Кредиттiк серiктестiктердiң жарғылық және меншiктi капиталдарының ең аз мөлшерi туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасы 2000 жылғы 13 қазан N 391. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 қараша N 1289 тіркелді. Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасы 2000 жылғы 9 қазан N 381. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 қараша N 1290 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 223 қаулысымен.

      Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың клиенттерiнiң мүддесiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Жаңадан құрылатын мынадай серiктестiктер үшiн жарғылық капиталдың ең аз мөлшерi былайша белгiленсiн:
      1) кредиттiк-депозиттiк серiктестiктер үшiн - 100 млн. теңге;
      2) кредиттiк серiктестiктер үшiн - 100 млн. теңге;
      3) ауылдық кредиттiк серiктестiктер үшiн - 1 млн. теңге.
      2. Меншiктi капиталының ең аз мөлшерi былайша белгiленсiн:
      1) кредиттiк-депозиттiк серiктестiктер үшiн - 100 млн. теңге;
      2) кредиттiк серiктестiктер үшiн - 10 млн. теңге;
      3) ауылдық кредиттiк серiктестiктер үшiн - 1 млн. теңге.
      3. Осы қаулының 2001 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшiне енгiзiлетiн 2-тармағының 2) тармақшасынан басқасы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      4. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкының аумақтық филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсiн.    

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

О минимальных размерах уставного и собственного капиталов кредитных товариществ

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 октября 2000 года N 391. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 ноября 2000 года за N 1289. Утратил силу - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 4 июля 2003 г. N 223

 

      В целях обеспечения финансовой устойчивости кредитных товариществ и защиты интересов их клиентов Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:
      1. Установить минимальный размер уставного капитала для вновь создаваемых:
      1) кредитно-депозитных товариществ                   - 100 млн. тенге;
      2) кредитных товариществ                             - 10 млн. тенге;
      3) сельских кредитных товариществ                    - 1 млн. тенге.
      2. Установить минимальный размер собственного капитала:
      1) для кредитно-депозитных товариществ               - 100 млн. тенге;
      2) для кредитных товариществ                         - 10 млн. тенге;
      3) для сельских кредитных товариществ                - 1 млн. тенге.

      3. Настоящее постановление ввести в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, за исключением подпункта 2) пункта 2, который вводится в действие с 1 сентября 2001 года.
      4. Департаменту банковского надзора (Мекишев А.А.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан, банков второго уровня и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Жангельдина Е.Т.

    

     Председатель
  Национального Банка