Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 10 наурыздағы N 145 бұйрығымен.
---------------Бұйрықтан үзінді----------------
Нормативтік құқықтық базаны қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тізім бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. ...
3. ...
Министр
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің
2005 жылғы 10 наурыздағы
N 145 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі
1. ...
2. "2000 жылы ауыл мектептерін бітірген азаматтарды Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі қызметін атқарушының 2000 жылғы 31 мамырдағы N 529 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1145 болып тіркелген, 2000 жылғы 28 маусымдағы N 27 "Заң газеті").
3. ...
4. ...
5. ...
6. ...
___________________________________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 464
P990464_
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоғары оқу орындарында студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа моделі туралы" қаулысын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы N 315
P000315_
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 464 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында Бұйырамын:
1. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы бар мамандықтар бойынша мемлекеттік білім тапсырысының 30 пайыздан кем емес көлемінде 2000 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына ауыл мектептерін бітірген азаматтарды қабылдау квотасы бекітілсін.
2. 2000 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына ауыл
мектептерін бітірген азаматтарды қабылдау үшін бекітілген квота бойынша
жоғары кәсіптік білім беру мамандықтарының қоса берілген Тізбесі
бекітілсін.
3. Жоғары білім департаменті (Ә. Әбжаппаров) осы бұйрықты белгіленген
тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік
тіркеуден өткізуге ұсынсын.
4. Осы бұйрық Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне
енеді.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә.Ахметовке
жүктелсін.
Министр
Білім және ғылым
министрлігінің
2000 жылғы 31.05.
N 529 бұйрығына қосымша
2000 жылы ауыл мектептерін бітірген азаматтарға
арналған қабылдау квотасының
жоғары білім мамандықтарының тізімі
_____________________________________________________________________
Код! Мамандарды дайындау ! Шифр ! Мамандықтар атауы
бағыттары
_____________________________________________________________________
1 2 3 4
_____________________________________________________________________
01 Жаратылыстану-ғылыми 0101 Математика
мамандықтары (0100) 0104 Физика
0105 Информатика
0107 Химия
0108 Биология
0110 География
0112 Метеорология және гидрология
_____________________________________________________________________
02 Гуманитарлық 0203 Тарих
мамандықтары (0200) 0210 Журналистика
0212 Қазақ тілі мен әдебиеті
0213 Орыс тілі мен әдебиеті
_____________________________________________________________________
03 Білім мамандықтары 0301 Математика және физика
(0300) 0302 Физика және информатика
0303 Биология және химия
0306 Тарих және география
0307 Қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі
0309 Орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі
0310 Валеология
0311 Дене шынықтыру мәдениеті және
спорт
0312 Алғашқы әскери дайындық және
дене шынықтыру
0313 Кәсіптік оқу және еңбек
0314 Педагогика және психология
0315 Педагогика және бастауыш мектепте
оқытудың әдістемесі
0316 Дефектология
0317 Музыка және ән айту
0318 Бейнелеу өнері мен сызу
0319 Шет тілі: екі шет тілі
0320 Әлеуметтік педагогика
0321 Педагогика және мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытудың әдістемесі
____________________________________________________________________
04 Медициналық 0401 Емдеу ісі
мамандықтары (0400) 0402 Педиатрия
0403 Тазалық және эпидемиология
0404 Стоматология
0405 Дәрі жасау
_____________________________________________________________________
05 Ветеринарлық 0501 Ветеринарлық медицина
мамандықтар (0500) 0502 Ветеринарлық іс
_____________________________________________________________________
06 Өнер және мәдениет 0615 Кітапхана тану және библиография
мамандықтары (0600) 0621 Дәстүрлі өнер - жыр
_____________________________________________________________________
07 Экономикалық 0703 Статистика
мамандықтар (0700) 0707 Бухгалтерлік есеп және аудит
0709 Табиғатты пайдалану экономикасы
0713 АЭК экономика мен менеджмент
_____________________________________________________________________
09 Басқару мамандықтары 0905 Маркетинг және коммерция
(0900) 0908 Тауартану және қажеттілік
тауарларының сапасын сараптау
0915 Еңбек ресурстарын басқару
_____________________________________________________________________
15 Ақпараттық жүйелер 1501 Ақпараттық жүйелер (қолданатын
(1500) облыстары бойынша)
_____________________________________________________________________
16 Стандарттау және 1602 Ауылшаруашылық өнімдерін
сертификаттау (1600) стандарттау және сертификаттау
_____________________________________________________________________
17 Тіршілік әрекеттерінің 1701 Өрт қауіпсіздігі
қауіпсіздігі (1700) 1702 Еңбек және тіршілік әрекеттерінің
қауіпсіздігі
1703 Қолданбалы экология
_____________________________________________________________________
18 Геология (1800) 1802 Барлау және іздеудің геофизикалық
әдістері
_____________________________________________________________________
21 Электр энергетикасы 2103 Суэлектр энергетикасы
(2100) 2105 Ауылшаруашылық өндірісін
электрлендіру және автоматтандыру
_____________________________________________________________________
22 Жылу энергетикасы (2200) 2202 Су және отын технологиясы
25 Мәшине жасау (2500) 2503 Ауылшаруашылық мәшине жасау
27 Теңіз техникасы 2702 Кеме энергетикалық қондырғылар
(2700) мен жабдықтар
_____________________________________________________________________
28 Көлік техникасы (2800) 2801 Автомобиль және трактор жасау
2803 Көтергіш-көлік, құрылыс, жол
мәшинелері және жабдықтары
2805 Автомобильдер және автомобиль
шаруашылығы
_____________________________________________________________________
30 Көлік пайдалану 3001 Тасымалдауды және жол қозғалысын
(3000) ұйымдастыру (көлік түріне
байланысты)
3005 Тиеу-түсіру жұмысының
механизациясы
_____________________________________________________________________
33 Электрмеханикалық және 3307 Көлік құралдарының электр
электртехникалық жабдықтар жабдықтары
(3300) 3308 Технологиялық кешендердің
электржетегі және
автоматтандырылуы
_____________________________________________________________________
Геодезия және картография 3201 Қолданбалы геодезия
(3200)
_____________________________________________________________________
38 Радиоэлектроника және 3804 Автоматты электрлік байланыс
телекоммуникация (3800) 3808 Көліктік радиожабдықтарды
техникалық пайдалану
3809 Радиобайланыс және радионавигация
_____________________________________________________________________
40 Бұйымдар мен кең 4003 Былғары және мех технологиясы
қолданылатын
тауарлардың химиялық
технологиясы (4000)
_____________________________________________________________________
42 Азық-түлік тағамдарының 4201 Астық өнімдері, нан және макарон
технологиясы технологиясы
(4200) 4202 Кондитер және қант өнімдері
технологиясы
4203 Консерві және ұзақ сақталатын
өнімдер технологиясы
4204 Ашыту өндірісі және шарап жасау
технологиясы
4205 Ет және сүт өнімдері технологиясы
4206 Балық өнімдері және майлар
технологиясы
4207 Қоғамдық тамақтандыру өнімдері
технологиясы
_____________________________________________________________________
43 Құрылыс (4300) 4301 Өнеркәсіптік және азаматтық
құрылыс
4306 Сумен қамтамасыз ету, суды бұру
және су қорларын қорғау
4308 Құрылысты механикаландыру және
автоматтандыру
4309 Темір жол құрылысы, темір жол
және темір жол шаруашылығы
4310 Жолдар және аэродромдар
құрылысы, көпірлер және жер асты
көлігі
_____________________________________________________________________
44 Агроинженерлік іс 4401 Жер кадастрі және қозғалмайтын
(4400) мүлікті бағалау
4402 Жер ресурстарын және жерді
үйлестіруді басқару
4403 Гидромелиорация және мелиорация
жұмыстарын механикаландыру
4405 Ауыл шаруашылығы өндірісін
механикаландыру
4406 Агротехникалық сервис
_____________________________________________________________________
45 Өсімдік тану 4501 Агрономия
(4500) 4503 Жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы
4504 Агроэкология
4507 Фермерлік іс
_____________________________________________________________________
46 Мал шаруашылығы (4600) 4601 Аңшылық және аң шаруашылығы
4603 Ауыл шаруашылық биотехнологиясы
және селекция
4607 Мал шикізатының (өнімінің)
тауартануы
_____________________________________________________________________
47 Орман және парк 4701 Орман инженерлік ісі
шаруашылығы (4700) 4702 орман және бау-бақша шаруашылығы
_____________________________________________________________________
48 Су және балық 4801 Ихтиология және балық қорын қорғау
шаруашылығы (4800) 4802 Балық шаруашылығы және су
геологиясы
4803 Өндірістік балық аулау
4804 Аквамәдениет
_____________________________________________________________________
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Балабекова Г.Г.