Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Банктердiң қызметiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 V001189_ қаулысымен бекiтiлген Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтiру және банктердiң қажеттi ұйымдастыру-техникалық iс-шараларды аяқтауы мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 V001189_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн:
1) 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап" деген сөздер "2000 жылғы 1 қазаннан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап" деген сөздер "күшiне енгiзiлген күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан
Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу
шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет мииистрлiгiнде мемлекеттiк
тіркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiмде осы қаулыны
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші
деңгейдегі банктерге жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Багарова Ж.А.