Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың клиенттерiнiң мүддесiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жаңадан құрылатын мынадай серiктестiктер үшiн жарғылық капиталдың ең аз мөлшерi былайша белгiленсiн:
1) кредиттiк-депозиттiк серiктестiктер үшiн - 100 млн. теңге;
2) кредиттiк серiктестiктер үшiн - 100 млн. теңге;
3) ауылдық кредиттiк серiктестiктер үшiн - 1 млн. теңге.
2. Меншiктi капиталының ең аз мөлшерi былайша белгiленсiн:
1) кредиттiк-депозиттiк серiктестiктер үшiн - 100 млн. теңге;
2) кредиттiк серiктестiктер үшiн - 10 млн. теңге;
3) ауылдық кредиттiк серiктестiктер үшiн - 1 млн. теңге.
3. Осы қаулының 2001 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшiне енгiзiлетiн 2-тармағының 2) тармақшасынан басқасы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
4. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкының аумақтық филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы