Жұмыс істейтін азаматтарға міндетті әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған жұмыс берушілердің шығыстарын мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен өтеудің қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қаржы министрлігі 1999 жылғы 25 мамыр N 242 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 18 маусымда тіркелді. Тіркеу N 810. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 31 шілдедегі N 328 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.07.31 N 328 Бұйрығымен.

      ------------------- Бұйрықтан үзінді ------------------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мынадай:
      "Жұмыс істейтін азаматтарға міндетті әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған жұмыс берушілердің шығыстарын мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен өтеудің қағидасына бекіту туралы" 1999 жылғы 25 мамырдағы N 242 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1999 жылғы 18 маусымдағы N 810 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 1999 ж. N 10 жарияланған);
      ...бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                         Б. Жәмішев

      1. Жұмыс істейтін азаматтарға міндетті әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған жұмыс берушілердің шығыстарын мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен өтеудің қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Жұмыс iстейтiн азаматтарға мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған жұмыс берушiлердiң шығыстарын өтеудiң қағидасы 1. Жалпы Ережелер
      1. Осы Қағида Z980318_ "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында әзiрлендi және Қазақстан Республикасының бюджетi шығыстары бюджеттiк жiктемесiнiң "Мiндеттi әлеуметтік қамсыздандыру жөнiндегi кепiлдiктер бойынша борыштарды өтеу" 46 бағдарламасы бойынша "Жеке тұлғаларға мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған трансферттер" 331 ерекшелiк бойынша республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне көзделген республикалық бюджет қаражаты есебiнен жұмыс iстейтiн азаматтарға мiндетті әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды (уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша; жүктi болуы және бала туу бойынша; баланың тууына; жерлеуге) төлеуге жұмсалған жұмыс берушiлердiң шығыстарын өтеудiң механизмiн белгiлейдi.
      2. Жұмыс берушiлердiң шығыстарын өтеу 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 17 сәуiрiн қоса алғанда есептелген жәрдемақылар бойынша жүргiзiледi.
 
                 2. Есептелген және төленген жәрдемақылар туралы
                            есептеме берудiң тәртiбi
 
      3. Жұмыс берушiлер 1999 жылдың 1 маусымына дейiн мерзiмде еңбек және халықты әлеуметтiк қорғаудың аудандық (қалалық) бөлiмдерiне 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 1 сәуiрiн қоса алғанда есептелген және төленген жәрдемақылар бойынша шығыстар туралы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада жасалған есеп бередi.
      4. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғаудың аудандық (қалалық) бөлiмдерi мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша жәрдемақыларды есептеудiң және төлеудiң дұрыстығын тексередi, есептiң реттiк нөмiрiн және тiркелген күнiн көрсете отырып, жiппен қайымдалған және нөмiрленген тiркеу кiтабында тiркейдi.
      Ұсынылған есептердi тексергеннен кейiн еңбек және халықты әлеуметтiк қорғаудың аудандық (қалалық) бөлiмдерi есептiң реттік нөмiрi мен тiркеу күнiн көрсете отырып, бақылау визасын және есептiң бiрiншi бетiнiң оң жақ жоғары бұрышына мөртаңба қояды. Есептiң еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң визасы мен мөртаңбасы бар екiншi данасы жұмыс берушiге қайтарылады.
      Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғаудың облыстық (қалалық) бөлiмдерi 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 17 сәуiрiн қоса алғандағы кезең үшiн аудан (қала) бойынша есептелген және төленген жәрдемақылар бойынша шығыстар туралы жиынтық есептi еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың облыстық (қалалық) басқармаларына тапсырады.
      5. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғаудың облыстық (қалалық) бөлiмдерi 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 17 сәуiрiн қоса алғандағы кезең үшiн облыс (қала) бойынша есептелген және төленген жәрдемақылар бойынша шығыстар туралы жиынтық есептi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне тапсырады.
      6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 17 сәуiрiн қоса алғандағы кезең үшiн есептелген және төленген жәрдемақылар бойынша шығыстар туралы жиынтық есептi және қаржыландыруға арналған өтiнiмдi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тапсырады.
      7. Жоғарыда аталған бағдарлама бойынша қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледі.
      8. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғаудың аудандық (қалалық), облыстық (қалалық) органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылықтың аумақтық органдарында (бұдан әрi - қазынашылық аумақтық органдары) мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша жәрдемақылардың өтеу жөнiндегi шығыстарды қаржыландыру үшiн республикалық бюджеттен бюджеттiк шоттар ашылады.
 
