ҚР МК-нiң 7.12.95 N 193-П "Кедендiк жолдамалау туралы" бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi 1997 жылғы 25 шiлде N 191-П Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 8 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 52. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2000 жылғы 29 наурыздағы N 266, Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 31 наурыздағы N 152 бұйрықтарымен. ~V001106

      Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк жолдамалауды ұйымдастыруды жетiлдiру, сондай-ақ тауарлардың жеткiзiлуiне кедендiк бақылауды күшейту мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 7 желтоқсандағы N 193-П V950144_ "Кедендiк жолдамалау туралы ережесiне" төмендегiдей өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      - 1.6-тармақтың 3-абзацындағы "заңды" сөзi алынып тасталсын;
      1.6-тармақтың 4-абзацы төмендегiдей редакцияда баяндалсын:
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 сәуiрдегi N 557 P950557_ "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыруды дамыту мен жетiлдiру шаралары туралы" қаулысымен бекiтiлген 2-қосымшаның талаптарын бұзатын көлемi сай емес тiркемелер мен жартылай тiркемелер көлiк жабдықтары ретiнде саналатын жағдайларды қоспағанда "көлiк құралдары - автомобильдердiң тiркеп сүйретуiне арналған, жол қозғалысына бiр бүтiн ретiнде қатысатын және халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалдау iсiнде пайдаланылатын тiркемелердi, жартылай тiркемелердi қосқандағы автокөлiк құралдары"
      2.2-тармақтың 3-абзацы төмендегiдей редакцияда баяндалсын:
      "тауардың сипаты мен мәртебесi (акцизделетiн тауарлар, лицензияланатын тауарлар, әкелiнуiне өзге мемлекеттiк органдардың рұқсаты талап етiлетiн тауарлар, кеден баждары мен салықтары салынатын тауарлар)";
      - 7.1-тармағына "1.6-тармақтың 4-абзацында көрсетiлген көлемi сай емес тiркемелер немесе жартылай тiркемелердi жолдамалау үшiн жеке көлiк құралындай кеден алымдары алынады" абзацы қосылсын.
      2. Жабдықталған көлiк құралы мен кеден органының түпнұсқадағы кепiлдiк мiндеттемесi бар болатын кезде акцизделетiн тауарлардан, лицензияланатын тауарлардан басқа тауарларды кедендiк жолдамалау жүзеге асырылмасын.
      3. Кедендiк жүктердi кеден тасымалдаушысы жолдамалап жүрмейтiн болса, жолдамалауға жолдамалау үшiн кеден алымдары алына отырып осы көлiк құралдары пайдаланылсын.
      4. Қаржыландыру басқармасы (Сейтенова Н.С.) кеден басқармалары мен кедендердiң кедендiк жолдамалаумен шұғылданатын қызметкерлерiнiң iссапарлық шығындарын төлеуiне, жүктердi жолдамалайтын автомобильдерге жанар-жағар май мен оларға техникалық қызмет көрсетуiне ақша қаражатын дер

 

кезiнде бөлсiн.

     5. ҚР МК-нiң 1996 жылғы 15 қарашадағы N 236-П Бұйрығының және ҚР

МК-нiң 1997 жылғы 28 наурыздағы N 74-П Бұйрығының күшi жойылған болып

есептелсiн.

     6. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы

Мемлекеттiк кеден комитетi Төрағасының орынбасары В.Д.Кирдановқа жүктелсiн.

     7. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен бастап күшiне енедi.

     Бұйрық Қазақстан Республикасы кеден органдарының күллi жеке құрамына

хабарлансын.


     Төраға





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады