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу, ұрланған мүліктерді табу және алып қою үшін нормативтік құқықтық актілерде қарастырылған арнаулы құралдарды, қаруларды, жекпе-жек ұрыс әдістерін, қызметтік және қарауылдық иттерді қолдану болып табылады.
8. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның арнайы әскериленген күзет қызметі оның еншілес кәсіпорындары мен филиалдарының құрылымында құрылады және шарт бойынша жұмыс істейтіндердің қаржысына ұсталады;
9. Арнайы әскериленген күзет қызметтерінің құрылымын, штатын, нысандық киімін, жеке құрамдарды бір-бірінен ажырату белгілерін Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК бекітеді.
10. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-нің арнайы әскериленген күзет қызметтерінің өз қарулануында қызметтік тегіс ұңғылы қаруы және арнаулы құралдары болады.
11. Қызметтік қаруды және оның патрондарын, сондай-ақ арнаулы құралдарды алу, беру, сақтау, есепке алу және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау саласындағы заңдарымен бекітіледі.
12. Арнайы әскериленген күзет қызметтері қызметкерлерінің меншікті, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөнінде өздеріне заңмен жүктелген міндеттерді орындау кезінде және өздерін өздері қорғау үшін арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды қолдануға құқығы бар.
13. Арнаулы құралдар мен қару қолданудан бұрын қарсы қару қолданатын адамға ол туралы айқын түрде ескерту жасалады.
14. Әйелдерге, мүгедектіктің айқын белгісі бар адамдарға, жастары белгілі немесе айқын кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы немесе топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайдан басқа кезде, қызметтік қару мен арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
15. Қызметтік қару қолданудың барлық жағдайында айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету, ішкі істер органдарына және прокуратураға хабарлау үшін қажетті шаралар қабылдау қажет.
16. Объектілерді күзету және патрульдеуді жүзеге асыру үшін қызметтік және қарауылдық иттерді пайдалануға болады.
17. Қызметті ұйымдастыру, арнайы әскериленген күзет қызметтерін қаруландыру мәселелері, жеке құрамның өзге де құқықтары мен міндеттері Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіппен бекітілген қызметтік нұсқаулықтармен реттеледі. Арнайы әскериленген күзет қызметтерінің дербес құрылымдық бөлімшелері болып табылатын буындары отрядтарға немесе бөлімшелерге ұйымдастырылады және ҚР Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның және оның еншілес кәсіпорындарының құрамына кіреді.
18. Арнайы әскериленген күзет қызметтері қызметкерлерінің қызмет атқаруы қарауылдық бойынша да, сол сияқты күзеттік есеп бойынша да ұйымдастырылуы мүмкін.
IV. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның
арнайы әскериленген күзет қызметтерінде қызмет өткеру
тәртібі
19. Арнайы күзет бөлімшелерінің қызметіне жасы 20-дан кем емес және 45-тен жоғары емес, нақты әскери қызметтен өткен, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрмайтын, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, денсаулық жағдайы бойынша күзет қызметіне жарамды, міндетті даярлықтан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
20. Арнайы әскериленген күзет қызметтерінің жеке құрамы Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК бекіткен тәртіппен және арнайы бағдарлама бойынша мамандандырылған оқу орталықтарында міндетті алғашқы даярлықтан және қайта даярлықтан өтеді.
Әскери-оқу дайындығынан өтпеген адамдар объектіні күзету қызметін атқаруға жіберілмейді.
21. Кадрлар даярлау, оларды оқыту және арнайы әскериленген күзет қызметі қызметкерлерінің біліктілігін көтеру Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК-ның еншілес кәсіпорындарына жүктеледі.
22. Арнайы әскериленген күзет қызметтерінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК бекіткен арнайы үлгідегі қызметтік куәлік беріледі.
23. Еңбекақы нысанын, штат кестесін, жалақы көлемін, сыйақы және басқа да көтермелеу жүйесін бекітілген еңбекақы төлеу қоры шегінде Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Күзет" РМК белгілейді. Арнайы әскериленген күзет қызметінің қызметкерлерімен еңбек шарттары, оның ішінде контракт түріндегі шарттар жасалынады. Қызметкерлермен жасалатын контракт нысанын және лауазымдар тізбесін ҚР Ішкіісминінің "Күзет" РМК бекітеді.
24. Арнайы әскериленген күзет қызметтері қызметкерлерінің жұмыс күні мен жұмыс аптасының ұзақтығы, жыл сайынғы ақылы және өзге де демалыстары қолданылып жүрген еңбек туралы заңдар ескеріле отырып белгіленеді.