Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы N 35
бұйрығымен
.
-----------------------------------
1999 жылғы 22 қарашадағы N 48-1
Z960048_
"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ басқа да республиканың елдi мекендерiндегi, қалаларындағы, поселкелерiндегi автокөлiктерге жанар май құю стансаларында өрттердiң шығуын ескерту мақсатында
БҰЙЫРАМЫН
:
1. 1999 жылғы 8 шiлдедегi N 19 Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөнiндегi Агенттiгiнiң Қаулысымен "Қазақстан Республикасының өртке қарсы Ережесi. Негiзгi талаптар. (ӨҚЕ 08-97)" бекiтiлiп, 1999 жылғы 10 тамызында N 866
V990866_
Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнде тiркелiнген, осыған N 17 "Автокөлiктерге жанар май құю стансалары" тарауы толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнде осы толықтырулар тiркелiнген күнiнен бастап күшiне енедi.
Төраға
Қазақстан Республикасының
төтенше жағдайлар жөнiндегi
Агенттiгi төрағасының
2000 жылғы 19 қыркүйегiндегi
N 214 бұйрығына қосымша
17. Автокөлiктерге жанар май құю стансалары
1. Жалпы ережелер
1) Осы тарауда жер үстiндегi көлiк құралдарына жанар май құю, сондай-ақ жөндеу және реттеу жұмыстарын жүргiзу үшiн арналған автокөлiктерге жанар май құю стансаларын (бұдан әрi - АЖС) пайдалану кезiнде өрт қауiпсiздiгiнiң талабы белгiленген.
2) АЖС пайдалануға беруде штаттағы қызметкерлер саны тәртiп бойынша екi адамнан кем болмауы керек.
3) Қазақстан Республикасының "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Заңына сәйкес АЖС өртке қарсы жағдайына оның иелерi жауап бередi.
4) Осы тараудың негiзiнде әрбiр АЖС қожалары үшiн өрт қауiпсiздiгiнiң шаралары туралы нұсқаулықтарды жасауы тиiс.
Нұсқаулықта:
мұнай өнiмдерiн қабылдау, оны сақтау және тұтынушыларға сату тәртiбi;
аумақты ұстау тәртiбi;
дұрыс сақтамаған жағдайда өрт туғызатын, өртке қарсы арнайы iс-шаралары;
өрт сөндiру құралдарын ұстау, оларды iс-қимылға келтiру және өрт шыққан кезде өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру ережелерi;
майланған сүртетiн материалды және құмды жинау, сақтау және алып тастау, арнаулы жұмыс киiмдерiн сақтау, үйдi жиыстыру және технологиялық жабдықтарды тазалау тәртiбi;
өрт және өрт қауiптi жағдай туындаған кезде өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi келiп жеткенге дейiнгi АЖС қызметшiлерiнiң мiндеттерi мен iс-қимылдары;
АЖС басқа да өзiне тән ерекшелiктерi.