      3. 1999 жылы жұмыс берушiлердiң - мемлекеттiк мекемелердiң есептелген
           және төленген жәрдемақылар бойынша кассалық шығыстарын өтеудiң
                                         тәртiбi
      Ескерту: 3-тараудың атауы толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
               2000 жылғы 11 мамырдағы N 224 қаулысымен. V001157_
 
       9. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң есептелген және бөленген жәрдемақылар бойынша шығыстарын өтеу үшiн еңбек және халықты әлеуметтiк қорғаудың аудандық (қалалық) бөлiмдерi шығыстардың экономикалық жiктемесiнiң 113 ерекшелiгi бойынша кассалық шығыстарды қалпына келтiру есебiнен төлем тапсырмасы арқылы республикалық бюджеттiң қаражатын мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк шоттарына аудару жүргiзедi. Шығыстардың экономикалық жiктемесiнiң 111 және 112 ерекшелiктерi бойынша жәрдемақылар төленген жағдайда, кассалық шығыстар жоғарыда аталған ерекшелiктерден, бiрақ қалпына келтiруге түскен сомалардың шегiнде 113 ерекшелiкке көшірiледi. 4. 1999 жылы есептелген және төленген жәрдемақыларды төлеудiң тәртiбi Ескерту: 4-тараудың атауы толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 11 мамырдағы N 224 қаулысымен. V001157_ 10. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң есептелген және төленбеген жәрдемақылары болған жағдайда, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғаудың аудандық (қалалық) бөлiмдерi шығыстардың экономикалық жiктемесiнiң 113 ерекшелiгiне республикалық бюджеттiң қаражатын төлем тапсырмасымен мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк шоттарына аудару арқылы жұмыс берушiлермен есеп айырысуды жүргiзедi. Қаражатты алғаннан кейiн жұмыс берушi қызметкерлерге 113 ерекшелiк бойынша есептелген жәрдемақыларды төлейдi. 4-1. 2000 жылдан бастап мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған мемлекеттiк мекемелердiң шығыстарын өтеудiң тәртiбi
      10-1. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 17 сәуiрiн қоса алғандағы кезеңде есептелген және кейiнгi қаржы жылдары төленбеген жәрдемақылар бойынша берешектi өтеу үшiн 2000 жылдан бастап республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (қалалық) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiне 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 17 сәуiрiн қоса алғандағы кезеңде есептелген және растау күнiнде төленбеген жәрдемақылар бойынша берешектiң қалдығына растама бередi.
      10-2. Аудандық (қалалық) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi республикалық бюджеттен қаржыландыру лимиттерi түскен кезде және осы берешектiң бар-жоғы туралы мемлекеттiк мекеменiң растамасын алған кезде төлем тапсырмасымен қалдықтың расталған сомасының шегiнде мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк шоттарына шығыстардың экономикалық сыныптамасының 113-ерекшелiгiне республикалық бюджеттiң қаражатын аудару жолымен жұмыс берушiлермен (мемлекеттiк мекемелермен) есеп айырысуды жүргiзедi. Жұмыс берушi қаражатты алғаннан кейiн жұмысшыларға 113-ерекшелiк бойынша есептелген жәрдемақыларды төлейдi.
      Ескерту: 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
               2000 жылғы 11 мамырдағы N 224 қаулысымен. V001157_
 
                 5. Мемлекеттiк мекемелер болып табылмайтын жұмыс
             берушiлердiң мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша
                жәрдемақыларды төлеуге жұмсалатын шығыстарын өтеу
 
      11. Мемлекеттiк мекемелер болып табылмайтын жұмыс берушiлердiң жәрдемақыларды төлеуге жұмсалатын шығыстарын өтеудi еңбек және халықты әлеуметтiк қорғаудың аудандық (қалалық) органдары республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаражаттарды төлем тапсырмасымен олардың есептiк шоттарына аудару арқылы жүргiзедi.
 
               6. Төлем құжаттарын ресiмдеуге қойылатын талаптар
 
      12. Қазынашылық аумақтық органдарында ұсынған төлем тапсырмаларында бюджеттiк жiктеменiң он таңбалы кодын, ал мәтiндiк кеңiстiкте 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 17 сәуiрiн қоса алғандағы кезеңде есептелген және төленген жәрдемақылар бойынша шығыстар туралы есептiң реттiк нөмiрi мен тiркеу күнiн мiндеттi түрде көрсете отырып, "Мiндеттi әлеуметтік қамсыздандыру бойынша шығыстардың өтелуі" деген сөзбен төлемнiң бағытын көрсету қажет.
 
              7. Қаражаттардың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасау
 
      13. Жәрдемақыларды есептеудiң және төлеудiң дұрыстығына жауапкершiлiк жұмыс берушiлерге және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарына жүктеледi.
      14. Жәрдемақыларды есептеудiң және төлеудiң дұрыстығына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
      15. Жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi шығыстарды өтеуге бөлiнетiн республикалық бюджеттiң қаражаттарының мақсатты пайдаланылуына кейiнгi бақылау жасауды Қаржы бақылау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
      Ескерту: 15-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
               2000 жылғы 11 мамырдағы N 224 қаулысымен. V001157_
Жұмыс істейтін азаматтарға міндетті
әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған жұмыс берушілердің шығыстарын өтеудің қағидасына 1-қосымша
Ескерту: Қосымша 1-қосымша болып өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 11 мамырдағы N 224 қаулысымен. V001157_ Ведомстволық статистикалық есептеме "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7, 12-баптарына сәйкес беріледі __________________________________________________________________________ | Коды | |__________________________________________________________________________ | |ОКУД б-ша |шаруашылық жүргізуші|кәсіпорын түрінің|СООГУ б-ша | |құжаттың |субъектінің тіркеу |(КТП) |министрліктің, | |нысаны |нөмірінің (ОКПО) | |ведомствоның | |______________|____________________|_________________|____________________ |таблицаның жалғасы __________________________________________________________________________ | | |_________________________________________________________________________| |КСПФ б-ша |ССОГУ б-ша |ОКЭД б-ша |КФС б-ша меншік | |ұйымдастыру-құқықтық |аумақтың |салалардың |нысандарының | |нысанның | | | | |______________________|______________|_________________|_________________| 2-нысан Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы ________________ N ____ қаулысымен бекітілген Кезеңі: тоқсандық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың аудандық бөлімдері еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың облыстық және қалалық басқармаларына есепті кезеңнен кейінгі айдың ______ күні тапсырады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың облыстық және қалалық басқармалары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне есепті айдан кейінгі айдың _____ күні тапсырады. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қаржы министрлігіне есепті айдан кейінгі айдың _____ күнінде тапсырады. Міндетті әлеуметтік қамсыздандыру қаражаттары бойынша есеп айырысу ведомосы 199__ жылғы _____________ арналған 1-кесте __________________________________________________________________________ | Көрсеткіштер | Жолдың коды | Жыл басынан | | | | бері барлығы | |__________________________________________|_______________|______________| | A | Б | 1 | |__________________________________________|_______________|______________| |Жұмыс істеушілердің орташа тізбелік саны, | 1 | | |адам | | | |__________________________________________|_______________|______________| |оның ішінде әйелдер | 2 | | |__________________________________________|_______________|______________| 2-кесте _________________________________________________________________________ | Көрсеткіштер | жол | | | | | | | |коды | | | | | | |_____|_________|____________|________|_________|_______| | | A | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |_________________|_____|_________|____________|________|_________|_______| |Міндетті | |Сомасы | жәрдемақылардың түрлері бойынша | |әлеуметтік | |барлығы |______________________________________ | |қамсыздандыру | | |жұмысқа |жүкті |балатууы|жерлеуге| |бойынша | | |уақытша |болуы |бойынша | | |жәрдемақылардың | | |жарамсыздығы|және | | | |есептелгені | | |бойынша |бала туу| | | | | | | |бойынша | | | |_________________|_____|_________|____________|________|________|________| |Жыл басынан бергі| | | | | | | |есепті кезең үшін| | | | | | | |_________________|_____|_________|____________|________|________|________| |оның ішінде айлар| | | | | | | |б-ша: | | | | | | | |_________________|_____|_________|____________|________|________|________| |_________________|_____|_________|____________|________|________|________| |_________________|_____|_________|____________|________|________|________| |_________________|_____|_________|____________|________|________|________| | | 2 | | | | | | |_________________|_____|_________|____________|________|________|________| |Міндетті | | | | | | | |әлеуметтік | | | | | | | |қамсыздандыру | | | | | | | |жөнінде | | | | | | | |жәрдемақылардың | | | | | | | |төленгені | | | | | | | |_________________|_____|_________|____________|________|________|________| |Жыл басынан бергі| | | | | | | |есепті кезең үшін| | | | | | | |_________________|_____|_________|____________|________|________|________| |оның ішінде айлар| | | | | | | |б-ша: | | | | | | | |_________________|_____|_________|____________|________|________|________| |_________________|_____|_________|____________|________|________|________| |_________________|_____|_________|____________|________|________|________| |_________________|_____|_________|____________|________|________|________| | | 3 | | | | | | |_________________|_____|_________|____________|________|________|________| |Жұмысшылар | 4 | | | | | | |алдындағы жұмыс | | | | | | | |берушінің | | | | | | | |берешегі | | | | | | | |_________________|_____|_________|____________|________|________|________| Жыл басынан бергі әлеуметтік қамсыздандыру қаражаттары бойынша шығыстар 3-кесте __________________________________________________________________________ | Шығыстар атауы |Жол коды|Күндердің |Жыл басынан бергі | | | |жәрдемақылар |есептелгені, теңге| | | |төлеудің, | | | | |бірліктердің іс | | | | |жүзіндегі саны | | |____________________________|________|________________|__________________| | А | Б | 1 | 2 | |____________________________|________|________________|__________________| | Жәрдемақылар | 1 | | | |Жұмысқа уақытша жарамсыздығы| | | | |бойынша, барлығы | | | | |____________________________|________|________________|__________________| |оның ішінде еңбек жарақатта-| 2 | | | |ры және кәсіби сырқаттар | | | | |бойынша | | | | |____________________________|________|________________|__________________| |Жүкті болуы мен бала туу | 3 | | | |бойынша | | | | |____________________________|________|________________|__________________| |Бала туу бойынша | 4 | | | |____________________________|________|________________|__________________| |Жерлеуге | 5 | | | |____________________________|________|________________|__________________| |Жиыны, жолдар сомасы (1,3-6)| 6 | | | |____________________________|________|________________|__________________| таблицаның жалғасы __________________________________________________________________________ |Жыл басынан бергі іс|Жұмысқа жарасыздық қағазының|Оның ішінде бастапқы | |жүзіндегі шығыстар, |төлемге ұсынылғандарының |айналыс кезінде | |теңге |саны | | |____________________|____________________________|_______________________| | 3 | 4 | 5 | |____________________|____________________________|_______________________| | | | | |____________________|____________________________|_______________________| 19___ жылғы "__" __________ Басшы _______________ Бас бухгалтер _______________ Оқығандар: Умбетова А.М. Нарбаев Е.А.
Жұмыс істейтiн азаматтарға мiндеттi
әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды төлеуге жүмсалған жұмыс берушілердiң шығыстарын өтеу қағидасына 2-қосымша
Ескерту: 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 11 мамырдағы N 224 қаулысымен. V001157_ 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап 1999 жылғы 17 сәуірге дейінгі кезеңде есептелген және растау күнінде төленбеген жәрдемақылар бойынша берешектің қалдығына Растама __________________________________ (мемлекеттік мекеменің атауы) ____________________________________________________________________ р/р Шығыстардың атауы Теңгенің Жыл басынан бергі Берешектің есептелгені кассалық шығыс*, қалдығы, теңге теңге ____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 ____________________________________________________________________ 1 Жәрдемақылар: Еңбекке уақытша жарам. сыздық бойынша,барлығы ____________________________________________________________________ 2 оның ішінде еңбекте жарақат алуы және кәсіби ауруы бойынша ____________________________________________________________________ 3 Жүктілігі және бала тууы бойынша ____________________________________________________________________ 4 Бала туылған кездегі ____________________________________________________________________ 5 Жерлеуге ____________________________________________________________________ Жолдар сомасының жиыны (1,3-5) ____________________________________________________________________ 200___жылғы ________ Басшы__________ ____________________ (қолы) (аты-жөні,лауазымы) Бас бухгалтер___________ ___________________ (қолы) (аты-жөні,лауазымы) МО * Ескерту: жұмыс істейтін азаматтарға іс жүзінде төленген жәрдемақылардың сомасы бойынша шығыстар, оның ішінде депонентке жатқызылған сома да қамтылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады