------------- Бұйрықтан үзінді ------------
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінің 580-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. "Жергілікті атқарушы органның заемдары мен борыштары туралы тоқсан сайынғы есептің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 10 сәуір N 168 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 1126 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
...
______________________________________________________________
Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу мен борыш мониторингін қамтамасыз ету мақсатында және "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы
Заңына
сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған жергілікті атқарушы органның заемдары мен борыштары туралы тоқсан сайынғы есебінің нысаны бекітілсін.
2. Мемлекеттік қарыз алу департаменті:
осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін;
жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу мен борыш мониторингін жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Жергiлiктi аткарушы органның заемдары мен
борыштары туралы тоқсан сайынғы
есебiнiң нысанын толтыру
ТӘРТIБI
Жергiлiктi атқарушы органның заемдары мен борыштары туралы есеп жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын, тиiстi жергілiктi атқарушы орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тартқан заемдар бойынша берешектi игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету мониторингi мақсатында есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн тоқсан сайын беріледi.
1-бағанда заем туралы келiсiмнiң нөмiрi мен оған қол қойылған күн көрсетiледi.
2-бағанда заемның валютасы көрсетiледi.
3-6-бағандарда заем қаражатының игерiлуi (түсуi) көрсетіледi. 3-бағанға есептi кезеңнiң басындағы заем қаражатын игерудiң сомасы қойылады, 4-бағанда есептi кезеңде игеру сомасы көрсетiледi, 5 және 6-бағандарда есептi кезеңнен кейiнгi келесi тоқсанға және жылдың аяғына дейiнгi заем қаражатының игерiлу (түсу) болжамдары көрсетіледi.
7-11-бағандарда негiзгi борышты өтеу жөнiндегi төлемдер көрсетiледi. 7-бағанда төлемдердiң басынан бастап негiзгi борышты өтеу сомасы көрсетiледi, 8-бағанда - есептi кезеңде негiзгi борышты өтеу бойынша тиiстi төлемдер, 9-бағанда - есептi кезеңде iс жүзiнде жүргiзiлген төлемдердiң сомасы, 10 және 11-бағандарда келесi тоқсанда және жылдың аяғына дейiн негiзгi борышты өтеу төлемдерiнiң болжамдары көрсетiледi.
12-бағанда есептi кезеңнiң аяғындағы заем бойынша негiзгi борыштың қалдығы көрсетiледi (3-бағ.+4-бағ.-7-бағ.-9-бағ.)
13-17-бағандарда сыйақының (мүдденiң) төлемдерi көрсетіледi. 13-бағанда есептi кезеңнiң басындағы жағдай бойынша сыйақының (мүдденiң) төленген төлемдерiнiң сомасы көрсетiледi, 14-бағанда - есептi кезеңде төлеуге жататын сыйақы (мүдде) төлемдерiнiң сомасы, 15-бағанда - есептi кезеңдегi сыйақының (мүдденiң) iс жүзiнде жүргiзiлген төлемдерiнiң сомасы, 16 және 17-бағандарда - келесi тоқсанда және жылдың аяғына дейiн сыйақы (мүдде) төлемдерiнiң болжамдары көрсетiледi.
18-22-бағандарда барлық iлеспе төлемдер (аванстық төлемдер, комиссиондық ақылар, айыптар, сақтандыру жарналары және т.б.) көрсетiледi. 18-бағанда өздерiнiң төлеуден бастап жүзеге асырылған барлық iлеспе төлемдердiң сомасы көрсетiледi, 19-бағанда - есептi кезеңде төлеуге жататын iлеспе төлемдер, 20-бағанда - есептi кезеңде жүргiзiлген ілеспе төлемдердiң сомасы, 21 және 22-бағандарда - келесi тоқсанда және жылдың аяғына дейiн iлеспе төлемдердiң болжамдары көрсетiледi.