5) Нұсқаулықтың "Өрт және өрт қауiптi жағдай туындаған кездегi АЖС қызметшiлерiнiң мiндеттерi мен iс-қимылдары" бөлiмiнде АЖС қызметшiлерiнiң мынадай iс-қимылдары мiндеттi тәртiппен регламенттеледi:
АЖС өрт қауiптi жағдай туындаған кезде технологиялық электр беру жүйесiн сөндiру (аварияға қарсы және өрттен қорғану жүйелерiнiң электр беруiнен басқасын), АЖС пайдалануды тоқтату және оның аумағын көлiк құралдары мен адамдардан босату, соған орай, бiр уақытта өрт қауiптi жағдайды жоюға кiрiсу қажет;
4 кв.м. аз аумаққа отын төгiлген кезде дереу ағып жатқан жердi жабу қажет және өрт қауiптi жағдайды жоюға кiрiсу;
4 кв.м. көп аумаққа отын төгiлген кезде дереу отын төгiлген барлық аумақты ауа-механикалық көбiгiмен жабу және соңынан отынды авариялық ыдысқа толығымен құйып алғанға дейiн көбiктiң қабатын 0,05 м. қалыңдықта ұстау қажет;
отын автоцистернаға жақын жерге төгiлген кезде (бұдан әрi - АЦ) (бензин төгiлген жағдайда бұл ара қашықтық 6 м. дейiн, дизелдi отын төгiлген шетiнен АЦ габаритiне дейiн 3 м. алынады) (егер бұл адамдардың өмiрiне қауiп төндiрмесе), өрт қауiптi жағдайды жою үшiн төгiлген отын жаңа бастаған жағдайда немесе төгiлген отынның үстiне себiлетiн, ластанған құмды әкеткеннен кейiн АЦ двигателiн қосу және оны АЖС аумағынан әкету қажет. Отын көп аумаққа төгiлген жағдайда, АЦ АЖС аумағынан дереу, бензин төгiлген жерден 6 м. қашықтықта және дизельдi отын төгiлген жерден 3 м. қашықтықта айналып өтiп әкетiлуi тиiс.
АЦ жабдықтары жанған кезде оны әрқайсысының сиымдылығы 50 л. кем емес ұнтақты өрт сөндiргiштер мен АЦ штатындағы өрт сөндiргiштердiң көмегiмен, ал жанып жатқан отынның үстiне қосымша құйылып жанса, оны әрқайсысының сиымдылығы 100 л. ауа-көбiктi өрт сөндiргiшпен сөндiредi;
АЖС өрт туындаған жағдайда өрт туралы дереу өртке қарсы қызметке хабарлау қажет және қолда бар өрт сөндiру құралдарымен оны сөндiруге кiрiсу керек, сонымен бiрге аумақты адамдар мен көлiк құралдарынан босату жөнiндегi iс-шараларын қабылдайды.
6) АЖС жұмысшылары мен АЦ жүргiзушiлерi өртке қарсы нұсқаулардан тұратын (өрт-техникалық минимум бойынша бастауыш және қайталау сабақтары) арнайы өртке қарсы дайындықтан өтуi тиiс.
2. АЖС үйлерiн, ғимараттарын және аумақтарын ұстауға
қойылатын талаптар
1) АЖС аумағы жоспарлануы және көркейтiлуi, жанғыш қоқыстан және төгiлген мұнай өнiмдерiнен тұрақты тазартылып отыруы тиiс.
2) Үйлер мен ғимараттардың арасындағы өртке қарсы жарылған жердi әртүрлi заттар мен материалдарды жинау, көлiк құралдарын қою және құрылыстың күрделi және уақытша объектiсi үшiн пайдалануға болмайды
3) АЖС аумағының iшiнде көлiк құралдарының жүрiсi, ереже бойынша, бiржақты болуы тиiс. Мұндай жағдайда жеке кiретiн және шығатын жол болуы керек.
4) АЖС аумағына кiрер алдында сол ұйымның аумағы бойынша көлiктiң қалай жүру тәсiмi және жүргiзушiлер мен жолаушылар үшiн өрт қауіпсiздiгінiң іс-шараларын реттейтiн нұсқаулығы бар тақталар iлiнуi керек.
5) АЖС аумағы бойынша жүретiн жолдар, су көздерiне және алғашқы өрт сөндiру құралдарына баратын жолдар жинақы болуы керек. Қыс уақытында жүретiн жолдар мен өтетiн жолдар қардан тазаланып отыруы тиiс.
6) Пайдаланылған сүртетiн материалдар мен мұнай өнiмдерi сiңген құмдарды жинау үшiн қақпағы мықтап жабылатын металдан жасалынған жәшiктер қойылуы қажет. Сүртетiн материалдар мен мұнай өнiмдерi сiңген құмдарды жұмасына бiр рет АЖС тыс жерлерге апарып төгу қажет.
7) АЖС аумағында темекi тартуға тиым салынады. Жүргiзушiлерге және жолаушыларға ұйымдасқан қызмет көрсететiн үйлер мен ғимараттарда темекi тарту үшiн арнайы жабдықталған орындар бөлiнуi тиiс.
8) АЖС барлық үйлерiнiң кiретiн есiктерiнде, сондай-ақ сыртқы есiктерiнде мынадай жазулар болуы керек:
жарылу және өрт қауiптiлiгi бойынша үйлердiң санаттары;
ПУЭ бойынша жарылу қауiптi және өрт қауiптi аймақтардың класы;
өрт қауiптi жағдайға жауапты қызметкердiң аты-жөнi;
өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру телефондарының нөмiрлерi.
9) АЖС үшiн көрiнетiн жерлерде iлiнiлуi және жасалынуы қажет:
өрт қауiпсiздiгiнiң шаралары туралы нұсқаулықтар;
ғимараттардың, олардағы бөлмелердiң, эвакуациялық шығу есiктерiнiң жоспарларын, өрт сөндiру құралдарының және дабылдағыштардың орнын сiлтеп көрсетiлiп.
10) АЖС аумағындағы жанып жатқан көлiк құралын жедел эвакуациялау үшiн АЖС буксирге алатын ұзындығы 3 м. қатты штангымен қамтамасыз етiлуi тиiс.
11) АЖС қауiпсiздiк белгiлерiмен және жол белгiлерiмен қамтамасыз етiлуi тиiс, оның құрамында темекi тартуға және ашық отты пайдалануға тыйым салатын, жолаушылардың қозғалысын және жанар май құятын көлiктi реттейтiн белгiлер болуы керек.
12) АЖС-да АЖС қызметшiлерi үшiн мынадай қызметтiк және тұрмыстық үйлердi (ғимараттарды) орналастыруға рұқсат етiледi: операторлық, әкiмшiлiк, тамақ қабылдайтын, күзет қызметi, сондай-ақ санузелдер, арнайы киiмдер, құрал-саймандар, қосалқы бөлшектер, аспаптар мен жабдықтар қоймасы. Көрсетiлгендер басқа АЖС аумағында жер астында ыдыстары бар жолаушыларға, жүргiзушiлерге және олардың көлiк құралдарына ұйымдасқан қызмет көрсететiн үйлер (ғимараттар) орналастыруға рұқсат берiледi.
Жолаушылар мен жүргiзушiлерге ұйымдасқан қызмет көрсетуге берiлген үйлерде әртүрлi тауарлары бар дүкендер, кафелер және санузелдер, көлiк құралдарына ұйымдасқан қызмет көрсету үшiн техникалық қызмет көрсету постарын және автомобиль жуатын жерлер ашуға рұқсат берiледi. АЖС аумақтарында жер бетiндегi ыдыстармен қатар АЖС қызметшiлерi үшiн сауда залы жоқ тауарларды бар дүкен үйлерiн орналастыруға рұқсат етiледi.
13) Бiр үйдiң iшiнде:
көлiк құралдарына ұйымдасқан қызмет көрсету үйi және жолаушылар мен жүргiзушiлерге ұйымдасқан қызмет көрсететiн үйлердi;
тез жанатын және жанар май сұйықтарын сататын дүкендер мен қоғамдық тамақтану үйлерiн бiрiктiруге болмайды.
14) АЖС үйi, ереже бойынша, орталықтан жылу беру жүйелерiмен жабдықталуы керек.
АЖС үйiнде өрт қауiпсiздiгiнiң талабына жауап беретiн, жанғыш конструкция мен материалдарға дейiнгi талап етiлетiн ара қашықтықты сақтай отырып, зауыттан шыққан майлы электрқыздырғыш аспаптарын орнатуға болады. Қыздырғыш аспаптардың және әртүрлi құбырлардың үстiне жанғыш материалдарды (арнайы киiмдi, сүртетiн материалдарды және т.т.б.) жинауға, сондай-ақ қыздырғыш аспаптардың үстiне киiм, аяқ киiм кептiруге болмайды.
АЖС аумағында және үйiнде жылыту қондырғыларын және ашық оты бар құрылғыларды қолдануға болмайды.
15) Қызмет көрсететiн қызметшiлердiң арнайы киiмдерi металдан жасалған шкафтарда iлулi күйiнде сақталуы керек.
16) Ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiгiне немесе орман алқаптарына жақын АЖС орналастыру кезiнде өрт жайылуы ықтимал жағдайда (астық, мақта және т.т.б.) отырғызылған көшеттердi және дала алаптарын бойлай жанасып жатқан АЖС шекарасын 4 м. жердi жыртып тастайды.
3. Технологиялық жабдықтарды пайдалануда
қойылатын талаптар
1) АЖС технологиялық жабдықтары:
- жобалау, техникалық-пайдалану құжаттарына (бұдан әрi - ТПҚ) және техникалық жағдайға (бұдан әрi - ТЖ) сәйкес болуы керек;
- бақылау және реттеу аспаптары дұрыс болуы керек;
- ауа кiрмейтiндей болуы керек;
2) Технологиялық жабдықтарды:
- қолда бар отын аққан кезде;
- бақылау және реттеу аспаптарын тексеру кезiнде болмаған, қираған, үзiп тасталған немесе мерзiмi өтiп кеткен жағдайда;
- басқа да ақаулықтары болған жағдайда пайдалануға тиым салынады.
3) Технологиялық жабдықтарға АЖС өрт қауiпсiздiгiнiң дәрежесiн арттыратын, конструкциялық өзгерiстер енгiзуге тиым салынады.
4) Тексеру-өлшеуiш аспаптары мөр басып бекiтiлуi және технологиялық жабдықтардың өрт қауіпсiздiгi жұмысын қамтамасыз етушi нақты белгiленген шектi рұқсат етiлетiн параметрi болуы керек (қысымы, температурасы, концентрациясы, құю деңгейi және т.т.б).
Рұқсат етiлетiн шегiнен бiр параметрi ауытқыған жағдайда, автоматты түрде ескерту (жарықты немесе дыбысты) дабылдары берiлуi керек.
5) Негiзгi және көмекшi технологиялық жабдықтар статикалық электiрлендiруден қорғалуы тиiс.
6) Отын сақтайтын ыдыстар олардың асып төгiлуiн болдырмайтын жүйемен жабдықталуы керек, ыдыс 90%-ке жетiп толған кезде автоматты дабылмен қамтамасыз етiлуi тиiс (жарықты немесе дыбысты), ал барынша рұқсат етiлетiн дәрежесi бойынша 95% толған кезде 5 с аспай, ыдыстың толғаны автоматты түрде тоқтатылады.
7) Отынды және оның буларын атмосферадан, қоршаған ортадан бөлiп тұратын қақпақтар және фланцелердiң, штуцердiң патрубкалары мен жанасқан жерлерi ұшқынданбайтын және мұнай өнiмдерiнiң әсерiне тұрақты арматурамен, басқа да қондырғыларымен жабдықталуы тиiс.
Пайдалану кезiнде ашылатын аталған қақпақтар мен бұқтырмалар ұшқынданбайтын материалдан жасалуы керек.
8) Отын сақтайтын ыдыстар деаэрация желiлерiмен жабдықталуы тиiс.
Деаэрация желiлерiнiң құбырлары отқа бөгеу болатын немесе жылдың қай мезгiлiнде болса да жұмыс қабiлетiн сақтайтын телiме отқа бөгеу болатын тыныс алатын қақпақтармен, жылдың қай мезгiлiнде болса да жұмыс қабiлетiн сақтайтын телiме отқа бөгеу болатын тыныс алатын қақпақтармен жабдықталуы тиiс.
