Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі Істер Министрлігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы N 35 бұйрығымен.
------------------Бұйрықтан үзінді-------------------
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Жол полициясы комитеті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен ақпарат берсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін
атқарушы
милиция генерал-майоры
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2007 жылғы N 35 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізімі
...
4. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, қылмыстың жолын кесу мен оны ашудағы, сонымен қатар іздестіру жұмыстарының белсенділігін арттырудағы жол полициясының іс-әрекетін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 10 қарашадағы N 568 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 24 желтоқсандағы N 652 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2005 жылы 24 желтоқсанда 3990 болып тіркелген...
-------------------------------------
Автомобиль жолдарындағы жол полициясының қызметін одан әрі жетілдіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. "Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, қылмыстың жолын кесу мен оны ашудағы, сонымен қатар іздестіру жұмыстарының белсенділігін арттырудағы жол полициясының іс-әрекетін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 10 қарашадағы N 568
бұйрығына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1085 болып тіркелген, N 1269 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қыркүйектегі
N 519
, N 3765 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 5 шілдедегі
N 419
бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:
мемлекеттік тілдегі мәтінінде реттік нөмірі 3, 6, 7 және 8-жолдар өзгеріссіз қалдырылсын;
реттік нөмірі 10-жол алынып тасталсын;
мемлекеттік тілдегі мәтінінде реттік нөмірі 11, 20-жолдар өзгеріссіз қалдырылсын;
реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21. |
"Ертіс" бекеті |
"Омбы-Майқапшағай" а/ж 734 км (Семей қаласы)" |
; |
реттік нөмірі 35 және 49-жолдар алынып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы автотасымалдауларға бақылау жасауды жетілдіру және алымдар мен бопсалау фактілерін жою шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қыркүйектегі N 519 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1269 болып тіркелген), 6-тармақтан басқа, күші жойылды деп танылсын.
3. Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті (Х.Е.Досқалиев) "Жаңақорған" стационарлық бекетінің босаған штатын қайта бөлу жөнінде ұсыныстар енгізсін.
4. Жол полициясы департаменті (Ө.Т.Түсімов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.