БҰЙЫРАМЫН
:
1. "Мемлекеттiк мекемелердiң шоттарын ашудың және жабудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 25 мамырдағы N 241
бұйрығына
мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Мемлекеттiк мекемелердiң шоттарын ашудың және жабудың тәртiбi туралы нұсқаулықта:
2-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Депозиттік шот - мемлекеттiк мекеменiң жұмсау құқығынсыз, мемлекеттік мекеменің уақытша иелік етуiне түсетiн және белгiлi бiр шарттар туындаған кезде мемлекеттiк бюджетке есептеуге немесе қолданылып жүрген заңдарға сәйкес енгізушілерге, сондай-ақ атқарушы құжаттарды төлеу мақсатында сот орындаушыларының борышкерлерден, үшiншi тұлғалардан, борышкерлердiң тұмшаланған мүлiктерiн сатудан түсетiн ақшалай сомаларды қабылдау үшiн және оларды өндiрiп алушыларға беру үшiн аумақтық (облыстық, қалалық, аудандық) әдiлет органдарына қайтарылуға жататын қаражаттарды есептеу үшiн ашылатын шот.
Депозиттiк шот мемлекеттiк мекемеге мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне тiкелей есептеуге жататын және енгiзушілерге қайтарылуға жатпайтын қаражат үшiн ашылмайды.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Түзеу мекемелерiне және тергеу изоляторларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң Қатаң бақылаудағы республикалық психиатриялық ауруханаға депозиттiк шот сотталғандардың, қылмыс жасағанға күмәндiлер мен кiнәлiлердiң, психиатриялық ауруханадағы пациенттердiң жеке ақшасын есептеу үшiн және олардың бұл қаражатты заң актiлерiнде көзделген мынадай шығындарға:
азық-түлiк өнiмдерiн, бiрiншi қажеттi заттарды сатып алуға;
жақын туыстарына және өзге де тұлғаларға ақша аударымын, жөнелтпелер, бандеролдар жiберуге;
халықаралық телефонмен сөйлесуге ақы төлеуге;
сауда жүйесi арқылы әдебиет, газеттер мен журналдарға жазылымды сатып алуға пайдалануы үшiн ашылады.
Депозиттiк шот "Депозиттер" N 144 баланстық шотында аумақтық Қазынашылық органында ашылады.";
8) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Бiрлесiп қаржыландырудың ағымдағы (арнайы) шоты мынадай:
"Қазақстан Республикасы республикалық бюджетiнiң есебiнен ұсталатын мекемелердiң ағымдағы шоттары" N 141;
"Қазақстан Республикасы жергiлiктi бюджеттерiнiң есебiнен ұсталатын мекемелердiң ағымдағы шоттары" N 142 баланстық шоттарда облыстық, Астана және Алматы қалалық Қазынашылық басқармаларында ашылады.";
5-тармақтың екiншi абзацындағы "сомаларды" деген сөздерден кейiн "және валюталық қаражаттарды" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың 2) тармақшасының төртiншi абзацында:
"немесе нотариалды" деген сөздер, екiншi сөйлем алынып тасталсын;
8-тармақта:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) демеушiлiк және қайырымдылық көмек үшiн ұлттық, сол сияқты шетел валютасындағы ағымдағы шоттар (немесе ашық шоттардың қолданылу мерзiмiн ұзарту):
бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң өтiнiшi мен демеушiлiк және қайырымдылық көмектi енгiзушiлердiң жазбаша өтiнiштерi негiзiнде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң - республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне берген рұқсаты (4-қосымша);
аумақтық Қазынашылық органының - республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттiк мекемеге берген рұқсаты (4-қосымша);
жергiлiктi қаржы органының жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мекемеге берген рұқсаты (4-қосымша);
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтiнiшiнде оған сәйкес мемлекеттiк мекеме демеушiлiк және қайырымдылық көмек қаражатын пайдаланатын нормативтiк құқықтық акт көрсетiледi.;
3) депозиттiк шоттан (немесе ашық шоттардың қолданылу мерзiмiн ұзарту):
ұлттық валютада:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мекемеге берген рұқсаты (5-қосымша);
жергiлiктi қаржы органының жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мекемеге берген рұқсаты (5-қосымша);
шетел валютасында (қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мекемеге рұқсаты негiзiнде екiншi деңгейдегi банктерде (5-қосымша);";
4) тармақша алып тасталсын;
7) тармақшадағы "(8-тармақтың 2-тармақшасын қоспағанда)" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Мақсатты қаржыландырудың ағымдағы шотын ашу үшiн мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық органының мынадай құжаттарды
7-тармақтың 1-тармақшасына сәйкес ресiмделген шот ашуға арналған өтiнiш;
7-тармақтың 2-тармақшасында белгiленген тәртiппен ресiмделген қолдарының үлгiлерi мен мөртаңбалары бар құжат тапсырады.";
16-тармақтағы "бюджеттiк жiктеменiң ерекшелiктерi бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
17-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Бiрлесiп қаржыландырудың ағымдағы (арнайы) шотындағы пайдаланылмаған қаражат ағымдағы қаржы жылының 25-ншi желтоқсанына дейiн жобаны iске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекеменiң бюджеттiк шотына қайта қалпына келтiруге жатады.";
көрсетiлген Нұсқаулыққа 2-қосымша 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетiлген Нұсқаулыққа 4-қосымша 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетiлген Нұсқаулыққа 5-қосымша 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6-қосымшадағы "Қаржы және жиынтық баланстар бөлiмiнiң бастығы" деген сөздер "Банктiк операциялар бойынша бухгалтерлiк есеп және есептілік басқармасының бастығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-қосымшада:
"сол жақтағы жоғарғы бұрыштағы деректемелерде "Алматы қаласы" деген сөздерден кейін "Қазынашылық басқармасы," деген сөздермен толықтырылсын;
"ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің _____________________
(облыстық (қалалық - Астан қ., (қолы)
Алматы қ.,) қаржы басқармасының
басшысы"
Қаржы және жиынтық баланстар _____________________
бөлімінің бастығы (қолы)
(Бас бухгалтер)"
деген сөздер "ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің________________
(облыстық (қалалық - Астан қ., (қолы)
Алматы қ.,) Қазынашылық басқармасының,
қаржы басқармасының басшысы"
Банктік операциялар бойынша _____________________
бухгалтерлік есеп және (қолы)
есептілік басқармасының бастығы
(Қаржы және жиынтық баланстар
бөлімінің бастығы, бас бухгалтер)";
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін
атқарушы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 20 қаңтар
N 24 бұйрығына
1-қосымша
2-қосымша
Қолдардың үлгілері және мөртаңбалар бар
құжат
Кодтары Қазынашылықтың белгілері
------------------------------------------------------------------
Шоттың иесі (толық атауы)
----------------------------------- -----------------------
Шот иесінің почталық мекен-жайы
------------------------------------------------------------------
тел.N
----------------------------------- -----------------------
Қазынашылық (толық атауы) Кодтары
------------------------------------------------------------------
----------------------------------- -----------------------
Қазынашылықтың орналасқан жері
(оның почталық мекен-жайы)
----------------------------------- -----------------------
----------------------------------- -----------------------
тел.N
----------------------------------- -----------------------
Осы құжатта көрсетілген үлгілер оның иесінің (Қазынашылықтың
санкцияларын талап ететін шот бойынша барлық уәкілетті
операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті органының қолы)
болып саналсын __ж."__"______
------------------------------------------------------------------
Лауазымы Аты-жөні, тегі Қол үлгісі Әрекет ету мерзімі Мөртаңбаның
(қолын уақытша үлгісі
ауыст. кезде)
------------------------------------------------------------------
Бірінші
қол
------------------------------------------------------------------
Екінші
қол
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
Артқы беті
------------------------------------------------------------------
Үлгілерді Үлгілерді куәландыруға Үлгілерді Үлгілерді куәлан.
куәландырушы уәкілеттік берілген куәлан. дырушы тұлғалар.
органның атауы тұлғалардың аты-жөн. дырған дың қолдары мен
дері күн мөртаңбалары
(егер болса)
------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------- (қолдар)
--------------------------------------------------------- (мөртаңба)
---------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 20 қаңтар
N 24 бұйрығына
2-қосымша
4-қосымша
______________________
(ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті,
Қазынашылықтың аумақтық органы
(жергілікті қаржы органы)
Демеушілік және қайырымдылық көмек үшін шот ашуға
(әрекет ету мерзімін ұзартуға)
Рұқсат
___________бюджетте ұсталатын______________________________
(бюджеттің атауы) (мемлекеттік мекеменің атауы)
___________________________________________________________
_______________________________________________жұмсалатын
(пайдалану бағыты)
___________________________________________________________
(валютаның атауы (теңге немесе шет. валютаның түрі)
____________________________________________есепке алу үшін
(қаражат түсетін көздер)
демеушілік және қайырымдылық көмек үшін шот ашуға (демеушілік және қайырымдылық көмек үшін шоттың әрекет ету мерзімін ұзартуға) рұқсат етіледі.
Рұқсат_____________________________________ ____ ж."____"___
(бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)
_________өтініші негізінде берілді және _____________дейін
(мерзімі көрсетіледі)
жарамды.
(ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Төрағасы
(қазынашылықтың аумақтық органының (қаржы органының)
басшысы) _______________
(қолы)
Банктік операциялар жөніндегі бухгалтерлік есеп
пен есептілік басқармасының бастығы
(қаржы және жиынтық баланстар бөлімінің бастығы)
(бас бухгалтер) _______________
(қолы)
Қазынашылықтың белгілері
Шот ашылды N___ __ж."__"___
Операциялық бөлімнің бастығы_________________________
(қолы)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 20 қаңтар
N 24 бұйрығына
3-қосымша
5-қосымша
______________________
(ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті,
(жергілікті қаржы органы)
N___ __ж."__"____ _______________________________
(екінші деңгейдегі банктің,
Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)
Депозиттік шот ашуға
(әрекет ету мерзімін ұзартуға)
Рұқсат
___________бюджетте ұсталатын______________________________
(бюджеттің атауы) (мемлекеттік мекеменің атауы)
___________________________________________________________
________________________________________аударуға жататын
(бағыты)
___________________________________________________________
(валютаның атауы (теңге немесе шет. валютаның түрі)
___________________________________________есепке алу үшін
(қаражат түсетін түрінің атауы)
депозиттік шот ашуға (депозиттік шоттың әрекет ету мерзімін ұзартуға) рұқсат етіледі.
Рұқсат Қазақстан Республикасы Үкіметінің ____ ж."____"____
шешімі негізінде берілді және _______________дейін жарамды.
(мерзімі көрсетіледі)
(ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Төрағасы
(жергілікті қаржы органының басшысы) _______________
(қолы)
Банктік операциялар жөніндегі бухгалтерлік есеп
пен есептілік басқармасының бастығы
(бас бухгалтер) _______________
(қолы)
Қазынашылықтың белгілері
Шот ашылды N___ __ж."__"___
Операциялық бөлімнің бастығы _____________________
(қолы)