4. Жөндеу және реттеу жұмыстары
1) Жанар май бу-ауа қоспалары пайда болуы ықтимал аймақтардағы жұмысты ұшқын тудырмайтын ұшқын қауiпсiз құралдармен, киiммен және аяқ киiммен iстеу қажет.
2) Бұрын пайдаланған ыдыстарды тасымалдауға, алаңға орналастыруға, орнатуға, жөндеуге iшiндегi отыны толығымен бiткен кезде су буына ұстау, жылы сумен жуу, оқшау газдармен үрлеп тазарту және газ анализаторы арқылы отынның буын тексергенде ғана рұқсат берiледi.
Ыдыстағы отын буының концентрациясы 20% тұтанудың төменгi концентрациялық шегiнен аспауы керек (ТКША).
3) АЖС технологиялық жүйелерiнiң ауа кiрмейтiндiгiне пневматикалық сынау жүргiзу үшiн (ыдыстың қабырға аралық кеңiстiгiне, ыдыстың iшкi кеңiстiгiне, құбырларға және т.т.б.) жанбайтын газдарды пайдалану қажет (азот, көмiр қышқыл газы және т.т.б.). Жабдықтың ауа кiретiндiгiн тапқаннан кейiн АЖС пайдалану тоқтатылуы тиiс.
4) Ыдыстың қай түрiндегi болмасын суды кетiру қатты шламдарды қоса отырып, жабық әдiспен жүргiзiледi. Бұл мақсаттар үшiн пайдаланылатын құралдар ұшқын шығармайтын материалдардан жасалынып, бензин және дизельдi отынмен жұмыс iстеу үшiн арналуы керек. Қолмен жұмыс iстейтiн насостарды пайдалану арқылы шламды төгу кезiнде аздаған бу шығатын ашық жерi бар жабық ыдысқа құю арқылы жүзеге асырылады. Шламдалған кезде бұл операцияға қатысты емес барлық люктер мен штуцерлер жабық болуы тиiс. Шлам салатын ыдыс аумақтағы жақсы бекiтiлген ыдыстың табандығына орнатылуы керек және жерге қосылады. Көп камералы ыдыстарды шламдау әр камераға бөлек жүргiзiледi.
Шламдалып болғаннан кейiн шлам АЖС аумағынан тыс жерге апарылады.
5) Деаэрация жүйесi құбырларының шыға берiсiне орнатылған дем шығаратын клапандарды немесе от бөгегiштердi жөндеу кезiнде осы құбырлардағы iлмектi арматураны алдын ала ауа кiрмейтiндей етiп жабу керек.
5. Отын қабылдау және беру үшiн пайдаланылатын
жабдықтарға қойылатын талаптар
1) Автоцистернадан (АЦ) отынды қотарып құю жабық схема бойынша орындалуы тиiс. Отынның буын, ыдыстың және АЦ дем шығаратын қондырғыларын қоспағанда, қоршаған ортаға шығармау керек.
2) АЦ отынды қотарып құяр алдында ыдыстың iшiндегi отынның деңгейiн өлшеу және қорғану қондырғыларының дұрыстығына көз жеткiзу қажет. Қотару процесiн АЖС қызметкерлерi мен АЦ жүргiзушiлерi бақылауы тиiс.
3) Ыдыстың iшiндегi отынның түрiн ауыстыру кезiнде (бензин-дизель отыны) оның iшi бұрын сақталған өнiмнен мұқият тазалануы қажет және ыдыстың сыртына немесе жер асты ыдыстарына құятын құбырлардың көрiнетiн жерiне сақталынған отынның түрi көрсетiлiп жазылуы керек.
4) АЖС АЦ отынмен кiрген кезде оның аумағындағы көлiк пен бөгде адамдар шығарылуы тиiс. АЖС бiр уақытта екi не одан да көп АЦ ұстауға болмайды.
5) АЦ отынды қотарып құю бойынша операцияны АЖС екi қызметкерi жүргiзуге тиiс және мына:
жанар жағар май АЦ алаңында әрқайсысының сиымдылығы 100 л тұратын, екi жылжымалы ауа-көбiктi өрт сөндiргiшiн орнату;
жанар жағар май АЦ аумағындағы мұнай өнiмдерiнен ластанған атмосфера тұнбасын бөлетiн науаны жабу және төгiлген отынды авариялық ыдысқа бөлiп құятын құбырды ашу;
АЦ жерге қосу және отынды АЖС ыдыстарына қотарып құю бойынша операцияға кiрiсу шарттарын орындаулары тиiс.
Автопоездан мұнай өнiмдерiн қотарып құю кезiнде, толық босағанға дейiн әр цистерна жеке жерге қосылады.
6) Иiлгiш мыстан жасалған жерге қосылатын өткiзгiштер АЦ корпусына тұрақты жалғанып тұруы керек және ұшында жерге қосылатын қондырғыға қосу үшiн (қысқаш, болтты кигiзетiн ұштық және т.т.б.) қондырғысы болуы қажет.
Жерге қосылатын өткiзгiштердi сырланған және лас металдан жасалған АЦ бөлiгiне қосуға рұқсат етiлмейдi.
7) АЖС көлiк құралдарын жанар жағар май құюда мына талаптар:
мотоциклдер мен мотороллерлер двигательдерiн сөндiрiп, отын құятын бағаналарға жақындайды, жiберу мен тоқтау 15 м. қашықтықта жүргiзiледi, автомобильдер өздерi жүрiп келедi;
двигателiн қосқанға дейiн жүргiзушi көлiгiнiң мұнай өнiмдерiмен ластанған бөлiгiн сүртуi тиiс;
мұнай өнiмдерi төгiлген жерге құм төгiледi, ал мұнай өнiмдерi сiңген құм мен сүртетiн материалдар тығыз жабылатын қақпағы бар металдан жасалынған жәшiктерге салынады және жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн АЖС аумағынан аулақ шығарып тасталады;
жанар май құяйын деп тұрған автомобиль мен одан кейiн кезекте тұрған автомобильдiң ара қашықтығы 1 м. кем болмау керек.
8) АЖС:
двигателi жұмыс iстеп тұрған;
жолаушылары (төрт есiгi бар жеңiл автомобильдердi қоспағанда) бар;
жарылғыш заттар, сығылған және сұйытылған жанғыш газдар, тез жанатын және жанғыш сұйықтар, жанғыш материалдар, улы және радиоактивтi заттар және басқа да қауiптi заттар мен материалдар артылған;
iштен жанатын двигательдерi мұнай өнiмдерiмен ластанған көлiк құралдарына жанар жағар май құюға рұқсат етiлмейдi.
6. Жылжымалы автожанар жағар май құю стансаларына
қойылатын талаптар
1) Жылжымалы жанар май құю стансаларын Қазақстан Республикасы ТЖА аумақтық мемөрттiқадағалау органдарымен келiсiлген алаңдарға орналастыруға болады.
2) Автоотын құятын және бұл мақсаттар үшiн тағайындалған басқа да техниканы автожанар жағар май құю стансалары ретiнде қолдануға рұқсат етiлмейдi.
3) Жылжымалы автожанар май құю стансаларын пайдаланар алдында:
бақылау-өлшеуiш аспаптары бойынша стансаның герметикалығын тексеру және көзбен шолу;
автожанар жағар май құю стансасының жерге қосылатын өткiзгiштерiн алаңның жерге қосу қондырғысына жалғастыру;
көлiк құралдарының отын багының астына қоятын қондырғы ретiнде тұғырық дайындау;
көлiк құралдарының автожанар жағар май стансаларына кiретiн жолдарға 1 м. шектейтiн бөгеу орнату;
ескерту белгiсi мен хабарлама қалқандарын орнату.
7. Электр жабдықтарын пайдалануға қойылатын талаптар
1) АЖС электр жабдықтарына қызмет көрсетудi, мұндай жұмыс түрлерiн жүргiзуге лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдар жүргiзедi.
2) Электр жүйелерi мен электр жабдықтарындағы барлық ақаулықтар тез түзетiлуi керек. Электр жүйелерi мен электр жабдықтарының бұзылған учаскелерi, оларды өрт қауiпсiздiгi жағдайына келтiргенге дейiн сөндiрiлуi тиiс.
3) Электр жабдықтарының, электр шырақтарының, электр өткiзгiштерiнiң, кабельдi желiлердiң және бөлiп таратқыш қондырғыларының бетiн шаңнан, батпақтан және мұнай өнiмдерiнен үнемi тазалап отыру қажет.
4) Электр жабдықтары ПЭУ бойынша жарылу қауiптi аймақтың класына сәйкес жөнделедi. Электр жабдықтарында шығарушы-зауыттың жарылыстан қорғану таңбасы болмаса, жарылу қауiптi аймақта пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
5) Жарылу және өрт қауiптi аймақтарда:
кернеу жерге қосылмаған жағдайда кернеу электр қондырғысына немесе оның ақауы болған жағдайда; ток жүретiн бөлшектермен кернеу жүрген жағдайда, сыртын ашуға;
электр жабдықтары автоматты түрде сөнгеннен кейiн оның себебiн анықтамай қосуға;
ток айқас тұйықталып және шамадан артық болып қорғаусыз болса, электр қондырғыны қосуға тиым салынады.
6) Жөндеу және реттеу жұмыстарын жүргiзу үшiн пайдаланылатын жылжымалы және тасымал электр қабылдағыштарына механикалық әсерге және мұнай өнiмдерiне тұрақты иiлмелi кабельдер мен желiсiнiң қабығы мыстан жасалынған сымдарды пайдалану қажет.
7) Жарылу қауiптi аймақтардағы үйлерге, ашық технологиялық алаңдарға, аппаратуралар мен басқа да технологиялық жабдықтарға уақытша жарық беру үшiн жарылыстан қорғайтын аккумуляторлы фонарлар қолданылуы тиiс.
Тасымал шырақтар ақаусыз және ПУЭ талабына жауап беруi тиіс.
8) Тасымал аккумуляторлы фонарларды жарылу қауiптi аймақтан тыс қосу және сөндiру қажет.
9) Жұмыс аяқталғаннан кейiн барлық электр жабдықтарын, қауiпсiздiк жүйелерiнiң электр жабдықтарын қоспағанда, сөндiру қажет.
Бөгде адамдарға сөндiрiлген электр аппаратураларына кiруге болмайды.
10) Электр шамдары мен қоректену көздерiн ауыстыру шырақтар мен фонарларды жарылыстан қорғауды қалпына келтiру есебiнен жүргiзiледi.
11) Электр жүйелерiнде және электр аппаратураларында айқас тұйықталу, ұшқын, кабелдер мен сымдарды айыруда қызып кетудi туғызатын барлық ақаулар, автоматты басқару және қорғау жүйелерi бұзылып, тоқтап қалса, оларды тезарада жою қажет.
12) Найзағайдан қорғау қондырғыларын тексеру және жөндеу әзiрленген регламентке сәйкес жүргiзiлуi тиiс.
Найзағайдан қорғау қондырғыларын сынаудан өткiзудi тексеру қорытындысы, сондай-ақ реттеу және жөндеу жұмыстарын жүргiзу арнайы журналға тiркеледi.
8. Сумен жабдықтау, өрт сөндiру және
байланыс құралдары
1) Сырттағы өрттi сөндiру өрт гидранттары немесе сиымдылығы 100 куб.м. кем емес өртке қарсы суаттар арқылы жүзеге асырылады.
2) Өрт гидранттары орналасқан жерлерде жарықты немесе тез өшiп қалатын ПГ деген әрiппен жазылған жол белгiлерi орнатылуы керек, жол белгiлерiнен гидрантқа дейiнгi ара қашықтығы метр және құбырларының iшкi диаметрi миллиметр санымен жазылған.
Өрт сөндiретiн суатта ПВ деген әрiптi индекспен жазылған соған ұқсас жол белгiлерi орналастырылады, су қоры кубметрмен және суат алаңына бiруақытта сиятын өрт сөндiретiн машиналардың саны санмен көрсетiлген.
3) АЖС үйлерi СН ВЗ. 1.1-98 "Үйлердi, ғимараттарды және құрылғыларды автоматтандырылған өрт сөндiру дабылдарының жүйелерiмен, автоматты өрт сөндiру және халыққа өрт туралы хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормаларының" талабына сәйкес автоматты өрт сөндiру дабылдарының жүйелерiмен жабдықталуы қажет. Тәулiк бойы адамнан босамайтын АЖС қызметкерлерiнiң үйлерiн өрт дабылдарымен жабдықтау қаралмаған.
4) АЖС өрт бола қалған жағдайда өртке қарсы қызметтi тезарада шақыру үшiн телефонмен немесе радиобайланысымен, сондай-ақ қатты дауысты байланыс жүйелерiмен жарақтандырылуы керек.
5) АЖС өндiрiстiк және қоғамдық үйлерi олардың өрт сөндiру қабiлетiне, аумағына және өрттiң тобына қарай осы ереженiң 3 қосымшасының талабына сәйкес өрт сөндiргiштермен қамтамасыз етiлуi керек.
6) Электр пульттерiнiң және ыдыстардың арматураларының жанғанын сөндiру үшiн көмiр қышқылды немесе ұнтақты қол өрт сөндiргiштерiн пайдалануды қарастыру қажет.
7) АЖС АЦ жанар май алаңының үстiн жабу үшiн әрқайсысының сиымдылығы 100 литрден тұратын жылжымалы екi ауа-көбiктi өрт сөндiргiшiмен қамтамасыз етiлуi тиiс.
Одан басқа, АЖС жылжымалы алғашқы өрт сөндiру құралдарымен мынадай есеп бойынша:
жанар май құятын 4 колонкаға 2 жылжымалы ұнтақты өрт сөндiргiштен (әрқайсысының сиымдылығы 50л), жанған жанар май құятын техниканы сөндiру үшiн 1 ауа-көбiктi өрт сөндiргiшiн (сиымдылығы 10л.) және 1 ұнтақты өрт сөндiргiшiн (сиымдылығы 5 литрден кем емес) қарастыру керек;
жанар май құятын 4-8-ге дейiн колонкаларға 2 жылжымалы ұнтақты өрт сөндiргiшi (әрқайсысының сиымдылығы 50л), жанған жанар май құятын техниканы сөндiру үшiн 2 ауа-көбiктi өрт сөндiргiшi (сиымдылығы 10л) және 2 ұнтақты өрт сөндiргiштерi (сиымдылығы 5л) қажет. Өрт сөндiргiштердi жанар май құятын шұңқырларға орналастыру керек.
АЦ жанар май құятын алаңының әрқайсысына 2 жылжымалы ұнтақты өрт сөндiргiшi (сиымдылығы 50л), АЦ жанған жағдайда соны сөндiру үшiн қажет. АЖС жанған жанар май құятын техникасын сөндiру үшiн мұндай өрт сөндiргiштерi болған жағдайда АЦ өрттi сөндiру үшiн қосымша өрт сөндiргiштерi қарастырылмайды.
8) Жылжымалы автожанар май стансаларын сиымдылығы 10л бiр ауа-көбiктi өрт сөндiргiшiмен және сиымдылығы 5л ұнтақты бiр өрт сөндiргiшiмен жарақтандыру қажет.
9) Өрт сөндiргiштердiң орналасқан жерi тиiстi көрсеткiш белгiлерiмен белгiленуi тиiс.