Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.07.31 N 328 Бұйрығымен.
------------------- Бұйрықтан үзінді ------------------
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
43-1-бабына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мынадай:
......;
"Жұмыс істейтін азаматтарға міндетті әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған жұмыс берушілердің шығыстарын өтеудің қағидасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 11 мамырдағы
N 224
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 14 маусымдағы N 1157 тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. ...
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Жәмішев
"2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1999 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 25 мамырдағы N 242
V990810_
бұйрығымен бекiтiлген Жұмыс iстейтiн азаматтарға мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған жұмыс берушiлердің шығыстарын өтеудiң қағидасына қоса берiлiп отырған өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi. Министр Жұмыс істейтiн азаматтарға мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған жұмыс берушілердiң шығыстарын өтеудiң қағидасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
"Жұмыс iстейтiн азаматтарға мiндеттi әлеуметтік қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған жұмыс берушiлердiң шығыстарын өтеудiң қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 25 мамырдағы N 242 бұйрығымен бекiтiлген Жұмыс iстейтiн азаматтарға мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған жұмыс берушiлердiң шығыстарын өтеудiң қағидасына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
3-тармақтағы "қосымшаға" деген сөз "1-қосымшаға" деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi және төртiншi тараулардың атауы "1999 жылы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
"4-1. 2000 жылдан бастап мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған мемлекеттiк мекемелердiң шығыстарын өтеудiң тәртiбi
10-1. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 17 сәуiрiн қоса алғандағы кезеңде есептелген және кейiнгi қаржы жылдары төленбеген жәрдемақылар бойынша берешектi өтеу үшiн 2000 жылдан бастап республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (қалалық) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiне 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 17 сәуiрiн қоса алғандағы кезеңде есептелген және растау күнiнде төленбеген жәрдемақылар бойынша берешектiң қалдығына растама бередi.
10-2. Аудандық (қалалық) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi республикалық бюджеттен қаржыландыру лимиттерi түскен кезде және осы берешектiң бар-жоғы туралы мемлекеттiк мекеменiң растамасын алған кезде төлем тапсырмасымен қалдықтың расталған сомасының шегiнде мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк шоттарына шығыстардың экономикалық сыныптамасының 113-ерекшелiгiне республикалық бюджеттiң қаражатын аудару жолымен жұмыс берушiлермен (мемлекеттiк мекемелермен) есеп айырысуды жүргiзедi. Жұмыс берушi қаражатты алғаннан кейiн жұмысшыларға 113-ерекшелiк бойынша есептелген жәрдемақыларды төлейдi.";
15-тармақтағы "қазынашылықтың аумақтық органдары" деген сөздер "Қаржы бақылау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген Қағидаға қосымшада: "Қосымша" деген сөз "1-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын.
Жұмыс істейтiн азаматтарға мiндеттi
әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған жұмыс берушілердiң шығыстарын өтеу қағидасына 2-қосымша
1999 жылғы 1 қаңтардан бастап 1999 жылғы 17 сәуірге дейінгі
кезеңде есептелген және растау күнінде төленбеген жәрдемақылар бойынша берешектің қалдығына Растама __________________________________ (мемлекеттік мекеменің атауы) ____________________________________________________________________ р/р Шығыстардың атауы Теңгенің Жыл басынан бергі Берешектің есептелгені кассалық шығыс*, қалдығы, теңге теңге ____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 ____________________________________________________________________ 1 Жәрдемақылар: Еңбекке уақытша жарам. сыздық бойынша,барлығы ____________________________________________________________________ 2 оның ішінде еңбекте жарақат алуы және кәсіби ауруы бойынша ____________________________________________________________________ 3 Жүктілігі және бала тууы бойынша ____________________________________________________________________ 4 Бала туылған кездегі ____________________________________________________________________ 5 Жерлеуге ____________________________________________________________________ Жолдар сомасының жиыны (1,3-5) ____________________________________________________________________ 200___жылғы ________ Басшы__________ ____________________ (қолы) (аты-жөні,лауазымы) Бас бухгалтер___________ ___________________ (қолы) (аты-жөні,лауазымы) МО * Ескерту: жұмыс істейтін азаматтарға іс жүзінде төленген жәрдемақылардың сомасы бойынша шығыстар, оның ішінде депонентке жатқызылған сома да қамтылады. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.