23-28-бағандарда есептi кезеңнiң басындағы және аяғындағы негiзгi борыш, сыйақы (мүдде) және iлеспе төлемдер бойынша мерзiмi өткен (тиесiлi, бiрақ жүргiзiлмеген) төлемдер көрсетіледi. 26-баған (23-бағ. + 8-бағ. - 9-бағ.), 27-баған - (24-бағ. + 14-бағ. - 15-бағ.), 28-баған - (25-бағ. + 19-бағ. + 20-бағ.) айырмашылық ретiнде анықталады.
Қызмет көрсетiлетiн заемдар бойынша есептi толтыру аяқталғаннан кейiн заемның әрбiр валютасының сомалары бойынша "Барлығы:" жолы жеке толтырылады, мәселен, АҚШ долларымен, маркамен, теңгемен және т.б. барлығы. "Жиыны:" жолы заемның, төлемдердiң сомасын теңгемен көрсетедi. Заемның, төлемдердiң шетелдiк валютадағы әрбiр сомасы теңгенiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағамы бойынша теңгемен төлем күнiндегi тиiстi валютаға аударылады.
1-тоқсан үшiн есептi толтырған кезде 5, 10, 16, 21-бағандарда ағымдағы жылдың 2-тоқсанындағы деректер, ал 6, 11, 17, 22-бағандарда - 2-тоқсаннан бастап ағымдағы жылдың аяғына дейiнгi деректер көрсетіледi. 3-тоқсан үшiн есептi толтырған кезде 5, 10, 16, 21-бағандарда ағымдағы жылдың 4-тоқсанындағы деректер, ал 6, 11, 17, 22-бағандарда - 4-тоқсаннан бастап келесi жылдың аяғына дейiнгi деректер көрсетiледi. 4-тоқсан үшiн есептi толтырған кезде 5, 10, 16, 21-бағандарда есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 1-тоқсанының болжамды сомасы, ал 6, 11, 17, 22-бағандарда - келесi жылдың 1-тоқсанынан бастап 4-тоқсанын қоса алғандағы болжамның сомасы көрсетiледi.
Жергiлiктi атқарушы органның заемдары мен борыштары туралы есеп берген кезде тиiстi жергілiктi атқарушы орган заем туралы келiсiмге (бастапқы есеп берген кезде - жинақталған борыштар бойынша) қол қойылғаннан кейiн бiр рет "Заем шарттары" N 1 қосымшасына сәйкес ақпаратты бередi. N 1 қосымшада заем берушiнiң (несие берушiнiң), заем алушының атауы және олардың толық деректемелерi (мекен-жайлары, телефон, телефакс нөмiрлерi, бiрiншi басшылардың аты-жөндерi) заемның әрекет ету кезеңi игерудiң басталуы және заемды өтеудiң аяқталуы, заемның сомасы, заемды тартудың мақсаты, сыйақы (мүдде) ставкасының мөлшерi көрсетiледi. Заемды өтеу жөнiндегi төлемдердiң шарттары, мерзiмдерi және сомасы өзгерген жағдайда, қосымша келiсiмдердiң бастапқы шарттарды өзгертетiн шарттары толтырылады.
4, 9, 15, 20-бағандарда көрсетiлген сома "Жергілiктi атқарушы органның заемдары бойынша есептi кезеңде жүргiзiлген игерулердiң және төлемдердiң түсiндiрмесi" N 2 қосымшасына сәйкес түсiндiруге жатады. Түсiндiрмеде көрсетiлген жиынтық мәндер жергiлiктi атқарушы органның заемдары мен борыштары туралы есептiң тиiстi көрсеткiштерiне тең болуы тиiс.
Жергілiктi атқарушы органдар қабылдаған мiндеттемелер, сондай-ақ олар берген кепiлдiктер мен кепiлгерлiктер "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңы күшiне енгiзiлгенге дейiн жергiлiктi атқарушы органның заемдары мен борыштары туралы есепте ұқсас түрде барлық бағандарда, әрқайсысы жеке жолмен көрсетiлуi тиiс.
Жергілiктi атқарушы орган есептi бергеннен кейiн iс жүзiндегi көрсеткiштердiң (игеру төлемдер) мәндерi өзгерген кезде кейiнгi есепте осы өзгерiстер "есептi кезең үшiн" тиiстi бағандарында ескеріледi, ал N 1 қосымшада осы өзгерiстiң түсiндiрмесi көрсетiледi.
Есепке жергiлiктi атқарушы органның жауапты атқарушысы, жергіліктi атқарушы органның қаржы бөлiмшесiнiң басшысы және жергiлiктi атқарушы органның басшысы қол қояды.
Жергілікті атқарушы
органның заемдары мен борыштары
туралы тоқсан сайынғы есептің
нысанына N 1 қосымша
Заем шарттары
|
---------------------------------------------------------------------------
р/N!Заем берушінің!Заем алушының! Келісімнің ! Аймақтық инвестициялық
!деректемелері !деректемелері!(қосымша Келі.! жобаның атауы
! ! !сімнің) нөмірі!Жобаның өзінің атауы (не.
! ! !мен күні !месе өзін іске асыруға
! ! ! !заем алынған мақсаты)
---------------------------------------------------------------------------
! 1 ! 2 ! 3 ! 4
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------------------------
Тиісті !Заемға қызмет!Заемның әрекет ету!Заемның сомасы! Негізгі
Мәслихаттың ! көрсететін !кезеңі (игерудің ! мен валютасы ! борышты
қарыз алу ! қаржы !басталуы және ! !өтеу сызбасы
туралы шеші. ! агенттінің !өтеудің аяқталуы) ! !-------------
мінің нөмірі ! атауы ! ! !күні !Сомасы
мен күні ! ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
5 ! 6 ! 7 ! 8 ! 9 ! 10
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------------------------
Төлемдердің мерзімділігі ! Ілеспе төлемдердің түрлері, ! Өтеу шотының
және сыйақы (мүдде) ! мерзімділігі және ставкалары ! деректемелері
ставкалары ! !
--------------------------!-------------------------------!
Күні ! Ставкасы !Түрі! Төлемнің күні !Ставкалары!
! ! ! және/немесе ! !
! ! ! шарты ! !
---------------------------------------------------------------------------
11 ! 12 ! 13 ! 14 ! 15 ! 16
---------------------------------------------------------------------------
бірінші басшы қолы аты-жөні
қаржы басшысы қолы аты-жөні
атқарушы қолы аты-жөні
МО
Жергілікті атқарушы
органның заемдары мен борыштары
туралы тоқсан сайынғы есептің
нысанына N 2 қосымша
Жергілікті атқарушы органның заемдары бойынша есепті кезеңде
жүргізілген игерулер мен төлемдердің түсіндірмесі
---------------------------------------------------------------------------
р/N! Заемның !Заем қаражатының игерілгені!Төлемнің тағайындауы (негізгі
!нөмірі мен ! (түскені) !борышты өтеу, сыйақы (мүдде),
! күні !---------------------------!айыптар, банк-агентке комиссия.
! ! күні ! сомасы мен !лық сыйақы, аванстық төлемдер
! ! ! валютасы !немесе т.б.)
---------------------------------------------------------------------------
! 1 ! 2 ! 3 ! 4
---------------------------------------------------------------------------
Барлығы:
АҚШ $-мен
DМR-мен
JРY-мен
және т.б.
Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------
Төлемнің валютасы !Төлемнің нөмірі !Төлемнің сомасы
! мен күні !
---------------------------------------------------
5 ! 6 ! 7
---------------------------------------------------
бірінші басшы қолы аты-жөні
қаржы басшысы қолы аты-жөні
атқарушы қолы аты-жөні
МО
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 10 сәуір
N 168 бұйрығымен
бекітілген
Жергілікті атқарушы органның заемдары мен борыштары туралы тоқсан
сайынғы есептің нысаны
_________________________________20___жылғы________ тоқсандағы.
жергілікті атқарушы органның атауы
Жергілікті атқарушы орган есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне береді
---------------------------------------------------------------------------
р/N!Заем туралы!Заемның!Заем қаражатының игерілгені (түскені)! Негізгі
!келісімнің !валюта.!-------------------------------------!-------------
!нөмірі мен !сы !Есепті !Есепті ! Игеру болжамы !Есепті
!күні ! !кезең. !кезеңде !-------------------!кезеңнің
! ! !нің ба.!игерліген!келесі !ағымдағы !басындағы
! ! !сындағы!заемның !тоқсанда!жылдың !жағдай
! ! ! !сомасы ! !аяғына !бойынша
! ! ! ! ! !дейін !төлемдердің
! ! ! ! ! ! !басынан
! ! ! ! ! ! !бергі
! ! ! ! ! ! !барлығы
---------------------------------------------------------------------------
! 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
---------------------------------------------------------------------------
Барлығы:
АҚШ $-мен
DМR-мен
JРY-мен
және т.б.
Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------------------------
негізгі борышты өтеу ! ! Сыйақы (мүдде) төлемдері
---------------------------------!--------!--------------------------------
есепті кезеңдегі!Негізгі борышты ! Есепті !Есепті кезең.!есепті кезеңдегі
----------------!өтеу жөн. төлем.!кезеңнің!басындағы !------------------
Тиесілі!Жүргі. !дің болжамы !аяғында.!жағдай бойын.!Тиесілі!Жүргізіл.
төлем. !зілген !----------------!ғы не. !ша төлемдер. !төлем. !ген тө.
дер !төлемдер!келесі !жылдың !гізгі !дің басынан !дер !лемдер
! !тоқсанда!аяғына !борыштың!бергі барлығы! !
! ! !дейін !қалдығы ! ! !
! ! ! !--------! ! !
! ! ! !3-бағ.+ ! ! !
! ! ! !4-бағ.- ! ! !
! ! ! !7-бағ.- ! ! !
! ! ! !9-бағ. ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
8 ! 9 ! 10 ! 11 ! 12 ! 13 ! 14 ! 15
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------------------------
! Ілеспе төлемдер
----------------!----------------------------------------------------------
Сыйақы (мүдде) !Есепті !есепті кезеңдегі !Ілеспе төлемдер бойынша болжам
төлемдері !кезеңнің !-----------------!------------------------------
----------------!басындағы!Тиесілі!Жүргізіл.!келесі !жылдың аяғына
келесі !жылдың !жағдай !төлем. !ген тө. !тоқсанда !дейін
тоқсанда!аяғына !бойынша !дер !лемдер ! !
!дейін !төлемдер.!
!дің басы.!
!нан бергі!
!барлығы !
---------------------------------------------------------------------------
16 ! 17 ! 18 ! 19 ! 20 ! 21 ! 22
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------------------------
Мерзімі өткен төлемдер
---------------------------------------------------------------------------
Есепті кезеңнің басындағы ! Есепті кезеңнің аяғындағы
----------------------------------------!----------------------------------
негізгі ! сыйақы ! ілеспе !негізгі ! сыйақы ! ілеспе
борыш бойынша !бойынша !төлемдер бойынша!борыш бойынша ! бойынша ! төлемдер
! ! ! ! ! бойынша
--------------!--------!----------------!--------------!---------!---------
! ! !23-бағ.+8-бағ.!24-бағ.+ !25-бағ.+
! ! !-9-бағ. !14-бағ.- !19-бағ.-
! ! ! !15-бағ. !20-бағ.
---------------------------------------------------------------------------
23 ! 24 ! 25 ! 26 ! 27 ! 28
---------------------------------------------------------------------------
бірінші басшы қолы аты-жөні
қаржы басшысы қолы аты-жөні
атқарушы қолы аты-жөні
МО