Ескерту: Бұйрықтың 6-тармағынан басқасының күші жойылды - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 652 бұйрығымен.
Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі Істер Министрлігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы № 35 бұйрығымен.
------------------Бұйрықтан үзінді-------------------
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Жол полициясы комитеті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен ақпарат берсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін
атқарушы
милиция генерал-майоры
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізімі
...
2. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы авто тасымалдауларға бақылау жасауды жетілдіру және алымдар мен бопсалау фактілерін жою шаралары туралы" Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қыркүйектегі N 519 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2000 жылы 23 қазанда N 1269 болып тіркелген.
-------------------------------------
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заң күші бар Жарлығын орындауда, автокөлік тасымалдау қызметін дамыту үшін, автокөлік тасымалдаудың бақылау тәртiбiн жетiлдiруге жағдай жасау және Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарында алымдар мен бопсалау фактілерiн жою мақсатында бұйырамын:
1. <*>
2. <*>
3. <*>
4. <*>
5. <*>
6. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 1999 жылғы 10 қарашадағы N 568 "Қоғам қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi, қылмыстық жолын кесу мен оны ашудағы, сонымен қатар iздестiру жұмыстарының белсендiлiгiн арттырудағы жол полициясының iс-әрекетiн жетiлдiру туралы" бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
N 5 қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Шеп" тосқауыл жүйесiндегi арнайы бақылау бекеттерi iшкi iстер органдарының төтенше жағдай енгiзу немесе Iшкiiсминнiң арнайы жоспарлары жедел-iздестiру және алдын-алу iс-шараларын жүргiзу кезеңiнде арнайы мiндеттерді шешуге арналған стратегиялық объектiлерi болып табылады. Өзге уақытта "Шеп" тосқауыл жүйесiндегi арнайы бақылау бекеттерi жол полициясының қоғамдық тәртiптi қорғау, қылмыстардың жолын кесу мен оларды ашу, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қозғалысқа қатысушылардан қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, қозғалысқа қатысушыларға көмек көрсету мiндеттерiн шешуге арналған тұрақты бекеттерi болып табылады.";
7-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Заңнамамен белгiленген iс-жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыру жағдайларын (қарау, тiнту) және жедел iздестiру iс-шараларын қоспағанда, сауалнамалар, әңгімелер жүргізу үшін, құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау және басқа да себептер бойынша қозғалысқа қатысушылардың көлiк құралдарына қызметкерлердi отырғызуға тыйым салынады.";
7-тармақтың үшiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Халықаралық және қалааралық жүк пен жолаушылар тасымалдайтын автомобильдердi тiркеу белгiленген журналда көрсетiлген автомобильдердiң байқалатын өзiндiк белгiлерiн жазып қою арқылы оларды тоқтатпай жүзеге асырылады;
"Шеп" арнайы тосқауыл жүйесiндегi жол полициясы бақылау бекеттерiнiң қызметтiк құжаттарының тiзбесi" деген N 7 қосымша мынадай мазмұндағы 8-жолмен толықтырылсын;
"8. Ақпараттар қабылдау және беру журналы".
Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 538 бұйрығымен .7. <*>
8. <*>
9. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
нормативтiк құқықтық кесiм ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау министрдiң орынбасары полиция генерал-майоры И.И. Оттоға және Жол полициясы департаментінің бастығы полиция подполковнигi Қ.Т.Туксаитовқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының | |
Ішкі істер Министрі - | |
Ішкі әскерлер қолбасшысы | |
генерал-лейтенант |
Қазақстан Республикасы IIМ-нiң 1999 жылғы 10 қарашасынан N 568 бұйрығына N 4 Қосымша (ҚР Iшкiiсминiнiң 2000 ж. 27 қыркүйегiнен N 519 бұйрығына сәйкес өзгертулермен) |
Ескерту: 4-қосымша алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 538 бұйрығымен .