"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 7 қарашадағы N 1479 P951479_ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 63 P000063_ қаулысын орындау үшін
Бұйырамыз:
1. Қоса беріліп отырған Кедендік алып жүру ережелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитетінің 1995 жылғы 7 желтоқсандағы N 193-П V950144_ ;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің "Кедендік алып жүру туралы" ҚР КК 1995 ж. 7.12 N 193-П бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар туралы" 1997 жылғы 25 шілдедегі N 191-П V970052_ бұйрықтарының күші жойылды танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті (М.О.Нүкенов) заңмен белгіленген тәртіппен: осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Бірінші Вице-Министрі Р.К.Тоқсейітовке жүктелсін. Министр Министр Кедендік алып жүру туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру және кедендiк алып жүру үшiн кедендiк алымдарды төлеу тәртiбiн айқындайды.
Ереже "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ 1995 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) сәйкес әзiрленген.
2. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру - Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды тұлғаларының (бұдан әрi - кеден наряды) тауарлар мен көлiк құралдарын алып жүруi.
3. Кедендiк алып жүру Кеден iсі туралы заңы мен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Кедендiк алып жүру туралы шешiм
4. Егер тасымалдаушы Кеден iсi туралы заңның ережелерiнiң сақталуына кепiлдiк бере алмаса не кеден органында тауарлар мен көлiк құралдарының тағайындалған жерiне дейiн жеткiзiле алмайды деп пайымдауға негiзi болса кеден органы кедендiк алып жүрудi жүзеге асырады.
5. Кеден органының транзиттiк тауарларды кедендiк алып жүру туралы жөнiндегi шешiмi тауарларды тасымалдаушы үшiн мiндеттi болып табылады.
6. Тасымалдаушы кедендiк алып жүрумен байланысты туындаған шығыстарын кеден органдары өтемейдi.
7. Кедендiк алып жүру туралы шешiмдi жөнелтушi, алушы кеден органының басшысы не оларды алмастыратын тұлғалар қабылдайды.
8. Кедендiк алып жүру мен алып жүрудi тiкелей ұйымдастыру туралы шешiм қабылдау тауарларды тасымалдаудың кеден заңдарымен белгiленген мерзiмдерiн ұзартпауға тиiс.
9. Кеден органы тауарлар мен көлiк құралдарын алып жүрудi тасымалдаушы, жөнелтушi немесе алушы Кеден iсi туралы заңына сәйкес өзiне жүктелген барлық мiндеттемелердi орындайтын және кедендiк алып жүру үшiн кеден алымдарын төлейтiн шартпен кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылданғаннан кейiнгi күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.
10. Көлiк құралы тиiстi түрде жасақталған:
кеден баждары мен салықтарды төлеу тиiстi сомаларды уәкiлеттi банктiң кепiлдiктерi түрiнде немесе Қазақстан Республикасының кеден органының депозитiне енгiзумен қамтамасыз етiлген жағдайда қолданылмайды.
11. Кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылданған кезде:
1) тауардың сипаты мен мәртебесi;
кеден төлемдерi мен салықтар салынатын тауарлар;
акцизделетiн тауарлар;
әкелуге өзге мемлекеттiк органдардың рұқсаты, осындай рұқсаттар (лицензия, малдәрiгерлiк куәлiк, карантиндiк сертификат және т.б.) болмау шартымен талап етiлетiн тауарлар;
2) тасымалдаушы туралы мәлiметтер (кеден ережелерiн бұрын орын алған бұзушылықтар, тауарларды, оның iшiнде МДП кiтапшаларын пайдаланумен жүктердiң халықаралық тасымалдаулары туралы Кеден конвенциясына сәйкес өткiзiлетiн тауарлардың жетiспеушiлiк фактiлерi туралы) ескерiледi.
12. Тауарлар Жүктердi халықаралық тасымалдау туралы кеден конвенциясына сәйкес МДП кiтапшалары, 1975 пайдаланыла отырып тасымалданған жағдайда, еге бiр көлiк құралымен тасымалданатын тауардың кеден төлемдерi мен салықтарының сомасы кепiлдi сомадан елу мың АҚШ долларынан асса кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылданады.
3. Кедендiк алып жүру үшiн кеден алымдарын төлеу тәртiбi
13. Кеден органы кедендiк алып жүру үшiн алымдарды кедендiк алып жүру басталғанға дейiн кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылданғаннан кейiн тасымалдаушыдан алады.
14. Кедендiк алып жүру үшiн алымдар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 120-бабына сәйкес тауарларды кедендiк алып жүру жүзеге асырылатын қашықтыққа Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген мөлшерлерде алынады.
4. Кедендiк алып жүру кезiнде құжаттарды ресiмдеу
15. Кедендiк алып жүрумен тасымалданатын тауарлар мен көлiк құралдарын кеден органында жөнелтушi және тағайындалған кеден органында ресiмдеу Кеден iсi туралы заңның талаптарына сәйкес осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi.
16. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылданған жағдайда мына құжаттар мiндеттi түрде жасалады:
кедендiк алып жүрудi қабылдау туралы шешiм (N 1 қосымша);
кеден нарядына жоспар-тапсырма, онда кедендiк алып жүрудi жүзеге асырушы инспекторлардың тегi, қарудың маркiсi мен нөмiрi не арнайы құралдардың атауы, қозғалыс маршруты, алып жүретiн көлiк құралдарының атауы мен мемлекеттiк нөмiрлерi, тауарға iлеспе құжаттардың нөмiрлерi (кеден жүк мағлұмадамасының, iшкi транзит құжатының және т.б.) (N 2 қосымша);
тауарлар мен көлiк құралдарын қабылдау-беру актiсi (N 3 қосымша);
iссапар куәлiгi;
көлiк құралын қайта қарау актiсi;
Сондай-ақ кедендiк алып жүру үшiн алымды төлеу туралы квитанцияның көшiрмесi қоса тiркеледi.
17. Кедендiк алып жүрудi жүргiзуге арналған шешiм тiркеу нөмiрi берiлiп Кедендiк алып жүрудi тiркеу журналында тiркеледi. (N 4 қосымша).
18. Тауарлар мен көлiк құралдарын қабылдау-беру актiсi екi данада ресiмделедi. Бiр дана қол қойылғаннан кейiн жөнелтушi кеден органында, ал екiншiсi алушы кеден органында сақталады. Актiде мiндеттi түрде барлық бағандар толтырылады, тауарлар мен көлiк құралдарын берген және қабылдаған кеден нарядының тегi мен аты-жөнi көрсетiледi. Қолдар тағайындалған және жөнелткен кеден органының немесе аға нарядтардың жеке нөмiрлi мөрлерiмен расталады.
19. Кедендiк алып жүрудi жүзеге асыруды бастағанға дейiн белгiленген тәртiппен қайта қарау актiсi жасалып пломбыланып көлiк құралын комиссиямен қайта қарау жүргiзiледi.
20. iссапар куәлiктерi алып жүрудiң барлық нарядына берiледi. Іссапар куәлiктерiнiң бағандарын толтыру белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
21. Нұсқаулықты жүргiзу нұсқаулықтың арнайы журналында көрсетiледi.
22. Тағайындалған кеден органына тауарларды жеткiзудi бақылау тағайындалған кеден органына аталған құжаттар табыс етiлгеннен кейiн аяқталады.
5. Кедендiк алып жүру тәртiбi
23. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру тасымалдаушының, жөнелтушiнiң немесе алушының алып жүретiн көлiк құралында немесе кеден органының автокөлiгiнде жүзеге асырылады.
24. Кедендiк алып жүру жөнелткен кеден органынан бастап тағайындалған кеден органына дейiн үздiксiз жүзеге асырылады.
25. Алып жүретiн тауарлар мен көлiк құралдары тасымалдау жолында орналасқан кеден органдарында кеден нарядын ауысуымен бiрге қабылдау алынған-берiлген жағдайда аталған кеден органдары транзиттік мағлұмдамалардың, тауарлардың жеткiзiлуiн бақылау құжаттарының және кеден құжаттарының барлық беттерiнде тауарларды жеткiзудiң белгiленген ережелерiне сәйкес белгiлер қояды.
26. Алып жүретiн көлiк құралдарының кеден нарядын ауыстыру қабылдау-беру актiсi мiндеттi түрде жасалып және кедендiк алып жүру туралы жаңа шешiм қабылдаумен кедендiк алып жүру бекеттерiнде ғана жүзеге асырылады. Кедендiк алып жүру бекеттерiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi белгiлейдi.
27. Авария немесе тежеусiз күш әрекетi кезiнде кеден наряды тасымалдаушыға оның мiндеттемелерiн орындауға жәрдемдеседi. Көлiк оқиғасы туралы хаттама аға кеден нарядының қатысуымен жасалады.
6. Тауарларды тасымалдау кезiнде кедендiк алып
жүрудiң ерекшелiктерi
28. Көлiк құралдарымен тасымалданатын тауарларды кедендiк алып жүру кезiнде тасымалдау жағдайлары мен тауардың сипатына байланысты бiр кеден наряды 10 аспайтын автокөлiк құралын алып жүредi.
Кеден нарядының жеке құрамы бас және соңғы жол-көлiк құралында орналасады. Колонна тоқтаған кезде кеден наряды қарулы күзеттiң екi жағын бақылайды.
29. Көлiк құралдарының бiрi ақаулы болған кезде жөндеу аяқталғанға дейiн бүкiл колонна кiдіредi. Аварияның немесе көлiк құралының бұзылуы салдарынан тауар басқа көлiк құралына қайта тиелген кезде көлiк құралының жүк бөлiгiне мүмкiндiкке орай пломба салынады. Бұл ретте кеден наряды тауардың басқа көлiк құралына қайта тиелгенi туралы екi данада акт жасайды, онда тауарды қайта тиеу себептерi, тауардың мөлшерi мен басқа да ерекшелiктерi, ескi және жаңа пломбының нөмiрлерi көрсетiледi. Пломба салу мүмкiндiгiнiң болмауы актiде көрсетiледi. Актiге аға кеден наряды мен тасымалдаушы қол қояды. Актiнiң екiншi данасы тағайындалған кеден органына табыс етiледi.
30. Адамдардың өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауiптi болып табылатын тауарларды (химикаттарды, радиоактивтiк және жарылғыш заттарды және т.б.) кедендiк алып жүру жағдайында кедендiк алып жүру жеке көлiк құралында күшейтiлген кеден нарядымен жүзеге асырылады.
7. Кедендiк алып жүру кезiнде тасымалдаушының
құқықтары мен мiндеттерi
31. Тасымалдаушының:
кедендiк алып жүрудi жүзеге асыру үшiн, осы Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген құжаттармен танысуға;
тауарлар мен көлiк құралын кедендiк алып жүру туралы кеден органының шешiмiмен келiспеген жағдайда, жоғары сатыдағы кеден органына немесе сотқа шағымдануға құқығы бар.
32. Тасымалдаушы:
- кеден органы белгiлеген орынға тауарларды тасымалдаудың қалыпты жағдайларын қамтамасыз етуге;
- жөнелтушi кеден органы белгiлеген транзиттiк және жеткiзiлетiн тауарларды тасымалдаудың мерзiмдерi мен қозғалыс маршрутын сақтауға;
- авария немесе тежеусiз күш әрекетi кезiнде тауарлардың сақталуын және оларды қалай да пайдалануына жол бермеудi қамтамасыз ету үшiн қажеттi барлық шараларды қолдануға;
- кедендiк алып жүрудi жүзеге асыру үшiн кеден нарядына қажеттi жағдайлар мен жеке орындар беруге және қызметтiк мiндеттердi орындауда оған жәрдем көрсетуге мiндеттi.
8. Кедендiк алып жүру кезiнде кеден нарядының
құқықтары мен мiндеттерi
33. Кеден нарядын аға наряд басқарады. Егер кеден наряды бiр адамнан тұратын болса, ол бiруақытта аға кеден наряды болып табылады. Аға кеден наряды мен оның жеке құрамы "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасының Заңы мен осы Ережеде белгiленген өзiнiң мiндеттерiн мүлтiксiз орындауға тиiс.
34. Кеден наряды аталған тауарларды тағайындалған кеден органына жай-күйiн өзгертпей белгiленген мерзiмдерде және белгiленген маршруттармен жеткiзудi қамтамасыз ету үшiн транзиттiк және тасымалданатын тауарларды бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
35. Аға кеден наряды:
кеден нарядының жеке құрамын кедендiк алып жүру тәртiбi туралы, сондай-ақ тауарларды кедендiк алып жүру кезiндегi олардың құқықтары мен мiндеттерi туралы нұсқаулық өткiзуге;
тауарларды тасымалдау маршрутының ерекшелiктерiн зерттеуге, маршруттағы ықтимал жағдайларды болжауға және тұтқиыл жағдайлар туындаған кезде нарядтың жеке құрамының iс-қимыл тәртiбiн айқындауға;
кедендiк алып жүру уақытында кеден нарядының жеке құрамының орналасу орнын және тасымалданатын тауарларға қадағалау жүргiзу тәртiбiн айқындауға;
кедендiк алып жүру кезiнде қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз етуге;
кеден нарядының жеке құрамының экипировкасын, оның байланыс құралдарымен жарақтандырылуын тексеруге;
кедендiк алып жүрумен тауарларды тасымалдау кезiнде кеден заңдарының сақталуына жалпы бақылауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
36. Кеден нарядының жеке құрамы кедендiк алып жүру кезiнде:
алып жүретiн тауарлар мен көлiк құралдарын қадағалауды жүргiзуге;
көлiк құралдарының жүк бөлiмшелерiне салынған кедендiк қамтамасыз ету құралдарының жағдайын, сондай-ақ тасымалданатын тауарларды бiрдейлендiрудiң басқа құралдарын тексеруге;
қолдануға тұрақты түрде даяр қару мен арнайы құралдар болуға;
қауiпсiздiк шараларын қатаң сақтауға;
алып жүретiн көлiк құралдарында бөгде адамдардың жүруiне жол бермеуге мiндеттi.
37. Кеден наряды кедендiк алып жүрудi жүзеге асырған кезде "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген ережелерге сәйкес жеке күшiн, арнайы құралдар мен атыс құралдарын қолдануға құқылы.
38. Адам өмiрiне қауiп, транзиттiк және тасымалданатын тауарлардың жойылуына немесе жоғалуына әкеп соқтыруы мүмкiн тежеусiз күш әрекетi туындаған жағдайларда кеден нарядының жеке құрамы зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, кедендiк алып жүруге барлық қатысушылардың өмiрiнiң қауiпсiздiгi мен денсаулығын, аталған тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi өзiне байланысты барлық шараларды қолдануға мiндеттi.
39. Кедендiк алып жүру нарядын басқа бақылаушы органдар ұстаған кезде аға кеден наряды жөнелткен кеденге және тағайындаған кеденге арнайы хабарламаны дереу жiбередi. Хабарламада нарядты ұстаған орган туралы нақты деректер, ұстау себептерi, лауазымды тұлғалардың тегi болуға тиiс. Кеден бақылауындағы тауарларды жөнелткен кеден басшылығының нұсқауларын алғанға дейiн кеден наряд күзетедi.
9. Кеден нарядын қалыптастыру
40. Кеден наряды көлiк құралдарының саны мен тасымалдау жағдайларына, тасымалданатын тауарлардың сипатына, сондай-ақ нарядтың құрамына әсер етуi мүмкiн басқа да факторларға орай қалыптастырады.
41. Кеден нарядының жеке құрамын атыс құралдарымен, арнайы құралдармен және қорғаныстың жеке құралдарымен жарақтандыруды алып жүру маршрутындағы жедел жағдайға байланысты айқындалады.
42. Кедендiк алып жүру нарядында:
осы Ереженiң 16-тармағында аталған қажеттi құжаттар;
пломбылайтын қондырғы;
қажет жағдайда - екi жаққа жүру жолына арналған азық-түлiк немесе азық-түлiк-жолдық ақша, тамақ iшуге және оны даярлауға, сондай-ақ ауыз суды сақтауға арналған ыдыс аяқ, пост киiмiнiң жинақтары, жолда бiр тәулiктен астам болған кезде нарядтың барлық құрамына арналған төсек орын, медициналық аптечка, ракетницалар, дабыл беретiн қызыл жалаушалар мен қызыл түстi жарық сүзгiлi шамдар, байланыс құралдары болуға тиiс.
43. Егер тауарлар мен көлiк құралдарын тағайындалған кеден органы кедендік алып жүрген жағдайда мұндай наряд осындай шешiм қабылданып келiсiлгеннен кейiн барынша қысқа мерзімдерде жөнелтушi кеден органына келiп кедендiк алып жүру жөнiндегі өзінiң мiндеттерін орындауға кiрiсуге міндетті. Жөнелтушi кеден органы кеден нарядын қарсы алуды және нұсқаулық өткізудi ұйымдастыруға тиiс. 44. Кеден нарядын жiберер алдында нарядқа нұсқаулық өткiзiледi, нарядтың денсаулық жағдайы, жасақталуы, қызметтiк міндеттерiн бiлуi, қару мен арнайы құралдардың жай-күйi тексеріледi. Кеден наряды кедендiк алып жүруді белгіленген үлгідегі нысанды киiм киiп жүзеге асырады. Кедендiк алып жүру Ережелерiне 1 қосымша Кедендiк алып жүру туралы шешім 2000 жылғы "__"_____________ (жасалған орны) __________________________________________________________________________ кеден органының лауазымды тұлғасы __________________________________________________________________________ _______________________________________________________қарап БЕЛГІЛЕДI: ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Жоғарыда айтылғанның негiзінде "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнің N ___ бұйрығын (күнi, бұйрықтың нөмірi), басшылыққа ала отырып ШЕШТI: 1. ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ 2. ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________
___________________________________
(лауазымды тұлғаның қолы)
Шешіммен таныстым: _____________________________________
Тегi, күнi, қолы
Кедендiк алып жүру
Ережелерiне 2 қосымша
БЕКIТЕМIН:
Аумақтық кеден органының бастығы Тегi, аты, әкесiнiң аты________________ 200_ жылғы "__________
N______ЖОСПАР-ТАПСЫРМА
1. Кеден нарядының құрамы: _______________________________________________
2. Қару-жарақ, арнайы құралдар____________________________________________
3. Жұмыс уақыты 200_ жылғы "___ бастап 200_ жылғы "___ң дейiн
4. Кеден нарядының қозғалыс маршруты______________________________________
5. Іссапар тапсырмасы_____________________________________________________
(Кедендiк алып жүру қызметiнiң бастығы) Тегі, аты, әкесiнiң аты
Кедендік алып жүру
Ережелерiне 3 қосымша
Кедендiк алып жүрудi қабылдау-беру актiсi
__________________________ 2000 жылғы "__" (елдi мекеннiң атауы) __________________________________________________________________________ (көлiк құралының атауы, мем. нөмiрi N________) __________________________________________________________________________ iлеспе тауар құжаттары бар __________________________________________________________________________ (КЖМ, УКМ, iлеспе құжаттардың NN) тасымалданатын тауарды (көлiк құралын) кедендiк алып жүруді тапсырған__________________________________________________аға наряд (кеден органының атауы, тегi, лауазымы) ал қабылдаған______________________________________________аға наряд (кеден органының атауы, тегi, лауазымы) Тауар (көлiк құралы) өзгерiссiз жағдайда, жүк бөлiктерi N_______________ пломба салынды. Қосымша N_____________________ пломба салынды Аға наряд________________________ ______________________________ (кеден органының атауы, (жеке нөмiрлi мөрi, лауазымы, тегi) қолы) Аға наряд________________________ ______________________________ (кеден органының атауы, (жеке нөмiрлi мөрi, лауазымы, тегi) қолы) Кедендік алып жүру Ережелеріне N 4 қосымша --------------------------------------------------------------------------- N ! Кедендік алып ! Күні ! Алып жүрген ! Тауардың атауы, ! Төлем құжаты. ! жүру туралы ! !автокөліктің ! көлемі ! ның нөмірі !шешімінің нөмірі! ! мемлекеттік ! ! ! ! ! нөмірі ! ! --------------------------------------------------------------------------- таблицаның жалғасы: --------------------------------------------------------------------------- Жөнелтушінің !Алушының деректері ! Тағайындалған ! Аға ! Тауарлар мен деректері !(мекен-жайы, атауы,! кеден органы ! наряд !көлік құралда. (мекен-жайы, !есеп шотының нөмірі! ! (тегі) !рын кедендік атауы, есеп ! мен т.б.) ! ! !алып жүруге шотының нөмірі! ! ! !қабылдап алдым мен т.б.) ! ! ! !(аға нарядтың ! ! ! !қолы) --------------------------------------------------------------------------- Журнал істер номенклатурасында тіркелуге, жіп өткізіп тігінделуге, нөмірленуге және кеден органының мөрімен мөрленуге тиіс. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.